Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әттең тонның келтесі –ай ...


10 марта 2017, 16:05 | 675 просмотров



Байлам мен ой өздігінен тумайтыны хақ. Саяси ахуал әсерінен дүниеге келмек. Заманның зар ақырған дүрбелең кезеңі кезінде тәтті ұйқыдағы қалың жұртқа ащы сабақ бола білді. Тәуелсіздік идеясы да елімізде уақытына қарай пісіп өркен жайды.Ресейдегі 1905-1907 жылдары өршіген революция дауылы империяның түкпір-түкпірін, соның ішінде Қазақ даласын да шарпыды. Халықтың бойында, ойында қоғамдық-саяси үркіншілік  қызуы пайда болды. Көкірегінің оты бар, көзі ашық ел азаматтары бұл дүрбелеңнен шет тұра алмады.  Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Сералин сынды қазақ зиялылары ұлт-азаттығы туын көтерді. Сол ту төңірегіне елдің күллі әлеуметтік күштерін топтастырды. Мерзімдік баспасөз жүйесін құрды. Оған ояна бастаған ұлттық сананың ұйтқысы болу міндеті жүктелді. Қатаң цензура жағдайында шықса да, ұлтжанды  журналистер патша үкіметінің отарлау саясатына наразылықты тұспалдап айта білді. Саясатты қолдаған болып, жалған кейіп танытты. Ойлағаны–қазақтың қамы һәм болашағы болатұғын.

Бүгінде кейбірі үшін, бәлкім, бұл–ұмытылмас тарих, ал біздер үшін, журналистер үшін–өз бағасын жоймағанұлы құбылыс,  шамымызды  сөндірмей келетұғын шежіре іспеттес асыл мұра.

Халықтың ауыр жүгін мыңдасып көтеріп, қуанышын бірлікте бөлісіп, суығына бірге үсіп, ыстығына бірге терлейтін де өткір тілді, орақ ауызды  һәм батыл да батыр  ұшқыр қалам иелері. Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді.Ол–сөзге шешен, ұтқыр ойлы, қайсар мінезді  қайтпас  жан. Өкінішке орай, қажымас қайратты қайрап алатын да, сайраған дүниені сан соқтыратын да биікте билеп отырған, татулықты теңіз түстес аспанға балап, мұрын шүйіріп, сол көктен қарайтындар бар емес пе?! Бостандық дегендері бос дүние ... қыңжылтатыны да сол.

Алаш азаматтары, қазақ қырандары болған бабалар жолымен қайта келеміз, солардың ғұмырын кешудеміз. Шырқырап жүріп  шымыр шындықты айтамыз, ашуды азуымыздан шығармаймыз. Елдің ертеңі үшін күрес қанша өліммен пара-пар болса да, өмірімізді  қиюдан  тайынбақ емен. Себебі ұлт тағдыры–ұл намысы.

Кісен тілді сүймейді,жақты айырып, рухты сөндірмейді.Қиындыққа  қасқайып  қарсы тұру–қазақтың қанына біткен қасиет. «Болыс-сымақтың қолшоқпары  мылқау қылса да, мойынсұнбау –міндет. Меңіреу етсе де,  халыққа мезі болмау- қызмет, арызын алып, қарызын өтеу–парыз!»-міне біздік ұран.

Ашық жазбасақ та, анық жазайық. Үздік жазбасақ та, үзбей жазайық. Ыстық дүниені ысырмай жазайық. Жалғанын жасырмай, ең болмағанда жұмбақтап жазайық.

Автор:
Алтынай МАХИМОВА, ЖМУ білімгері,2 курс, Талдықорған қаласы