Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз


7 мая 2010, 17:53 | 1 158 просмотров



7-мамыр — Отан қорғаушылар күні

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы Қорғаныс министрі етіп генерал полковник С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды.

Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан астам әскери қызметшілер болды, олардың қарауында стратегиялық қарудың аталған түрлерінен басқа 1200 танк және брондал-

ған машиналар, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ болды.

Бұрынғы Кеңес Армиясының аталған бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізі саналады.