Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Профилактика

Туберкулездың алдын алу


31 марта 2017, 09:01 | 375 просмотров


2017 жылдың 16 наурыз күні Талдықорған Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің  медбикесі Мамажанова Қарлыға Мусановнаның     шақырылуымен Алматы облыстық туберкулез диспансерінің дәрігер-эпидемиологі Смағұл Нұркен Қуатбекұлы және Талдықорған қалалық ауруханасының учаскелік дәрігер-терапевті Қайірова Гаухар Тлебалғановна аталған колледждің білім алушыларымен  «Туберкулездың  алдын алу » тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Семинар барсында білім алушыларға туберкулез жұқпалы ауру және ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі жайлы айтылып, көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталып, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылатындығы ескертіліп, туберкулез ауруының  белгілері қандай болатындығына тоқталды, олар: әлсіздік, тез шаршау; асқа зауқы соқпау, жүдеу; 3 аптадан аса жөтеліп жүру; түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу; дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керектігіне назар аударылды. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болатындығына мамандар тоқталды.

Сонымен қатар білім алушыларға  мамандар науқас адам туберкулезін жұқтырмау үшін не істеу керектігі жайлы келесі кеңес берді: туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала тексерілу мүмкін нәрсе!Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Кірлеген төсекті жинау үшін бөлек жәшік немесе қап арналады. Науқасқа күн жақ беттен жеке бөлме берген дұрыс. Науқас бөлмесінің еденін, қабырғаларды, ыдыс-аяқтарын жууға жеке-жеке шүберек, шелек бөлінуі тиіс. Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу болғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі залалсыздандырылады. Сондай-ақ туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізілетіндігі (Манту реакциясы) және де халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Сұхбаттасу барысында білім алушылар келген мамандарға туберкулезден қалай сақтануға болады?- деген сұрақтарына: адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы  БЦЖ вакцинасын егілетінін айтты және бұл  БЦЖ вакцинасын бірінші рет перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас) барғанда егілетіндігі айтылды. Снымен қатар  салауаты өмір салтын ұстану, тазалық сақтау,уақытылы дұрыс тамақтану керектігі жайлы толыққанды жауап ала-алды. Сондай-ақ тақырыпқа  байланысты бейнесюжет көрсетілді. Семинар-тренингті қорытындылай келе, білім алушылардың  берілген  ақпаратты қаншалықты толық түрде алғандарын көрсететін әлуметтік ролик көрсетіліп,  содан соң қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Автор:
Ш.К. Турлыбекова, Қ.М. Мамажанова, Ж.Ы.Жанабекова, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто