Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматыда ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің конгрессі өтеді


27 мая 2010, 23:57 | 2 209 просмотров


Ақпарат ағыны

Алматыда 25-28 мамыр аралығында Қазақстан урологтарының съезі мен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері атты конгресс өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Урология ғылыми орталығының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы №14 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласында 25-28 мамыр аралығында «Зәр шығару жүйесінің инфекциялары», «Лапароскопия-

лық урология», «Ерлер денсаулығы» тақырыбында Қазақстан урологтарының съезі және «Еуразиялық экономикалық қоғамдас-

тыққа мүше елдердегі ерлердің репродуктивтік денсаулығы мен демографиялық процесстердің стратегиялық мәселелері» атты II Еуразиялық андрологиялық конгресс өтеді.

Съездің жұмысына жақын және алыс шет елдердің жетекші урологтары қатысады. Сонымен қатар съезд шеңберінде Еуропалық урологтар мектебінің курсы және урологиялық саладығы орта медициналық қызметкерлер үшін білім беру семинары өтеді.

«Қазақстан урологтарының съезі мен II Еуразиялық андрологиялық конгресс урология мен андрология саласындағы ғалымдар мен практикалық дәрігерлердің білімі мен тәжірибесін интеграциялау алаңы болып табылады. Ал, съезде талқыланатын урологиялық қызметті ұйымдастыру, зәршығару жүйесінің инфекцияларын емдеу мен диагностикалауға қатысты жаңа әдістер, Қазақстанда лапароскопиялық урологияны дамыту мәселелері отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға және де дәрігер мамандығының беделін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдас-

тырылып отырған Еуропалық урологтардың курсы - Қазақстан урологтарының білім алуы үшін бірегей мүмкіндік, ал урология саласындағы орта медициналық персоналдар үшін Қазақстанда алғаш рет білім беру семинары өтеді»,- деп хабарлайды орталық.

Автор:
«ЖД» ақпарат