Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақ тілек


7 мая 2010, 11:35 | 1 566 просмотров


Талғар медицина коледжінің оқытушысы Болат Сұлтанұлы Әбділдаев бүгінде Пайғамбар жасы – 63-ке толып отыр. Жалпы еңбек телімі 45 жыл болса, оның табаны күректей 38 жылын денсаулық саласына аса қажетті орта буын мамандар даярлауға арнады. Бөкеңнен тәлім алған мамандар бұл күндері облыс, тіпті еліміздің түкпір-түкпірінде қажырлы еңбек жасап келеді десек, артық айтқандық емес.

Бөкеңе осынау мерейлі де мерекелі күні тек жақсылық қана айтылады. Оған әлі де болса білгеніңізді жастарға үйретіп, мол тәжірибеңізбен бөлісе беріңіз дегің келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Берекелі де мерекелі күндер көп болсын!

Ізгі ниетпен: Талғар медицина колледжінің ұжымы және осы тілекке өмірлік жұбайы Айман Ерасылқызы да ортақ. Қабыл алыңыз!