Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өрт қауіпсіздік еліне саяхат


27 сентября 2017, 15:38 | 1 855 просмотров



Алматы облысының мектепке дейінгі мекемелеріндегі балалармен өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау құтқарушылардың ерекше назарында.

Мәселен, Талдықорған қаласындағы №1 балабақшасында Алматы облысы ТЖД, Талдықорған қаласының Өрт сөндіру басқармасы, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты-тәрбиеленушілерді не бір төтенше жағдайлар шарттарында өзін дұрыс ұстауды үйрету.

Жоғарғы және мектепке дайындайтын топтар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша эстафета ұйымдастырылды. Балалар өз ептілігін, тапқырлығы мен қарсыластарына шыншылдық қарым-қатынасын көресте білді . «Жануарларды өрттен құтқару», «Өрт сөндірушілер», «Өрттің алдын-алу» эстафеталары бойынша кедергілер алабынан өтті.

ТЖ қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесі соңында балалар өрт сөндіру техникасымен таныстырды.

Іс-шараның соңында балабақша меңгерушісі-балаларды қауіпсіз іс-қимылға оқыту-оңай міндет емес екенін ерекше атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Автор:
Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»