Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі


10 марта 2017, 16:05 | 791 просмотр



Естеріңізге ссала кетейік, наурыздың 3-күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016 жылды қорытындылауға және 2017 жылғы жоспарларды талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өткен – ді. Жиынға ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, әкімдердің орынбасарлары, аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, ведомствоға бағынысты мекемелердің, аймақтық департаменттердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде Мемлекет басшысының Халыққа биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрі-дәрмектердің бағасына реттеуді енгізу сияқты маңызды міндеттер қойғанын еске салды. Министр 2016 жыл денсаулық сақтау жүйесінің барлық салары үшін өте маңызды болғанын, денсаулық сақтау саласын дамытуға байланысты алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылатын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданданғанын атап өтті.

«2016 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 6 жылға артық. Сәбилердің өлім-жітім көрсеткіші азайып келе жатыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1000 туылған сәбиге шаққанда 12,6 көрсеткішін құрады. Бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 2 есе аз болып отыр. Ана мен бала өлімін азайту мақсатында Министрлік босандыру мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің біріктірілген үлгісін енгізді. Қабылданған шаралар сәби өліміне қатысты көрсеткіштерді тұрақты түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Статистика жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша, есептік жылы 100 000 тууға 12,7 өлім оқиғасы тіркелген. 2000 жылы бұл көрсеткіш 100 000 тууға шаққанда 48-ді құраған болатын. Өлім-жітімді азайту үшін бейінді медициналық ұйымдардың үйлестіру, мониторинг, тиімділікті қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейде сапасын көтеру тұрғысында ролі күшейтілді»,-деді Елжан Біртанов.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру жалғастырылуда. 2016 жылы балалар мен ересектер арасындағы мақсаттық топтарда 11 104 264 скрининг-тексеру өткізілген. Скринингтік бағдарламалармен қамту көрсеткіші 90 пайызды және одан жоғары көрсеткішті құрады. Ауру жағдайларын анықтау деңгейі артып, анықталған ауруларды диспансерлік бақылауға алу көрсеткіштері жақсарды.

«Халықтың 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауыл халқына, әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Көліктік медицина дамуда – 49 жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді, күре жолдардың бойында 40 медициналық құтқару пункттері құрылған, 3 емдеу-диагностикалық пойызы жасақталған. Республикалық санитарлық авиация жұмыс істеп, профильдік мамандардың консультациясы ұйымдастырылуда», - деп атап өтті Елжан Біртанов.

«Телемедицина дамуда, 2016 жылы 28060 телемедициналық консультация жүргізілді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 мыңға артық. Медицина саласындағы заманауи жетістіктердің қолжетімділігі артты. Мұндай көмектің әсіресе ауыл халқына қолжетімділігіне ерекше мән берілуде. 2016 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмекке 64 мың пациент жүгінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 мыңға артық,»- деді Денсаулық сақтау министрі.

Еліміздегі демографиялық ахуалға ықпал ететін ауруларды емдеуге ерекше мән берілуде. Бұл мақсатта біріктірілген үлгіні кезең-кезеңімен бес бағыт бойынша енгізу жоспарланған. Барлық бағыттар бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Әр бағыт бойынша медициналық көмек көрсету ұйымдарының қызметі, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы сараланып, қызметтердің проблемаларын шешу жолдары нақтыланды.

Республиканың 7 аймағындағы 23 емханасында артериалдық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек кемістігі сынды 3 нозология бойынша пилотты жоба ретінде Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілуде. Бұл бағдарлама пациенттерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету арқылы созылмалы аурулардың асқынуын, ауруханаға шұғыл түсуін азайтуға бағытталып, азаматтардың өз денсаулығы үшін тең дәрежеде жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Денсаулық сақтау саласының негізгі басымдығы – ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.Алғаш рет посткеңестік елдер арасында Қазақстанда пневмококк инфекциясында қарсы вакциналауды бастады. Бүгінгі таңда еліміздің 2 аймағы аталған вакциналау түрімен қамтылды. Кезең-кезеңімен вакциналау республика бойынша жүргізілетін болады. Тек аталған шаралар ғана балалар арасындағы өлімді 20%-ға төмендуге мүмкіндік береді.

Өз сөзінің соңында министр еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуында оң өзгерістер бар екенін, дей тұрғанмен, жаһандық деңгеймен қатар, ішкі ахуалға қатысты да жүйенің белгілі проблемалары бар екенін атап өтті.

«Осыған байланысты және Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын жүзеге асыру үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен, медициналық ұйымдармен, жеке және кәсіби қауымдастықтармен, үкіметтік емес сектормен, пациенттермен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. «Қазақстан -2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін ЭЫДҰ озық тәжірибесіне сүйене отырып, одан әрі жүйелі жұмысты жалғастыруымыз қажет. Ортақ іс-қимылдар мен денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша көтерген бастамаларды жүзеге асыру шаралары біз бүгінгі таңда белгілеген көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деді министр.

Ведомствоның 2016 жылдың қорытындысы бойынша және 2017 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР денсаулық сақтау саласын әрі қарай жаңғырту мақсатында бес бастама көтерілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елбасының биылғы халыққа Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау саласының алдына қойғаніндеттерін орындау мақсатында 5 негізгі бастаманы анықтады.

Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін пациенттердің мүддесіне қарай интеграциялау. Бұл алғашқы/профилактикалық звено деңгейінен бастап барлық кезеңдерді қамтитын медициналық көмек көрсетудің біріктірілген жүйесін енгізуді қарастырады. Медицинаны дамыту, дені сау және ұзақ өмір сүру жөніндегі ұлттық бағдарлама қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, саланы цифрлау және ақпараттандыру жөніндегі шаралар өз жалғасын тауып, емханаларға тіркеу ережелері оңтайландырылады, IT мониторинг негізінде АББ-ны жүргізілетін болады.

Екінші бастама – ЭЫДҰ ұсыныстарына сай стандарттарды сәйкестендіру. Бұл шаралар аясында жеке медицинаны дамытудағы кедергілерді жою, мемлекеттік функцияларды тәуелсіз кәсіби ортаға беру, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдардың бағасын реттеу жоспарланған.

Қазіргі жағдайда мемлекеттік ресурстарды тиімді қолдану мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, үшінші бастаманы көтердік. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық және кадрлық саясатты қайта қарау қарастырылған. Жеке және шетелдік инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға, ғылым мен медициналық білімді жетілдіруге мән берілмек.

Денсаулық сақтау саласының жетістігін қамтамасыз ету үшін оның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету керек. Сондықтан төртінші бастама ретінде нәтижеге негізделген қаржыландырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру міндеті қойылып отыр.

Сонымен қатар:

- Стационарлық көмекті пайдалану деңгейін төмендету;

- Озық медициналық трансферттерді енгізуді ынталандыру;

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бюджетін қажеттіліктерге қарай бөлу;

- Негізгі қорларды, капиталдық шығындарды, медициналық және ақпараттық технологияларға қызмет көрсетуге кететін шығындарды, қаржылық қызметтердің шығындарын есепке ала отырып, тарифтер мен шығындарды қайта қарау жоспарланған.

Бесінші бастама – пациентке есеп беретін және транспаренттілікті қарастыратын жүйені басқару. Осыған байланысты медициналық мекемелерге шаруашылық жүргізу құқын бере отырып, корпоративті басқару жүйесін енгізу, мақсаты – қызмет көрсету сапасы мен тиімділігі пациенттің мүддесіне бағытталған медициналық қызмет көрсетушілер үшін КPI әзірлеу жоспарланған.

Аталған бастамаларды көтерудегі негізгі мақсат – медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Автор:
ТауШұбар.