Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жанұяға дайындық.


8 августа 2017, 05:16 | 1 996 просмотров



Бір мамандықтың иесі атану үшін адам жарты ғұмырын оқумен, білім алумен өткізіп жатады. Ал жанұяда отағасы, отанасы, әке, ана деген атақтарды дайындалмай алып аламыз да, оны іске асыры алмай, ол мамандықтардан ажырап жатамыз. Біріміз әкелік, біріміз аналық атақтан ажыраймыз. Кесірі болса өздерімізге, балаларымызға тиеді. Бізге жанұя құрмастан бұрын осы екі атақтың иегері болуына дайындалып алуымыз қажет. Өзіңіз ойланызшы бір маңызды іске кіріспес бұрын, оны үйреніп, біліп алмайынша кіріспейміз ғой, өйткені білместіктен бүлдіріп аламыз ба деп қорқамыз, бірақ жанұя өміріне келгенде, дайындықсыз секіре алмайтын арықтан аттаймыз кеп. Менің ойымша бұлай жасау дұрыс емес!!! Кемінде жанұя құрмастан бұрын үлкен кісілерден ақыл сұрап, байыпты кісілермен ақылдасып, кітап оқып, кішкене болса да дайындалғанымыз абзал."Отбасы мектебі" ФБ парақшасынан алынды.

Автор:
bakittiotbasi.kz