Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бейсен Хамитұлына арнау


14 мая 2010, 11:56 | 1 623 просмотра


Жыр шашу

Қолыма домбырамды алайыншы,

Әніме Әгугайға салайыншы.

Хамитұлы Бейсенді Мерей тойымен,

Құттықтап-ау осы бүгін алайыншы.

***

Мерей тойыңыз Бейсеке құтты болсын,

Денсаулығыңыз әрқашанда мықты болсын.

Бала-шаға,немереңіз аман болып,

Үйіңізге сылдырлаған күлкі толсын.

***

Отыз бес жыл сіңді халыққа еңбегіңіз,

Науқастардың талайын білеміз емдедіңіз.

Әр науқасқа көніл бөліп ақ жүрекпен,

Еш уақытта қабақ та шытып көрмедіңіз.

***

Бұл күндері екі аяқта турсыз ғой нық,

Көңіліңіз жайма-шуақ, ызғарсыз ық.

Келседе тексерістер Жоғарыдан,

Түспесін көңіліңізге ешқандай «шық».

***

Әр басқан қадамыңыз түсінікті,

Қасиет бар бойыңызда кісілікті.

Аузын ашса іш-қарыны көрініп тұр,

Сабырлы – салиқалы Кісі мықты.

***

Қырғыздар айтады екен бір сөзінде,

«Манасты – Манас қылған»-деп Қаныкей.

Осы сөзге шын ұңіліп қарасаңыз

Бейсекеңді Бейсен қылған Бақыт жеңгей.

***

Ер жігіттің асыл жары ару екен,

Жақсы ару қас-дұшпанға қару екен.

Қысылғанда кейбір сәтте бұл өмірде,

Білсем-ау жеңгем өзіңізге дәру екен.

***

Азатыңыз үйленіп өріп шықсын,

Туыстарыңыз сол қуанышты көріп шықсын.

Дұшпаныңыз табалаған болса егер,

Тілегім сол дұшпанның көзі шықсын.

***

Мерей тойыңыз тағы да құтты болсын.

Денсаулығыңыз құрыштай мықты болсын.

Алпыс жасқа қырық жас тағы қосып,

Алжымай қайратты боп жүзге толсын.

***

Көрмеңіз бұл өмірдің жамандығын,

Тілеймін от басыңыздың амандығын.

«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалар»,

Тусыншы – ай өз басыңызға Заман бүгін.

***

Тағыда айтам құтты болсын тойыңыз-ай,

Ұзақ Ғұмыр, бақ тілеу ойымыз – ай.

Ақбозына мініп ап Арманыңыздың,

Өмірдің қызығына тойыңыз – ай!!!

Автор:
Алпысбай Турапбеков және Аймақтық психоневрологиялық диспансерінің ұжымы