Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы Райымбек ауданында жылжымалы тәсілмен сабақтар өткізілді


29 мая 2017, 13:16 | 603 просмотра



Қазақстан Республикасының, сонын ішінде Алматы облысының халқының басым бөлігі жоғарғы тәуікелді аумақта тұрады, сондықтан Азаматтық қорғаудың негізгі функцияларының бірі табиғи және техногенді апаттардың шығындарын азайтуға бағытталғын кешенді алдын алу іс-шаралары болып табылады. Бұл үшін халықты төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге жалпы дайындықты қамтамасыз ету қажет.

Табиғи және техногендік саласындағы алдын алу және қорғану іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде анықталған. Шаруашылық нысандардың нақты  іс-шаралары , аумақта және адамдардың жұмыс орнында, үйде нақты  іс-әрекеттері аудан, мекеме және кәсіпорындардың азаматтық қорғаныс жоспарларында, әрбір адамның жеке жоспарында  жазылады, сейсмомашықтану және оқу-жаттығулар барысында іске асырылады.

Яғни, 2017 жылдың 29 желтоқсанында № 01-18/12458 облыс әкімі-азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен  «2017 жылдың облыстық азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдырын  және күштерін дайындаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар» сәйкес ағымдағы жылдың маусым айының 22-і мен 26-ы аралығында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 14 сағаттық бағдарлама бойынша Райымбек ауданында жылжымалы тәсілмен сабақтар өткізді, барлығы 13 санаттағы 120 маман оқытылды.

Басқару органдардың, күш пен құралдардың, мектепке дейінгі мекемелердің балаларының және оқу орындардыңң оқушыларының дайындық деңгейін және іс-әрекеттке даярлығын  тексеру мақсатында  Департамент қызметкерлері апта ішінде Кеген, Нарыңқол және Қарқара ауылдарының балабақшаларында және оқу орындарында сейсмомашықтанулар өткізді.

Осы сейсмомашықтанулардың мақсаты оқу орнының адамдардың көп шоғырланған нысан ретінде жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау, оқушыларға және қызметкерлерге оқыс жағдайлар болған кезде қажетті іс-әрекеттерді қалыптастыру, азаматтық қорғау құрылымдарының дайындық теңгейін тексеру болып табылды.

Азаматтық қорғау іс-шараларын дұрыс және уақытылы жоспарлауды ескерсек, осыған орай Департамент қызметкерлері Азаматтық қорғау қызметтерінің, шаруашылық нысандардың және оқу орындарының басшыларына Департамент қызметкерлері Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізуге қажетті құжаттарды жасау бойынша, Азаматтық қорғаныс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарды бере отырып тұрақты жерде әдістемелік және тәжірибелік көмек  көрсетті.

Сонымен бірге, халықтың әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттері бойынша бұрыштар мен стендтер жасау үшін плакаттар, жадынамалар және  брошюралар таратылды.

Автор:
Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы