Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Автокөліктегі қауіпсіздік


17 марта 2017, 05:14 | 2 082 просмотра



Алматы облысында болатын өрттердің жалпы санынан автокөліктегі өрттер айтарлықтай орын алады. Автокөлік жүру құралы ретінде біздің өмірімізде қажет, бірақ ол әлеуетті өрт қауіпті объекті болып саналады. Автокөліктегі өрттер үлкен қауіп өткіншілерге және көлік жүргізушілер мен жолаушыларға төнгізеді. Электрқұралдарға және салонның синтетикалық қаптамасына толы көлік өрт кезінде көп улы газдар бөліп, өрттің көбеюіне сепебтеседі.

2016 жылдың өткен кезенінде автокөліктерде 246 өрт болды, материалдық шығыны 32 млн. 624 мың теңгені құрайды. 2016 жылы Талғар ауданында балалар шалағайлығынан болған автокөлік ішіндегі өртте екі кішкентай бала қаза болды. Балалардың есікті ашуға мүмкіндігі болмай бір мезетте автокөлік жанып кеткен. Бұл жайт әрине адамды шошындырады.

Автокөліктердегі жанудың негізгі пайызы электрсымдарының ақаулығы немесе авариалық жағдайда жұмыс істеуі (90% жуық) болып саналады, сонымен қатар отын жүйесінің ақаулығы, газ дәнеркелеу жұмыстарын өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу, көлікті жылыту кезде отпен абайсыз болу және т.б.

Өрттің алғашқы кезеңінде жүргізушінің алғашқы әрекеті, өз автокөлігін сақтап қалып, өрттің таралуына жол бергізбейтіндігі, немесе елеулі қаржылық шығындарға тап болып, немесі тіпті «Темір атсыз» қалуы мүмкіндігін көрсетеді. Жиі, алғашқы әрекеттерінің қателігі жүргізушінің үрейінен туындайды, сонымен қатар бастапқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштің) болмағандығы. Сабыр сақтау, қауіпсіздік ережелерін ұстанып, от жану көзін дереу жоюына әрекет ету, өрт болу жағдайы туралы дереу өртке қарсы қызмет «112/101» нөмірлеріне хабарлау, сонымен қатар өрт сөндіргішпен қолдана білу автокөліктің сақталып қалу мүмкіндігін туғызады.

Жанған кезде жанармай көліктің астына ағатын қасиеті бар, оның астында өртеніп жалғасады, сондықтан осындай жағдайларда көліктің астына сөндіргіш затты, көбікті немесе құмды себіңіз. Бірақ, бәрінен дұрысы, өртті болдырмау немесе пайда болу тауекелін азайту қажет. Ол үшін автокөлігіңіздің техникалық жағдайын үнемі қадағалап тұру, бензосымдарды жөндеу, ескі немесе сынған электрсымдарын уақытылы ауыстыру, сақтандырғыштың орнына сымдарды қолданбау және т.б. әрекеттер қажет. Міндетті түрде автокөлігіңізде өрт сөндіргіш болу және онымен керек кезде қолдануды білу міндетті.

Өртке жол беріп жөндеу жұмыстарына шығындалып немесе жаңа көлік алуға қарағанда, өкініш және мүмкін болатын жарақаттарды айтпағанда, автокөлігіңізді уақытылы және дұрыс пайдалану әлдеқайда көпке арзан шығады. Ұсталған және ескі көліктер ғана емес, жап жаңа көліктерде жанады, тек қана әр жеке көлік құрал иесінің автокөлігіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жоғары жауапкершілігі өрттердің пайда болу мүмкіндігін жояды.

Автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт бақылау мемлекеттік инспекторы  автокөлікте өрт қауіпсіздік ережелері бұзушылықтарын анықтаған жағдайда айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке кінәлі адамды тартады.

Құрметті жүргізушілер, Алматы облысы төтенше жағдайлар Департаменті Сіздерге өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, сонымен өзіңіздің «сүйікті» автокөліктеріңіздегі өрттің алдын ала жүрулеріңіз еш қиындық тудырмайтына сенімді болатындарыңызды еске саламыз.

Автор:
Алия Саурбекова Алматы облысының ТЖД ӨҚСБ ПҚБ аға инженері Азаматтық қорғау лейтенанты