Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бүгінгі Қызылағаш


14 мая 2010, 11:57 | 1 924 просмотра



Күн тақырыбы

Егінсу ауылының 3 дәрігерінің тізімін алдық. Соған көмек көрсетуге тырысамыз», - деп апаттың қаншалықты болғанын көзге елестеткендей, сөз соңын кейінге қалдырды. Түсінеміз, әрине, апаттың аты – апат... Десек те, бізде оған қол созатын, жәрдемдесетін еліміз бар! Жәрдемге ие болғандар мыналар:

1.Касимова Ж.

2.Амалбекова Д.

3.Ақжолбекова Г.

4.Баякенова С.

5.Тулеукулова К.

6.Насылбек Г.

7.Сагимбекова Б.

8.Кожахметова Р.

9.Кожахметова А.

10.Байболатов А.

11.Байдәулетова Н.

12.Ерғалиева С.

13.Абеев Қ.

14.Рамазанов Т.

15.Джакупбеков О.

16. Джакупбеков А.

17.Жұмабаева М.

18.Ерсүгіорва К.

БІз барған күні - Мамыр айының 11-жұлдызында, Ақсу аудандық Денсаулық бас-

қармасы мен Алматы облыстық азаматтық Альянсы ұйымдастыруымен «Мы – одна команда!» («Біз сіздермен біргеміз!») акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – қалалық және аудандық дәргерлері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсету.

Ким Людмила - Алматы облыстық азаматтық Альянсының атқарушы директоры:

- «Біз аудандық денсаулық сақтау басқармасы мен бірігіп, апаттан соң екі ай өткен соң осы акцияны ұйымдастыруды мақсат тұттық. Ауданнан және қаладан бір топ дәрігерлердің басын құрап, осында келіп, қызмет түрін көрсетіп жатырмыз. Біздің отрядымыздағы дәрігерлердің бәрі өз еркімен, тегін қызмет көрсеткісі келіп, шынайы ниет білдіріп, таң атпастан осында келіп алды. Ауылдық дәрігерлерінің күнделікті көмегі бір бөлек, анау қаладан көмек беруге келген дәрігерлерді көргендегі тұрғындардың қуанышын айтсаңшы!.. Тұрғындарға 11 маман иелері демалыссыз қызмет көрсетуде. Қазір қабылдауы ең көп маман – окулист, жұқпалы ауру маманы....сондай-ақ, педиатрдың да кабинет алдында ұзын кезекте тұр.

Бұл акция - тек бастауы ғана. Әрмен қарай өз жалғасын табады деп үміттенемін. Біздің акциямызды «Қазақстан», «Хабар», «КТК», «Жетісу» телеарналары да қолдап, бүгін келіп жатыр.»

Жұмагелдин Әшімғали - Ақсу аудандық Денсаулық басқармасының бас дәрігері:

«Біз – медицина қызметкерлері – халықпен бірге екендігімізді айқайлап айтқымыз келеді. Соның бір жарқын дәлелі ретінде осы акцияны ұйымдастырып отырмыз. Бұрын жариялап жүрген ек, соны естіген халық асыға күтіп жүр еді... Оңтайлы сәті бүгін түсіп, бұл акцияның қарқынды өтіп жатқанына ауыл жұртшылығы риза болып жүгіріп жүр. Өзіңіз көріп тұрғандай, 3 ауылдан ағылып келіп жат-

қан зардап шеккен тұрғындар асықпай кезекке тұрып, тексерістен өтіп жатыр. Кешке дейін жалғасатын бұл акция барлық ауыл тұрғындарын қамтиды. Бұл жерде сапалы да кәсіби қызмет түрлері көрсетіліп жатыр.

Бұл акцияның алдында – біз облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен дала шатырында кезек ұйымдастырдық. Мұнда әр ауданнан келген бір топ дәрігерлер 5 күннен күні-түні қызмет көрсетіп, қайтып жатыр. Қазір, міне дала шатырында кезекте тұрған Текелі қаласының бір топ дәргірлері.

Жалпы мұнда 523 бала бар, соның түгелі дерлік медициналық сараптамадан өтіп, тексерілді. Оның 150-уі жақында Көкшетауға 10 күнге барып, демалып, тынығып келді. Оқушылары Жансүгіров кентінде орнығып, оқуларын әрмен қарай жалғастырып жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен адам саны – 2850. Бұлардың барлығы 100 пайыз жылжымалы флюра машинасында тексерістен өтіп, толықтай қаралып бітті. Тек 2850 адамның ішінен 1 адамнан ғана түберкулездің бас-

тапқы түрі анықталып отыр. Ол науқасты дер кезінде госпитальға жатқызып, тиісті емін алуды қадағалап жатырмыз. 2 айдың ішінде 2 әйел нәрестелі болды. Олардың өздерін де, нәрестелерін де бақылауға алып, үнемі тексеріп жүрміз.

Ауылдық мини-центрмен де қоян-қолтық араласып жатырмыз. Күн сайын таңертең біздің педиатріміз барып, балаларды бір тексеріп келеді. Күндіз-түні істейтін дәріхана да ашылды жақында. Ауыл тұрғындарына тегін, ал құрылыста жұмыс жасап жүрген 5000 қызметкерлерге қаржылай түрде түрлі дәрі-дәрмек түрлері сатылады.

Ауылдық медицина қызметкерлері де осы зұлматты өткерген-тін. Сол себепті, оларға осы амбулаторияның бірінші қабатынан үш бірдей бөлмені бөліп берген болатынбыз. Алайда, ертеңнен бастап бұл нысанға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болғандықтан, дала шатырына көшуге тура келіп отыр. Енді ауыл тұрғындарын дала шатырында қабылдайтын боламыз. Жалпы бұл амбулатория жаңарып, жұмысқа кіріскенше, ауылдың тұрғындарының әрқайсысы өз үйлеріне кіргенше біз бәріміз бірігіп қалтқысыз қызмет етеміз!»

Данабатыров Камал – Ақсу аудандық ауруханасының тіс дәрігері:

«Аудан орталығынан Қызылағашқа таңғы 8 де келдік. 4 сағаттың ішінде барлығы 34 адам қабылдап үлгердім. Көбісіне - консультациялық кеңес бердім. Тек 3-еуінің ғана тісін осы жерде жұлып, тиісті дәрі-дәрмегін жазып бердім. Осында арнайы аспаптарымызды алып келген болатынбыз. Кешке дейін бәрін тексеріп, бақылауға аламыз деп ойлаймын. Аудан мен қала дәрігерлері өзара тіл табысып, етене араласып жатқанына қарап ризамын.»

Сұранбеков Тұрсынғали – Талдықорған қалалық емханасының хирургі:

«Талыдқорған мен Ақсудан келген бір топ дәрігерлер таңғы сағат 8 ден жұмысымызға белсене кірісіп кеттік. Мен дәл қазіргі уақытқа дейін 20 шақты адам қабылдадым. Тұрғындардың көп шағымы – буын ауруы, операциядан кейінгі түрлі аурулар. Солардың бәрін асықпай тексеріп, керек дәрісін жазып беріп, нұсқаулық беріп жатырмын. Көбі – 60 ты алқымдаған үлкен ата-әжелер. Орталыққа апарып жатқызу керек болса жолдама жазып беріп жатырмыз.»

Құрманғалиев Мұрат - Облыстық денсаулық басқармасының құпияларды қорғау бөлімінің бастығы:

«Біз оқиға орын алған уақыт – 12 наурыздың таңынан бастап осындамыз. Осы күнге дейін далада лагерьде тұрып келдік. Бүгін бәрін аяқтап, аспаптарымызды жинап, қайт-

қалы жатырмыз. Өйткені, қауіп-қатер азайды, ауру адам саны да, сиреді. Қазір жергілікті Ақсу ауданының өз дәрігерлері қызмет ететін болды.

30 наурыздан бастап біз 1542 адамға қызмет көрсетіппіз. Алғашқы жедел жәрдем түрін 40 адамға көрсеттік. Аман алып қалуға тырысып, бағып, бүкіл күшімізді салдық. Қызылағаштықтармен бірге екендігімізді біздің атқарған жұмыстарды мына болып жатқан акция аңғартып жатыр.»

Темірбекова Бақыт – Қызылағаш ауылдық дәріханасының сатушысы:

«Бұл біздің ауылдағы жалғыз әрі алғаш ашылған дәріхана. Контейнердегі бұл дәріхана сәуір айының 14-нен бастап өз жұмысын бастады. Алғашында ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, мұнда құрылысшыларға арналған арнайы дәрі-дәрмектер де баршылық. Қазір көп сұранысқа ие болып тұрған – жөтел, суыққа қарсы дәрілер. Таңғы сағат 08-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін осы жерде отырамын.»...

Біздің бұл бұл жолғы сұхбатымыз осылай жалғасты. Алда тағы да уақыт, алда тағы да жоспарлар бар. Сол нысананы «Жәрдем» газеті бұдан былай да өз назарында ұстайды.

Автор:
Әлия Тілеужан, Талдықорған-Қызылағаш-Талдықорған