Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бүгінгі Қызылағаш


14 мая 2010, 11:57 | 1 499 просмотров



Екі ай бұрын қайғы жамылып, салы суға кеткен, үйінді астында қалған қызылағаштықтардың бүгінгі халі басқаша. Аз күнде естерін жинап алғандай, үйінді астында қалған үйлерін тазартып, жаңа үйлерінің іргесін қалап, қабырғасын тұрғызып жатыр... Құрылыс жұмыстары да қызу қарқынмен жүріліп жатыр... Біз барған күні 40- тан астам үйлердің қабырғасы көтеріліп, ауыл тұрғындарына қолданысқа беріліпті. Тұрғын үйлермен қатар, түрлі құрылыс нысандары да бой түзеп келе жатыр екен. Ауылға су тартылып, электр желісі мен байланыс орнатыла бастапты. Кешегі - үйінді, бүгінгі – жаңа ауыл!.. Қызылағаш ауылында қазір тіршілік тынысы қайта жанданды...

Апат орын алған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалап, үнемі қатаң назарда ұстап, күні-түні қарайласып жүрген дәрігерлердің қызметіне қалайша бас имеске?!. Облыстық, аудандық дәрігерлерді былай қойғанда, тіпті Қызылағаш ауылдық амбулаториясының дәрігерлерінің ерлігін білсеңіз ғой!..

Қапаста жерлестеріне қол ұшын созған мамангерлердің шеберлігі мен қызметін ескерген, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Талдықорған қаласындағы филиал өкілдері ауылға ат басын бұрып, дәрігерлермен кездесті. Аталмыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Виктор Дрозд ауылдық амбулаторияның бірінші қабатын паналаған 18 дәрігерге жекелей 100000 теңгедей қаржылай көмек тапсырды.

Виктор Дрозд - Талдықорғандағы ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының филиалының төрағасы:

- «Біздің ұйым медицина қызметкерлеріне көмегін аямаған, аямайды да. Облыста орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларға ал-

ғаш болып үнемі көмек қолын ұсынып отырамыз. Мысалы, былтыр Текелі қаласына да, ауқымды көмек көрсеттік. Сол сияқты, Қызыл-

ағаш тұрғындары да, үнемі біздің назарымызда. Біз бағынатын - Астана қаласындағы Орталық комитет 500000 мың теңге бөлген болатын. Атырау, Петропавл, Көкшетау, Шымкент қала және облыс орталықтарындағы әріптестеріміз шотымызға ақша аударған болатын. Кәсіподақ жарнасынан 1 миллион 800 теңгені жинап, осында келіп, өз көзімізбен көріп, табыстап кетуді мақсат тұттық. Ауылдың бас дәрігерінен бастап, көлік жүргізушісіне дейін 100000 теңгеден табыстап, дәрігерлердің ризашылығы мен алғысына бөленіп жатырмыз.