Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Астанада денсаулық сақтау форумы өтті


27 мая 2010, 23:56 | 2 490 просмотров



Бұл форум Еуропалық Одақтың «Орталық Азия Инвест» бағдарламасының қолдауымен «Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда тұрақты серіктестік қарым-қатынасты құру: денсаулық сақтау секторында Орта және Орталық Азия елдеріндегі делдал ұйымдардың ролін нығайту» жобасының шеңберінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның мақсаты - кәсіби қауымдастықтар мен Қазақстан Үкіметінің арасында диалогты ынталандыру, Еуропа Одағы, Қазақстан және тұтастай Орталық Азия аймағы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл форум Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп жатқан жылы өткізілетіні есте қаларлық, деді Форумға қатысушылар. Күн тәртібінде - денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу, озық медициналық техниканы енгізу және қолдану төңірегінде тәжірибе алмасу, Еуропа Одағы елдерінде шығарылған медициналық жабдықты сатып алу кезінде жоғары технологиялы медициналық техникамен жұмыс істейтін мамандардың жеткіліксіздіне байланысты туындайтын проблемалар және медициналық техникамен жұмыс істеу үшін біліктілікті үнемі арттыру қажеттілігі мәселелері талқыланған.

Жиынға SPECTARIS неміс жоғары технологиялар қауымдастығы, «Қазақстанның ФармМедИндустрия» қауымдастығы, Медициналық техниканы жеткізушілер қауымдастығы, «Қазақстанның МедФарм» қауымдастығы, Қазақстан кәсіпкерлері форумы, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі, Өзбекстан Республикасының Ташкент облысының сауда-өнеркәсіп басқару палатасы, Бішкек іскерлер клубы, Германия денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялар одағы, FENIN Испан салааралық бірлестігі, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатысты.Сонымен қатар Форумға кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, Қазақстан мен Германияның кәсіпкерлері, медициналық мекемелердің, оқу орындары мен ғылыми орта өкілдері қатысты. Форумда министрліктер өкілдерінен басқа «Астана Жаңа Университеті» АҚ вице-президенті Алмаз Шарман, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Сыздық Баймұқанов, Карл Цайс Медитек компаниясы басқармасының төрағасы Ульрих Краусс, Карл Шторц ГмбХ және КоКГ компаниясының халықаралық бизнес- даму бағытының басшысы Петер Лазер баяндамалар жасады. Форум шеңберінде «Орталық Азияның денсаулық сақтау секторында импорттық жабдықпен жұмыс істеуде кәсіби кадрлардың тапшылығы. Ағымдағы жағдай және мүмкін болатын шешімдер» деген тақырыпқа пікірсайыс өтті. Оған баяндамашылармен бірге қазақстандық компаниялардың өкілдері: «МедКонцепт» ЖШС - Регина Субботина, «Медикус Евразия» ЖШС- Қайрат Сейсенов, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ медициналық мекемесі - Шыңғыс Жаңабаев, сондай-ақ Фрайбург қаласы Университеттік клиникасынан келген қонақтар - Туттлинген қаласы Жоғары кәсіби оқу орнының профессорлары д-р Керн және д-р Бёрдекер қатысты. Денсаулық сақтау форумы Еуропа Одағы қаржыландыратын жоба шеңберінде іске асырылады. Іс-шара аяқталған соң Форумдағы неміс делегациясы Астана қаласының медициналық ұйымдарына - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына, Республикалық диагностикалық орталыққа, Республикалық нейрохирургия орталығына барды. Бұл ұйымдар соңғы үлгідегі медициналық техникамен жабдықталған және Ұлттық медициналық холдинг құрамына кіреді.

Автор:
www.kt.kz