Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Естуі кем баланы, есті емес демеңіз


17 марта 2017, 11:19 | 1 155 просмотров



Адам баласына ең бірінші,білім емес тәрбие керек дейді,данышпан  Әбунасір Әлфараби.Талдықорған каласындағы Н.Алдабергенов кошесінде орналасқан облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернатының директорымен  сұхбаттасып қайтқан едім.

 Жакипбаева Зауре Жакибайқызы – 28 жыл бойы Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернатында 1988 жылдан бастап  сурдопедагог болып жұмыс істеп келеді. Мұғалім осы жылдары өзінің теориялық білім дәрежесі жоғары, өз пәнін әдістемелік тұрғыда жете меңгерген, ізденімпаз мұғалім екенін көрсете білді. Ұстаздың алдына қойған мақсаты: «Есту кемістігі бар балаларды заман талабына сай өмірге бейімдеу».

Әр баланың психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып,есту қабілетін дамытуға арналған жеке сабақтарды бағдарлама талаптарына сай, әрі қызықты өткізеді.Дыбыстануды оқытуда ең тиімді тәсіл ретінде сөйлеу ырғағын дұрыс қолдануға көп көңіл бөледі .Мұғалім күнделікті сабақтарында балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына,сөз екпінін дұрыс қойып оқуына,дыбыстарды жеке,буында,сөз ішінде дұрыс айтуға бағытталған әртүрлі жаттығуларды олардың қабілеті мен деңгейлеріне сай іріктеп қолданады. Мақсатты және жоспарлы жұмыс істеу нәтижесінде естімейтін және нашар еститін балалардың дауыс ырғағы өзгеріп, сөйлей алатын нәтижесіне қол жеткізді.

Мұғалім үнемі ізденісте болып,өзінің кәсіптік, педагогикалық шеберлігін галым-судопедагогтар Н.Д.Шмадко, Ф.Ф.Рау, Н.Ф.Слезина К.А.Волковалардың әдістемелік оқу құралдарына сүйене отырып дамытады. Сонымен қатар инновациялық технологиялардың тиімді стратегияларын оқушылардыңтанымдық қабілетерін арттыруда тиімді қолданады. Әсіресе ақпараттық-коммуникативтік технологияларды баланың есту қабілетін дамытып, сол арқылы сөйлеу тілін, сөйлеу ырғағын, сөздерді дыбыстау күшін жетілдіруде барынша жүйелі әрі нәтижелі түрде қолданып келеді.

Өзінің бар білгенімен үенмі бөлісіп, жас мамандарға және жыл сайын іс-тәжірибеден өтетін Абай атындағы ҚазҰПУ менг І.Жансігүров атындағы ЖМУ білімгерлеріне әдістемелік көмек көрсетіп, болашақ мамандарды даярлауда.

2011-2012 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2012 жылда бастап мектеп-интернатының директоры ретінде қызмет атқаруда. Ізденіс үстінде тек мектепішілік семинарларға қатысып қана қоймай, халықаралық авторлық семинарларға қатысып өз білімін жетілдіруде. Атап айтқанда: 2012ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен «Қалыпты және есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мен тәрбиелеу»атты гуманитарлық ғылымдар докторы Ева Марии Кулештің автолық семинары, 2013ж. Абай атындағы ҚазҰПУда өткен Гумбольт университетінің профессоры Людмила Хоппенің авторлық семинарына қатысты.

Кәсіби білімі мен біліктілігін жетілдіріп әріптестермен іс-тәжірбе бөлісуде. 2014 жылы «Жанұя мен мекткптегі тәрбие» республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журналда «нашар еститін және саңырау балалардың есту қабілетін дамыту және дыбыстану бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

Зауре Жақыбайқызы - арнайы мектептің спецификасын жете меңгеріп,оқушылырға бүгінгі күн талаптарына сай сапалы білім,тағылымды тәрбие беріп жүрген,өз ісіне шебер,баланы жан-жақты дамытуда аянбай еңбек ететін, әдіскер ұстаз.

-Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының тарихы туралы айтсаңыз?

-Бұл мектеп 1988 жылы құрылды.1991 жылы алғаш қазақ сыныбы құрылды.165 балаға арналған орын бар.Мектеп  компьютерлік сынып, спорт залы, салтанат залы, асхана, медициналық блок, кітапхана, шеберханалар, жеке сабақ кабинеттері, психолог, әлеуметтік педагог, есту қабілетін дамыту кабинеттерімен жасақталған. 22 кабинет дыбыс күшейткіш аппараттармен жабдықталған.  Мектепте оқушылар кәсіптік білім алып, 5 мамандық бойынша куәлік алып шығады. Заман талабына сай жабдықталған 150 орындық  жатақханада балаларға барлық жағдай жасалған.

- Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлқы ерекше болады, балалар болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық жеткізе алмайтыны анық. Осы орайда негізгі мақсат-міндеттеріңіз қандай?

-Негізгі мақсатымыз мұғалімнің өз білімін, кәсіби деңгейін жетілдіруіне жағдай жасай отырып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім беру, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

Алдыға қойған міндетіміз  мектептің түзету міндетін  іске асыру барысында есту қабілеті зақымдалған оқушылардың есту және сөйлеу тілін дамыта отырып,  оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологиялардың  әдіс-тәсілдерін  жүйелі енгізіп нәтижесін  бақылау.

Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін музыканың маңызы тіптен зор.

-Музыка өнері жағынан жетістіктеріңіз қандай?

Мұндағы біздің басты мақсат оқушыларға керекті негізгі қимылдарды үйрету, ырғақты сезіну, музыкалық танымын дамыту, эстетикалық сезімді тәрбиелеу, музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Міне, осы арқылы оқушылардың сөйлеу, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту біз үшін әркез өзекті мәселе болып қалады.Ал жетістіктіктерімізді атап айтар болсақ, Республикалық «Жұлдызай» балалар фестивалінде «Жест әні» номинациясы бойынша «Самға » әнімен  Шаяхметов Санжар 2-орын алды, қалған оқушылар номинацияларды жеңіп келді.

-Суретші балалардың жеткен жетістіктеріне тоқталсаңыз?

- 2009 жылы Бельгиялық мотилда ханшайымының басшылығыиен ұйымдастырылған «Гендерлік теңдік» тақырыбындағы әлемдік байқауда Бекжүнісова Назым 2-орынды иеленді.Жасыл әлем Республикалық бадлалар суретші байқауына қатысып, Нұрым Ринат 1 орын.Болтыкова Эльмира 2 орынға  ие болды.2009 жылы А.Қ.Әміреевтің 2 оқушысы Құстінов Абылай және Кәрімов Дастан Алматы қаласындағы О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне дизайын мамандығы бойынша грантқа түсті.

Ресбубликалық «Азиядв 2011» сурет байқауында Бекжүнісова Назым және Нұрым және Нұрым Ринат 1 орынды иеленді.

-Күнделікті  жұмыстық жоспарларыңыз қандай?

- Ең алдымен, күн тәртібін орындауларын қадағалау.Жекелеген қатынастарын бақылау және әр түрлі үйірмелерге қатысуын Жүйелі қадағалап отыру болып табылады.Бұл мектеп- интернат болғаннан кейін еркін түрде балаларды қараймыз.Ауырған баланы емдейміз.5 мезгіл балалар тамақтанады. «С» дәрумені қосымша беріледі.Ас мәзіріне күнделікті қосып отырамызжәне мереке күндері еселеніп беріледі.

-Мұнда қандай балалар оқиды?

Есту қабілеті бұзылған, мылқау балалар, неврологиялық туа біткен аурулармен ауыратын балалар оқиды.

-Арасында жазылып кеткендер бар ма?

Құлағына ота жасалып, аппарат қойылады.Естіп орнына келетіндер де жоқ емес.

-Осы жерді аяқтаған оқушылар осында жұмыс істей ала ма?

-Иә,қазіргі таңда осы оқу орнын аяқтаған  программист маманымыз жұмыс істейді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенжебаев Төлеген шәкірт тәрбиелеп ғана қоймай және грек рим  күресінен 1 орын иеленді.Халықаралық жарысқа жолдама алды.

Оқитын балалардың жас ерекшеліктері  қандай?

МАД -тобынан бастап, 10-сыныпқа дейін оқиды.Диплом алып шығып, шаштараз ,суретші болып жұмыс істей алады

-Спорттық жетістіктерңізге тоқталсаңыз?

Шағын футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында есту мүшелері зақымданған мүгедек спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің жас футболшылары,  командалық есепте ІІ орын алды.

Мектеп ұжымына, және де мектеп оқушыларына биік шыңға жетуіне тілектеспін,дендеріңіз сау,егеменді еліміздің көк байрағын желбірететін шәкірттеріңіз коп болсын демекпін !

Автор:
Шалқар Оразбаев.