Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстан мен Түркия қатынасы...


27 мая 2010, 23:57 | 1 927 просмотров



Ақпарат ағыны

Қазақстан мен Түркия Алматыда кардиологиялық аурухана мен емхананы салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында бүгін Астанадағы Қазақстан-Түркия бизнес форумында таратылған мәліметтерде айтылған.

Айта кетейік, аталған нысандардың құрылысы бойынша меморандумға бизнес-форум аясында қол қойылмақ.

«Жоба Алматыда аумағы 2500 шаршы метр кардиологиялық аурухана мен емхананың құрылысын қарастырып отыр»,-делінген таратылған мәліметтерде. Тартылатын инвестицияның құны 30 миллион АҚШ долларын құрайды.

Тиісті құжатты «Kaznex Invest» Экспорт және инвестиция бойынша ұлттық компания» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Аринов және «Sema Eрitim Црretim Isletmeleri ve Saрlik Hizmetleri Anonim Sirketi» компаниясының өкілетті өкілі Джандан Фарук бекітеді