28 августа 2017, 05:03 | 2 306 просмотров
Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ қоры 2015-2016 жылдары 300 мыңдай бүлдіршін ата-анасы немесе үлкендердің көмегінсіз шекара асып кеткендігін мәлімдеді.Екі жылдың есебі бойынша жасалған баяндамада мұндай сипаттағы балалардың 170 мыңнан астамы Еуропаға келуді көздегені атап көрсетілген. Ал 2016-2017 жылдары Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен бүлдіршіндердің 92%-ы өз бетімен келген. Олардың дені Африкадан: Эритрея, Гамбия, Нигерия, Египет және Гвинея елдерінен шыққан. Мәліметтерге қарағанда, балалардың жанашырынан айырылу себептері әртүрлі. Кейбірін шетелге ата-анасының өзі жіберген болса, енді бірі аласапыран кезінде адасып қалған. Арасында адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың құрбандары да бар екен.