Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мынадай ақпарат береді


7 мая 2010, 17:54 | 1 098 просмотров



Вирусты «В» және «С» гепатитімен ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вирусқа қарсы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылғы 4 қыркүйектегі «Халықты амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» №466 бұйрығына толықтырулар енгізілді.

Осыған байланысты науқас балалар мен жасөспірімдерді амбулаториялық деңгейде альфа 2а немесе 2b интерферон және рибавирин-сиропымен препаратымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.Қазіргі таңда вирусқа қарсы препараттарды облыстардың дәріханалық ұйымдарына жеткізу жұмыстары аяқталуға жақын, вирусты «В» және «С» гепатитін жұқтырған балаларға вирусқа қарсы ем жүргізу басталды.Денсаулық сақтау министрлігі халықты ақпаратпен құлағдар ету мақсатында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне құқық беретін сертификат (мұндай сертификаттар балалардың ата-аналарына денсаулық сақтау басқармаларында беріледі) пен дәрігердің рецептісін ұсына отырып, дәрілік препараттарды алуға болатын дәріханалық ұйымдардың тізбесін (қоса беріліп отыр) жариялайды.Сондай-ақ дәріханалық ұйымдардың тізбесін Министрліктің сайтынан «Фармация» бөлімінің «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бөлімшесінен көруге болады.