Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

TNI – ді таңдаудың он себебі


14 мая 2010, 11:56 | 1 339 просмотров



Tahitian Noni International (ТНИ) компаниясы нони негізінде өнім шығаратын әлемдегі бірегей фирмалардың санатында. Нони өнімі өзінің сапасы, оның әлем рыногындағы таралымы жағынан да алдыңғы орындарда десе де болады. Бұл жолы біз аталған компанияның өз саласы бойынша алған беделінің бірнеше себептеріне тоқталуды жөн санадық.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мамырдың бірінде аталмыш компания өкілдері өзінің өнімін алматылық жұртшылыққа таныстырса, Жеңіс күні талдықорғандықтар да сондай құрметке ие болды. Эмилия мен Александр Сауниндер осы компаниямен қоян-қолтық жұмыс жасай бастағанына 10 жылдан асқан екен. Бүгінде «ТНИ» компаниясы қара маржан дәрежесінің иегерлері, миллионерлер клубының мүшелері атанған ерлі-зайыптылар жиналғандар алдында нонидің емдік қасиеттері, компанияның өсу, әлемге танылу барысы жайлы ақпарат берді.

ӨСУ. Әлбетте, өнімді сату көлемінің өсуі ТНИ компаниясына әлем рыногында өзіндік бедел алуына жол ашты. Сол жетістік бүгінде сақталуда. Өнімді сату көлемі қазіргі таңда жарты миллиард долларды құрап отыр. Бұл сома күннен-күнге артып келеді.

Марка. ТНИ компаниясының сауда маркасы тұтынушылар сеніміне ие. Нони биобелсенді шырынының дәмін татқан олар өз тәжірибелерімен басқалармен де бөлісуде. Солардың қатарында әлемге танымал дәрігерлер, спортшылар, басқа да ауқатты да беделді адамдар да бар. ТНИ компаниясының өнімі «күмәнділіктен» қорғалған.

Айта кетерлігі, ТНИ компаниясы өзінің кеңесшілерін оқыту, олардың өсулері үшін де барлық жағдай жасаған. Тәжірибе алмасу, оқу процесі кезеңінде беделге ие болған консультанттар Таити, Моноко, Гонконг, Швейцария, Канкун сияқты мемлекеттерді тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Нони өсімдігінен шығарылатын өнім үнемі зерттеліп отырылады. Оның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екендігі бақыланады. Жыл сайын компанияның 200-ден астам ғалымы мен зерттеушілері TAHITIAN NONI шырынының емдік және басқа да қасиеттерін зерттеп келеді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда компанияның өнімі 187 патентке ие.

ТНИ компаниясының зауыты Таитиде орналасқан. Ал АҚШ, Жапония, Германия және Қытайда құю кәсіпорындары жұмыс жасайды.

ТНИ компаниясының кеңесшілері ерлі-зайыпты Эмилия мен Александр Сауниндер жиналғандарды қызықтырған сауалдарға да салиқалы жауап қайтарды. Қазақстан «ТаинтианНони Интернэшнл» компаниясымен танысқан әлемдегі 79-шы мемлекет екен. Компания өзінің өнімі біздің де мемлекетте өзіндік орын алады деген сенімде.

Естеріңізге сала кетейік, «TAHITIAN NONI INTERNATIONAL» компаниясының Алматы облыстық өкілеттілігі жұмыс жасай бастады. Толық ақпаратты Жұлдызай Омарқұловадан алуға болады. Байланыс телефондары: 8(7282)30-05-89,

сот. 87017833416.

Автор:
Өз тілшіміз.