Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР мен ОЙЫНДАР (1 бөлім)


9 октября 2017, 03:48 | 5 512 просмотров



Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарға көшпес бұрын бала жасына байланысты ұсақ моториканың ерекшеліктерін атап көрсеткенді жөн көрдік:3-6 айдаo Бала қолын аузына апарады. o Қолдың қимылын көзбен қадағалайды. o Көрген затына қолын созады және алады.6-12 айда o Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. o Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.1-2 жаста o Шимайлар мен сызықтар сала алады. o Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. o Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады.o Кітаптарды парақтай алады. o 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.2-3 жаста o Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. o Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады.o Ірі моншақтар тізе алады.3-4 жаста o Қаламды дұрыс ұстай алады. o Нүктеленген суреттерді бастыра алады.o Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады.o Қағазды бүктей алады.4-5 жаста o Қарапайым пішіндерді бояй алады.o Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады.o Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. o Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады.o Ермексазбен жұмыс жасай алады. o Бау байлай алады.5-6 жаста o Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. o Әріптер мен сандарды жаза алады. o Балғамен шегені ұра алады.o Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.Моншақтармен ойынЕкі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.Баулармен ойындар Сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.Қысқыштармен ойындарҚысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.Сурет салуСурет салу – Барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.Ермексазбен ойынЕрмексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалаiwр ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі хендгам шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасының дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.Қағазбен жұмыс.Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады. Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшан теңіз.Айман Қайратқызы«Интеллектум» балаларды интеллектуалды дамыту ортылығының маманы.Инстаграм: @intellectum_bakittiotbasi

Автор:
bakittiotbasi.kz