Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шын жүректен - от всей души!


27 мая 2010, 23:53 | 2 223 просмотра


Ақ тілек

Күні кеше ғана Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының директоры Ұлтай Дауылбекқызы КІЛТБАЕВА туған күнін атап өтті. Саналы ғұмырын денсаулық саласына арнаған ақ желеңді абзал медицинаға жайдан – жай келген жан емес. Ол тумасынан дәрігер болуды, адам денсаулығының сақшысы болуды мақсат тұтқан – ды. Қатардағы дәрігерден өскен Ұлту Дауылбекқызы бүгінде облысымыздағы ірі денсаулық сақтау мекемесін басқарады. Жаңашыл, талапшыл, ұжымының ұйтқысы атанған білікті де білімді жоғары санатты дәрігер қуаныш иесіне ауыр да құрметті жұмысында тек табыс, отбасында амандық, бақыт пен шаттыққа толы күндер тілейміз. Еңбегіңіздің жемісі мен жеңісі қатар жүрсін!

Автор:
Ізгі ниетпен «Жәрдем» қоғамдық-медициналық газетінің ұжымы. Бұл тілекке Алматы облыстық «НОНИ» компаниясы өкілеттілігінің жетекшісі Жұлдызай Омарқұлова да қосылады.