Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Кофе күдік тудырды


28 мая 2010, 05:57 | 1 720 просмотров


Қазақстандағы Nestle компаниясы дүкендерде сатылып жатқан NESCAFE кофесінің бірқатар түрлерін қайтарып алатынын мәлімдеді. Компания уатылған кофенің ішінде ұсақ шыны ұнтақтарының болуы мүмкін екендігін ескертеді. Кофедегі шыны бөлшектерін алдымен осы сусынды көп ішетін ағылшын, француздар анықтап, шу шығарған екен. Ресейде жоғарыда аталған кофенің түрлерін сатуға тыйым салынып, компанияға қайтарылған. Бізде тұтынушылардан әзірге ешқандай арыз түспегендіктен, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС өнімдерін енді ғана тексеруге кірісті. Тұтынушылар кофеден шыны ұнтақтарын тауып, арыз түсірмейінше арнайы тексеру жүргізуге болмайды екен. «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС маркетинг-менеджері Ілияс Юсуповтың айтуынша, Alta Rіca, Cap Colombіe, Estet, Kenjara және Espresso аталатын кофе Қазақстанға аса көп әкелінбеген. Өз өнімдерін жіберген Қазақстандағы барлық сауда орындарына, серіктестері мен клиенттеріне тиісті хат жазылып, ескертілген. «Тұтынушыларға қатысты айтатынымыз: аталған кофе түрлерін әзірге ішуді тоқтата тұрғандары дұрыс.

Автор:
«ЖД» ақпарат