Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ХАЛҚЫМЫЗ ЖАНАРЫҢ СОЛМАСЫН, ДЕМЕЙ МЕ?..»


28 мая 2010, 05:55 | 1 981 просмотр



Клара Бұрманқызы Жолмағанбетова, Талғар балалар емханасының бас дәрігері:

Негізгі туған жерім - Қарақалпақстан. Осында 1991 жылы тәуелсіздік алған жылдары қайта оралдық. Ата-анам отбасымызбен алғашында Есік қаласына көшіп келдік. Содан кейін 1996 жылдан бері Талғар қаласында тұрып жатырмыз. Мектеп бітіргеннен кейін, Ташкент педиатрия институтын аяқтадым. 1998 жылы дәрігер-педиатр мамандығын алып шықтым. Алғаш Есік қаласында поликлиникадан жұмыс бастадым. Онда екі жыл жұмыс жасаған соң, Талғар ауданына ауыстым. Қазіргі таңда Талғар балалар емханасында көз дәрігері болып қызмет етудемін. Екі рет мамандығымды жоғарылату мақсатында қосымша білім алдым.

-Не үшін дәрігер мамандығын таңдадыңыз?

-Бала кезімнен ата-анама көп көмек көрсеттім. Өзімнің сол шақтағы арманым – отбасымды емдесем, жанарың солмасын деген нақылды орындасам дейтінмін. Кейін соған екі-үш жыл дайындық жасадым. Алайда, өз талабым осындай болғандықтан.

Балалар емханасы бөлімінің жұмысы – бүкіл аудан көлемін қамтиды. Төрт мамандық бар. Көз дәрігері, лор, хирургтар қызмет атқарады. Аптасына екі рет аудандарға шығып, қаралуға тиіс балалардың барлығын алдын-ала тексеру (профилактикалық) өткіземіз (жасына қарай). Дер кезінде емдейміз, алдын-ала тексереміз. Күніне 50-60 бала қаралады.

- Балалар арасында қандай аурулар жиі кездеседі?

-Бізде коньюктивит жиі кездеседі. Бұл тазалық гигиенаны сақтамағаннан пайда болатын көз ауруы. Ветрянка, тұмау сияқты әртүрлі аурулар тек өкпе, тыныс жолдарына ғана емес, сонымен бірге көзге де көп залал тигізеді. Сонымен бірге, бүгінгі күні компьютер, телевизорларды көп қарағандықтың салдарынан, балаларда миопия (жақыннан көру) ауруы пайда болады. Ауруды дер кезінде алдын алып, қалпына келтіруге болатын да жағдайлар кездесіп жатады. Біз диспансерлік есепке алған балаларды жылына екі рет көктем және күз мезгілдерінде қараймыз. Көзілдірікпен коррекция жасаймыз. Қажетті дәрумен береміз. Қосымша жаттығулар жасаймыз. Емханамызда емделудің барлығы тегін.

-Бір күнгі жұмыс уақытыңыз жайында айтып берсеңіз?

-Таңертең жұмыс уақытымыз 9-да басталады. Қабылдауға келген ауруларды, солардың ішінде тексерілуі қажет балаларды қараймыз. Олардың қатарында, бір жасқа дейінгі балалардан бастап мектеп оқушыларын да толығымен тексерістен өткіземіз. Мектеп жасындағы балалар, көбінесе көзінің көруінің төмендеуін шағым етіп келеді. Оларды алдымен визуалды тексеріп аламыз, содан кейін көздің көру жітілігін таблица Ситвеца арқылы анықтаймыз.Алдымен оң көзді, содан сол көзді тексеріп, қай көзде қандай ақаулық бар соның барлығын анықтап, көздің коррекциясын, арнайы линейкамен сет чаткада болып жатқан процессті , көз түбін тексереміз, көз түбінің тамырын көреміз. Қосымша аурулары бар ма, қан аздық, жүйке аурулары сынды – барлығына назар аударамыз. Одан соң көзілдірік таңдаймыз, әр көзге жеке-жеке. Арнайы рецепт жазып береміз. Келген ата-аналарға барлығын түсіндіріп, мысалы, коньюктивитпен ауырып келген бала болса, көзді қалай жуу керек, фурацилин ерітіндісін қалай дайындау керек барлығын көрсетеміз.

Кей кездері көзге бөгде нәрсенің түсіп кетуі белгілі болса, оны дереу облыстық ауруханаға жібереміз. Операцияға кеткен адамдар болды?

Катаракта ауруымен түскен нау-

қас болды. Ең алғаш балаларды алты айында тексеруге әкеледі. Біз баланың коньюктивасын, жанарын, қарашықтарын жақсылап мұқият тексереміз. Сол уақытта хрусталиктін бұлдырланғанын байқасақ,оны тексереміз. Қосымша тексеруге жібереміз.

Мейірбикем – Тамара Борисовна Доронина

Бізде 2006 жылдары әрбір мектепке балалардың көз жанарын тексерту мақсатында әрбір мектепте кабинет ашу керек болатын. Медбикелер дайындықтан өтті, бірақ жоспар іске асқан жоқ. Кабинеттің жабдықтануы әлі де нашар.

- Қызметіңіздің қиыншылығы қандай?

- Әрбір маман өз ісін барынша ықыласпен жасайтын болса, онда ешқандай қиыншылық болмайды деп ойлаймын.

- Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз?

- Ата-анам өмірге төрт ұл, төрт қыз әкелген. Барлығын оқытты, жеткізді. Әкем 2007 жылы дүние салды. Оқимын, жұмыс істеймін деп отбасын кеш құрдым. 2008 жылы отбасылы болдым. Жолдасым – теміржолда жұмыс жасаған, қазір күзетшілік қызметте.

- Арманыңыз бар ма?

- Арманым – еліміз аман болса деймін, бейбітшілік өмір болсын деген арманым бар.

-«Жәрдем» газетіне тілегіңіз?

- Газетті сүйіп оқимын. Түрлі дәрігерлердің нұсқауларын пайдаланамын, өзімізге қажет жаңалықтарды біліп тұрамын. Алғысым шексіз. Газеттің шығармашылық ұжымына өрлеу, оқырмандар ықыласына бөлене беруді тілеймін!..

Автор:
Сұхбатты жүргізген Әлия ТІЛЕУЖАН