Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Саунада» босанғанның сауабы мол


14 мая 2010, 11:56 | 1 254 просмотра


«Әр елдің салты басқа...»

Ғалымдар моншаның шығу тарихын сонау тас ғасырынан бастап тарқатады. Әрине, ол заманның адамдары бойын тазартқан орынның денi тастан болғаны белгiлi. Ал жуынатын жерге ағаш пайдалануды фин халқының тарихынан iздейтiндер көп. Мәселен, бiрқатар зерттеушiлер ағаш моншаның өмiрге келуiн осы финдермен байланыстыра отырып V-VIII ғасырлар шамасымен мөлшерлейдi.

Мұның анық-қанығын қайдам, финдердiң «саунасы» танымалдығы жағынан жапонның «фуросы», орыстың «банясы», мексикандықтардың «темаскалы» сынды ұлттық моншалардың бәрiнен асып түскенi рас. Тiптi «сауна» сөзi монша сөзiне жалпы атау болып бүкiл әлемге тарап кеттi. Осының бәрiнiң түбiнде фин халқының моншаға деген құштарлығы жатыр. Олар моншаны бой тазартатын орын ғана емес, жан тазартатын киелi мекен ретiнде де бағалайды. Содан да болар, бүгiнде Финляндияда 5,1 миллион халық тұрса, елдегi моншаның саны 1,7 миллион екен. Демек әр үш адамға шаққанда бiр моншадан келедi.

Моншаны киелi тұтады дейтiнiмiздiң мынадай да себебi бар. Ұлы Отан соғысына дейiн фин әйелдерiнiң бәрi моншада босанып келген. Бұл — олардың қадым замандардан жалғас-

қан дәстүрi. Моншаның жылы, таза, әрi гигиеналық тұрғыдан жайлылығы шарананың аман-есен өмiрге келуiне сеп болған. Дәстүр бойынша жас босанған ана бiр апта бойы сәбиiмен моншада түнесе, әкесi баласын әйелi «салтанатты түрде» моншадан шыққаннан кейiн ғана иiскей алған.