14 апреля 2017, 08:25 | 1 447 просмотров
Тарихта адамзат басынан талай-талай сын сағаттары өткендігі ақиқат: біздің алдымызда әрқашанда әртүрлі қиыншылықтар мен проблемалар көлденеңдеп тұрады. Тамаша философ Фетхуллаһ Гүлен мұндайды адам өмірінің заңды құбылысы деп көрсетеді: «...қоғамдық өмірдегі қарама-қайшылықтар - әрбір адамның басына түскен өмір сынағы... Барша адамзат сынақтан өтеді, одан ешкім де қалыс қалмайды»
Өмірде туындаған қандай да болмасын қиыншылықты (проблеманы) жеңу үшін алдымен келесі мәселелерге жіті назар аударған жөн сияқты:
Проблеманың мазмұны мен мән-жапсарын айқындап алу («Бұл не? Оның қандай қауіптер әкелуі мүмкін?» деген сұрақтарға жауап іздену);
Оны шешу жолдарын жан-жақты тұрғыдан қарастыру («Өзімізді қалайша ұстауымыз керек? Не істеу қажет? Мұны қалайша жеңуге болады?»);
Шешімді іс-жүзіне асырып, содан қорытындылар шығару («Бұл қиыншылықтардан біз қалайша өттік: өстік пе, дамыдық па, ширадық па, шынықтық па?»).
Міне, осы сұрақтарды әрқайсымыз терең түсініп, өз әрекеттерімізді соларға бейімдеуіміз тиіс секілдіміз. Мұнда басты мәселе тығырыққа тығылған осы мезетте өзіміздің қандай позиция таңдап алатындығымызда болып тұр, өйткені біздің бұл қиыншылықтардан өтуіміз әрқайсымыздың оларды қалайша қабылдайтындығымызбен, сын сағатындағы әрекеттерімізбен байланысты: өзімізді қалай ұстаймыз, алдымызда туындаған проблемаларды жеңе білеміз бе?..
Канадалық философ Ганс Селье адамдардың өмірлік қиыншылықтарға деген реакциясының екі түрін келтіреді: эвстрестік және дистрестік.
Эвстрестік реакцияға бейім тұлғалар қиыншылық туындаған жағдайларда барлық күш-жігерін уысына жинап, шабыттанып, мақсатқа жету жолында туындаған қандай да болмасын кедергілерді шығармашылық тұрғыдан қабылдап, оларды жеңіп шығуға ұмтылады. Бұл тұлғалар қиыншылықтардан еш қорықпайды, тайсалмайды, қайта олармен күресе отырып, шыңдала түседі, ширай береді.
Ал дистрестік реакцияға бейім адамдар проблемалардан да, оларды шешуден де қашқақтап, қиыншылықтарды жеңу жолдары мен бағыттарын сабырлы түрде сараптаудың орнына, өзін олардан тысқары қоюға тырысады, мұндай адамдар қауіп төнген уақытта басын құмға тыққан түйеқұс тәрізді болады. Алайда проблемаларды дер кезінде шешпеу олардың көбеюіне, ұлғая түсуіне әкеледі, яғни адам өмірінде қиыншылықтар мен сәтсіздіктер жалғаса береді, жалғаса береді, өмір мұндайда «Ауруын жасырған өледі» деген аталы сөздерді дәлелдеп беретін секілді болады.
Дистрестік реакциялы тұлғалар мұндай сәттерде басқаларды кінәлауға бейім болады бұл олардың басқаларға деген агрессиялы әрекеттерінен көрінеді, олар депрессияларға оңай шалдығады өмірге деген ынтасы бәсеңдейді, әрекет жасауға құлықсыз болады, өзін-өзі төмендетуге, тұқыртуға ұмтылады маскүнемдік пен нашақорлыққа, құмар ойындарына салыну.
В.Шеремет және Д.Патлай «Жизненные трудности в философских концепциях Запада и Востока» атты мақаласында тұлғаның қиыншылықтарға (стрестерге) деген реакциясы оның өмірлік философиясы мен дүниетанымына байланысты екендігін жазады. Егерде адам позитивтік көзқарас ұстанып, өмірде орын алған барлық жәйттерді де конструктивтік тұрғыдан қабылдаса, бұл философия оның эвстрестік реакцияға бейім екендігін аңғартады, яғни бұл - тұлғаның қиыншылықтарды сабырлы да байсалды түрде қарсы алып, оларға төзе біліп, оларды жеңу үшін барлық күш-жігерін жұмылдыра біледі деген сөз. Ал қиыншылықтарды осылайша түсіну тек зәулім де, асқақ идея аясында болуы ықтимал деп есептейді мақала авторлары.
Демек, адам өмірінің мағынасы мен түп қазығы биік идея болуы керек. Мен тіпті әрбір адамның өзі де идея болуы керек деп есептеймін, сонда ғана оның өмірі мәнді әрі мағыналы болмақ.
Ал біз үшін мұндай идея – халқымыздың бірлігі мен Отанымыздың өркендеуі. Әрқайсымыз да бұл идеяға адалдықпен қызмет жасап, өзімізге «Мен Отан үшін, қоғам үшін, басқалар үшін не жасадым?! Мен қандай игі жақсылықтар атқардым? Мен біреуді мүсіркедім бе, жұбаттым ба, біреуге қол ұшын бердім бе, біреудің халін жеңілдеттім бе, біреуді жігерлендірдім бе? Әлде тек қара басымның қамын жыртып, байлық пен ақшаның артында жүрмін бе?» деген сұрақтарды қойып, оларға бүкпесіз шындық тұрғысынан жауап беруіміз қажет. «Отан маған не берді?» деп сұрама, «Мен Отанға не жасадым?» деп өзіңнен сұра!» Қазіргі уақытта адам баласы арпалыспен ары- бері жүгіреді де жұреді,кейде өзі не істегенің білмей уақытты дұрыс пайдалана алмайтын қаншама адам баласы бар десеңші.Таң сәріден кеш батқанға дейін берілген уақытты дұрыс пайдаланып,дұрыс тамақтанып,дұрыс демалып тың жұмыстарға жақсы оймен жақсы жігермен жүргенге не жетсін десеңші.Мал таппайтын ер жоқ,егеменді еліміздің ірге тасын қалап жұрген қаншама ерлеріміз бар,соны ұқсатып жұрген таң сәріден кеш батқанға дейін еңбек пен табыс тауып келеген от ағаларымызға,еңбекқор ер азаматтарымызға асылда,аяулы кыз келіншек,әпке қарындас,ақ жаулықты ана әжелерімізге алғысымыз шексіз.