Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Туған күнiн жылда, есiмiн күнде тойлайды


14 мая 2010, 11:56 | 1 386 просмотров



Чехияда 10 миллионнан астам халық тұрса, олардың басым бөлiгi чехтар. Және олар өз тiлдерiне аса құрметпен қарайды. Басқа жұрттан бiр айырмашылығы — салмақты. Қонақ күткендi жақсы көредi, көңiлдi жүредi.

Ал тарихын, аңыздары мен ертегiлерiн айтуда алдарына жан салмайды. Тазалық сүйгiштiгi жағынан немiстермен деңгейлес. Мұны Чехияның қоғамдық орындар мен қоршаған ортаны ластағандарға ең көп айыппұл салатын ел екенiмен түсiндiруге болады.

Тағы бiр ерекшелiгi, Чехия халқы туристерге үнемi жылы қабақ танытып тұрады. өйткенi олар туризмнен түсетiн пайданың мемлекет қоржынына мол табыс әкелетiнiн жақсы бiледi. Есесiне дәмханалары мен қонақүйлерiнен бастап барлық қызмет түрлерi шеттен келгендерге қымбат баға ұсынады.

Дәл осы елде өзгелерге ұқсамайтын бiр қызық дәстүр бар. Дәлiрек айтсақ, кез келген чехиялық күнде думандатамын десе, сылтау дайын. Себебi, әр ата-ана баласының атын қоярда өздерi түзген 400 адам есiмiнiң iшiнен таңдап тұрып, бiреуiне тоқтайды. Құжатқа сол есiмi ғана жазылғанымен, жаңағы 400 есiмнiң бәрi де әлгi балаға тиесiлi болады. Демек ат қойылған күнiн де атап өтетiн чехтар үшiн әр күн мейрам.

Автор:
«Дала мен қала» газетінен