Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда бала құқығы жөніндегі комиссия отырысы мектеп оқушысының өлімімен аяқтала жаздады


7 мая 2010, 11:56 | 2 030 просмотров



Талдықорғанда бала құқығы жөніндегі комиссия отырысы мектеп оқушысының өлімімен аяқтала жаздады. Шенеуніктердің арнайы мектепке ауыстыру жөніндегі шешіміне наразы болған жеткіншек асылып өлмекші болған. Тек анасы мен көршілері дер кезінде келіп, аман қалды.

Өз-өзіне қол салмақ болған Руслан Жан-

ахметовті анасы мен көршілері аман алып қалған. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген ол 1 тәулік жан-сақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Кеше ғана есін жиған жеткіншектің анасы ұлының бұл әрекетке баруына мектептегі арнайы комисссияның жиналысы себеп болды дейді. Арнайы комиссия мектепте сейсенбі күні жиналыс өткізген. Оған қала әкімінің орынбасарынан бастап басқа да 15 шенді-шекпенділер қатысыпты. Руслан дәл сол күні түңгі 11-лер шамасында асылып өлуге әрекет жасаған. Далаға ұлының артынан лезде шыққан анасы оның арқанға асылып тұрғанын көріп, көршілерін көмекке шақырады. Дәрігерлер 1 минут кешіккенде, баланы құтқарып қалу мүмкін болмас еді дейді. Бұл оқиғаға әкімдіктегілер де алаңдаулы. Олардың айтуынша, Руслан 2 жыл бойы тәртібі нашар балалардың тізімінде тұр. Руслан бұған дейін де 3 рет ұялы телефон ұрлап ұсталған. Мұндай заң бұзушылықтарды негізге ала отырып, арнайы комиссия оның құжаттарын дайындап, баланы Тараз қаласындағы арнайы оқу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдапты. Дәл осы жәйт Русланға әсер етті, дейді анасы. Ал Руслан оқитын мектептің ұстаздары болса, балаға ата-анасы тарапынан дұрыс тәрбие берілмеген деп отыр. Енді Руслан Жанахметовтың жанында мұғалімдері мен ата-анасы кезекшілік құрып, күзетіп жүр. Балаға психолог мамандар көмек беруде. Руслан осы нөмірі екінші мектепте оқиды. Бірақ оның білім ордасына қайтып келуі екіталай. Қалалық әкімдіктегілер 15 жасар жеткіншекті ауруханадан шыққаннан кейін емдеу-сауықтыру орталығына жібермек.

Автор:
ҒАЛАМТОРДАН ӘЗІРЛЕГЕН Тау ШҰБАР.