Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанға «НОНИ» келді


7 мая 2010, 17:48 | 1 203 просмотра



1-мамыр күні Алматы қаласы «Анкара» қонақ үйінде американдық «TAHITIAN NONI INTERNETIONAL» компаниясын қазақстандық халыққа танысытыру кеші өтті. Салтанатты жиынға «Таитиан Нони интернэшнл» компаниясымен болашақта жұмыс істегісі келетін және қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген адамдар қатысты.

Бірінші болып компанияның өкілі Джейсон Шин сөз алды. Ол компанияның мақсаты және шығаратын өнімімен Алматы жұртшылығын таныстырды. Сонымен қатар компанияда жұмыс істеп бірталай жетістіктерге жеткен адамдар да өз ойларын білдіріп жатты. Сөз алғандардың ішінде Германиядан келген Виктор және Мария Рудольф отбасы, Эмилия және Александр Сауниндер, Ресейлік Павел Раков және қандасымыз Айсұлу Маубаева болды. Осы аталғандардың барлығы «ТНИ» компаниясындағы жұмысы арқасында милионнер болған тұлғалар.

«Таитиан Нони Интернэшнл» компаниясы адам денсаулығына өте пайдалы , сан түрлі ауруға шипа болатын өнім шығарады. Ол өнім %Таити аралында ежелден дәрі есебінде қолданылып келген Нони жемісінен алынатын «Таитиан Нони» шырыны. Осы шырынның ғажайып емдік қасиеттеріне әлемдегі көптеген елдер куә болып, енді кезек Қазақстанға да жеткен көрінеді. Осы уақытқа дейін бұл компания әлемнің 78 мемлекетіне танымал болып, жұмысын атқарып келген.

Қазақстан «Таинтиан Нони Интернэшнл» компаниясымен танысқан 79-шы мемлекет болып отыр.

Бүгінгі күні «Таитиан нони» шырыны денсаулық саласында ең үздік брендтің бірі болып отыр. Ал осы өнімді шығаратын «ТНИ» компаниясы әлемдік зерттеу институттардың шешімі бойынша американың ең жедел дамыған компаниясы атағын иеленген. Қазір «ТНИ» компаниясы аты GOOGLE, INTEL, FEDERAL EXPRESS сияқты алпауыт компаниялар бірге аталады.

Нонидің қысқаша тарихы:

Б.з.д 200 жыл Тынық мұхитындағы оңтүстік аралдардың тұрғындары саяхатқа немесе жорыққа шыққанда өзімен бірге әрдайым нони жемісін алып жүрген. Нони жемісін олар жарақаттар мен сан алуан ауруларды емдеуге пайдаланды.

1769 жыл. Атақты саяхатшы капитан Джеймс Кук Таити аралын тауып, жергілікті халық нони жемісін ерекше қастерлейтінін байқайды. .

1943 жылы . АҚШ әскерінің ғалымдары Тынық мұхитының оңтүстік аймағында орналасқан әскер үшін арналған «Соғыс майданында аман қалу» кітабына Нониді жеуге жарамды және пайдалы өсімдіктер тізіміне қосады. Осылай Нонидің улы емес және жеуге жарамды жеміс екенін дәлелдейді.

1972 жылы Доктор Ральф Хайнике проксеронин және ксеронин деген емдік заттарды ашып, Нони жемісі осы шипалы заттарға бай екенін дәлелдейді.

1993 жылы Джон Водсворт және Стивен Стори деген ғалымдар Нони жемесінің денсаулыққа пайдалы әсерін байқап, осы жемістен алынатын шырын формуласын әзірлеуге кіріседі.

1996 жылы нарыққа нони жемісінен алынған алғашқы комерциялық өнім шығады. Бұл TAHITIAN NONI шырыны еді.

Доктор Нейл Соломон нони шырынын тұтынатын 25000 адамның мысалында 1200 маман жүргізген зерттеудің нәтижесінде Таитиан нони шырынын диеталық қосымша деген шешімге келеді.

2002 жылы Нони шырыны АҚШ тағы маңызды 10 дәрілік өсімдіктер ішінде 6-шы орын алады. Таитиан нони өнімі Еуропа Одағы Комиссиясының жаңа азық-түлік ретінде тексеруінен өтеді.

2003 жылы TAHITIAN NONI шырыны дәрілік заттар туралы ақпарат беретін ең үздік дәрігер анықтамалығына енгізіледі.

2005 жылы Нони шырынының шипалық қасиеттері жайлы 70-тен астам ғылыми зерттеулер жүргізіліп, оның ғажайып қасиеттері тағы да дәлелденді.

9 Мамыр күні Талдықорған қаласында жоғарыда айтылған TAHITIAN NONI шырынына байланысты жиын өтеді.

Аталмыш жиын Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, «Тамерлан» кафесінде сағат 10.00 де басталады.

Келіңіздер! Қатысыңыздар!

Автор:
«Жәрдем» ақпарат