Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Профилактика

Қалыпты және қалыпты емес қартаю: 4 парадокстар


31 марта 2017, 08:59 | 352 просмотра



Заманауи анықтама бойынша,  қартаю – деп бос митохондриалы радикалдармен шақырылған кездейсоқ молекулярлы бұзылыстардың жиналу нәтижесінде пайда болған жалпы жағдайдың нашарлауы. Осыдан сұрақ туады: неліктен соматикалық жасушалар (денежасушалары) және көп жасушалы ағзалар қайта қалпына келе алмайды, алайда бұнымен қатар бағаналы жасушалар мен бір жасушалалы ағзалар (барлығы емес) қайта қалпына келе алады. Осы сұрақты шешу барысында, ағза молекулалы бұзылысты емдей алады, бірақ 100 %-да емдеуде қажеттілігі жоқ екендігі туралы ұсыныс ұсынылды.

1 Парадокс: ресурстарды жайғастыру парадоксы

Болжау бойынша ағза өз ресурстарын қайта қалпына келу, көбею және тез арада өмір үшін күрес арасында бөледі. Қоректік заттар осы барлық үрдістерге қуат береді, соның ішінде жасаруға. Логика бойынша қоректік зат көп болса, қайта қалыпқа келу үшін де сонша калорий жұмсалады. Төмен калорийлі емдәм өмір сүру ұзақтығын жоғарлатады және қартаю үрдістерін әртүрлі тірі ағзаларда баяулатады. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтардан мен құртттардан бастап, тышқандар мен егеуқұйрықтармен аяқталады. Дегенмен, кез келген болжам, қоректік азық түлік көп болған сайын жас ұзақтығы ұзарады деген болжамды күмәнсіз жоққа шығару қажет. Жасушаның күшін жайғастыру парадоксін қорғау үшін көбеюді төмендету, азықтың жеткіліксіздігі қарқынды түрде қайта қалыпына келу үрдісін шақыратыны туралы  жорамал айтылды. Кейінге қалдырылған қартаю «аштық жылдары кезінде тірі қалу стратегиясы» болып табылады. Бүл парадоксальды. Бір аналогияны қарастырайық, елестетіп көріңіз, сіз алған жалақыңызды пәтер төлеу үшін және басқа да қажеттіліктеріңізге бөлесіз.  Егер сізді жұмыстан шығарса, сіз басқа да қажеттіліктеріңізден бас тартып

қымбат пәтерге көшіп барармедіңіз? Әлде, керісінше, сіз бағасы төмендеу пәтер іздер едіңіз бе? Күшейтілген жасару да (қартаюды баяулату үшін) дәл осындай қағида бойынша іске асады, әсіресе аштық кезінде. Саналы биологиялық стартегия бойынша, қартаюмен күресуді тастап, керісінше бар күш жігерін ағза қажеттіліктері мен көбеюге ауыстыру болып табылады.

2 Парадокс: ақуыздарды синтездеу парадоксы

Қартаю ақуыз синтезінің төмендеуімен байланысты. Әрине, бұдан күтетініміз, әрі қарай ақуыз синтезінің төмендеуі өмір ұзақтығының төмендеуіне әкеп соқтырады. Парадоксальды, бірақ трансляция, РНҚ мен ақуыз синтезінің төмендеуі С.Elegans құрттарының өмір ұзаруына алып келеді.

3 Парадокс: гормезис парадоксы

Гормезис – деп аз ғана қайталанып тұратын күйзелістер арқасында өмірді ұзарту. Яғни, созылмалы жасушалы күйзеліс өмірді ұзарту мүмкін.

Молекулярлы бұзылыстардың жиналуы, кез келген қосымша бұзылыс қартаюды баяулату мүмкін деген пікір тіптім парадоксальды.

4 Парадокс: Қартаю ауру секілді

Қартаю ауру болып саналады ма әлде ол қалыпты жағдай ма? Бір жағынан қартаю – бұл ауру, себебі өлім қауіпін тудырады. Ал екінші жағынан, "қартаю – бұл ауру емес, керісінше, өмір циклының қалыпты бөлігі". Сонымен қатар, ешкім сау қартаюдан өлмейді. Барлығы жасына байланысты аурулардан, мәселен, атеросклероз, қатерлі ісік, диабет, остеопороз секілді аурулардан өледі.

Қорытындылай келгенде, қартаю парадоксы болжау бойынша, кездейсоқ молекулярлы бұзылыстардың жиналуы арқылы пайда болады делінген.

Бірақ кез келген молекулярлы бұзылыстар жиналуынан қартаю мен өлім болу міндетті түрде емес, егер өмірді бұдан басқа да себептен үзбесе. Алайда, бос радикалдардың шақырулуымен жиналған молекулярлы бұзылыстар теориясы бойынша ақыр соңында тірі ағзаны өлімге алып келеді.

Автор:
Д.С. Сугирова


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто