Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекет құраушы ұлт - қазақ ұлты рухани үстемдікте болуы керек


7 мая 2010, 17:51 | 1 621 просмотр



(Соңы. Басы өткен санда).

- Қолданысқа сіз енгізген терминдердің белгілі бір қайнар көзі бар ма, әлде сөздердің барлығын жадыңыздан шығарасыз ба?

- Мен жадымнан ештеңе шығармаймын. Барлық сөз маған дейін болған, соларды жаңғыртуға, жаңартуға ғана атсалысамын. Ол үшін орфографиялық сөздіктерді ақтарамын, қай сөздің уақытқа төзгенін, қай сөздің ескіріп қалғанын анықтаймын. Архаизм деп қолданыстан шығарып тастаған сөздерді зерттеймін, балама сөздерді, аудармаларды қараймын. Сөздің ғылыми мәніне ?

- Тілдік тұрғыдан алғанда түркілік бірліктің болуы мүмкін емес пе?

- Бөлінген тіл бірікпейді, тек дами береді. Әуелде славяндардың да, арабтардың да тілі бір болған. Бертін келе алшақтап кетті. Қазір өзбекті қазақ, қазақты өзбек түсінбейді. Түріктердің тілі еуропаланып, қойыртпаққа айналды. Латын әліпбиі түркілік бірліктің бас-

тауы бола алмайды. Бұл - бос сөз, құр әурешілік.

- Латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейміз бе?

- Әліпби дүниежүзі қазақтарын ортақ бірлікке жеткізбейді. Айталық, Ресейде 1,5 млн қазақ бар. Олардың барлығы кириллицада, бізден мүлде қара үзіп қалған. Қытайда кемі 2 млн қазақ тұрады. Олар төте жазумен жазады. Біз латын әліпбиіне көшсек, қазақтарда 3 түрлі таңба пайда болады. Осындай ырду-дырдуға жол берсек, ұлтымызды аздырамыз, рухани бірліктен айырыламыз. Еуропада 20 мыңдай қазақ тұрады. Солардың мүддесін көздеп, соларға түсінікті болсын деген саясатты қою керек. 20 мың қазақ бүкіл қазақтың болашағы емес. Ертең олар ассимиляцияға ұшырайды, болмаса өзімізге оралады. Сондықтан ұлттың болашағы Еуропадағы қазақтар деген ұғымнан арылу керек. Ұлттың болашағы мына қара шаңырақ, Қазақстандағы халық. Сондықтан не жасалса да, Қазақстандағы ұлттың мүддесі үшін жасалу тиіс. Басқа қазақтың барлығы осыған бағынса хош болады. Өйткені елдік, бірлік, тұтастық деген ұғымдар қара шаңырақтан басталады.

- Дәл қазір елімізде аты-жөннің 16 түрлі жазылу нұсқасы бар. Осыны біріздендіруге болмай ма?

- Болады. «Ұлы», «қызы», «келіні» деген бұрыннан келе жатқан жақсы сөздер бар ғой, соларды қолдансақ, тілге түрпі, құлаққа оғаш естілмейді.

- ҚР ҰҒА академигі М.Серғалиев: «Диалект сөздер қазақ тілінің қазынасы» дейді. Сіз «Қазақта диалекті деген болмаған» дейсіз. Дәлеліңіз қайсы?

- Бізде басқа халықтар сияқты бір-бірімізді түсінбейтін сөздер жоқ. Біздегі диалектінің атасы - Сәрсен Аманжолов. Сол кісінің еңбектерін үнемі қарап отырамын. Сонда диалекті деп берілген сөздерді зерттей бастасақ, олардың диалекті емес, бұрын қолданыста болған сөздердің жұрнағы, сарқыншағы екендігі анықталады. Сөздікте «зерт» деген сөзді диалекті депті. Мен содан «зертхана» деген сөз тудырдым. Қолданыс-

та «зерттеу» деген сөз бұрыннан бар. «Ғылыми зерттеу институты» дегенді айту үшін сөздің атау тұлғасын тастап, ұйқасқа лайықтап туынды сөзді алдық. Түбір сөз қалтарыста қалып қойды да, мамандарды әуре-сарсаңға салды. «Зертхана» деген сөз дұрыс емес, «зерттеухана» болу керек деген дау туды. Мен талдап қайта жаздым. Тер минком менің нұсқамды бекітті. Сөйтіп, «зертхана» сөзі кең қолданысқа енді.

- Мектеп бағдарламасында «Диалект сөздер» деген арнайы бөлім әлі күнге дейін бар ғой...

- Үкімет бөлген ақшаны игеру үшін бәзбіреулер қоқытып неше түрлі сөздіктерді шығарып жатыр. Көбі макулатура. Соларды сүзгіден өткізсең, көбі диалекті емес, арабтан, көне түркіден, өзбектен, қырғыздан, түрікменнен келген сөздердің бұзылған тұлғасы болып шығады. Кәсіби сөздерді де диалекті дей салатын болыпты. Мысалы, Маң-

ғыстау мен Атырауда балық шаруашылығы мен мұнай өндірісі дамыған. Олардың осы кәсіпке байланысты қалыптасқан сөздері бар. Осыны диалекті десек дұрыс па? Кез келген сөзді күнделікті қолданыста болмағандығы үшін диалекті деуге болмайды ғой.

- Ортақ атаулардың әр жерде әртүрлі айтылатынын қайда қоясыз. Мәселен, солтүстікте «шалбар», оңтүстікте «сым» деген сияқты...

- «Шалбар» - араб сөзі. Саған «сым» жақын, ол өз сөзің. Кезінде «сым» деген сәнді шалбар болған. Шалбардың қыры сынбас үшін оған сым тіккен. Оны зиялы қауым өкілдері, сал-серілер киген. «Шалбар» сөзі кең қолданысқа еніп кетті де «сым» жат сөз, диалекті сияқты болып қалды.

- Дәріхана, тойхана, наубайхана дегендердің барлығына «хана» жабысып жүр. Осыдан арыла аламыз ба?

- «Ханасыз» болмайды. Бұл парсының сөзі болғанымен, бізге әбден сіңіп кетті. Сөз жасаушы жұрнақ ретінде қалыптасып қалды. Одан бас тартудың керегі жоқ. Біз кірме сөз бен кірме жұрнақтың барлығынан бірдей арыла алмаймыз. Мәселен, «шемішке», «самаурын», «бөкебай» деген әдемі сөздерден қалай бас тартасың? Қазақ болып кеткен сөздерден безінген дұрыс емес.

- Қазақ зиялыларының дені жалтақ, жалпақшешей деген жағымсыз пікірмен келісесіз бе?

- Бәрі пенде ғой. Келген жеріне таусылып, бітіп келіп тұр ғой. Бір мүмкіндік берілгенде, елден ерекшеленгісі келмейді. Бәрібір оның айтқан сөзін ешкім тыңдамайды. Билік-

те отырған адам қалайда өз дегенін қылады. Ұлттық мүддені жеке қабылдауларда, кездесулерде ғана қаузау шарт емес. Айтқың, жазғың келсе, БАҚ-тың пәрменділігін пайдалан.

- Әңгімеңізге рақмет.

Автор:
Сұхбаттасқан Қанат МАХАМБЕТ, Астана Бас-Пана