Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Профилактика

БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ КЕРЕК ПЕ?


10 марта 2017, 15:55 | 748 просмотров



Баласына екпе жасату керек пе, жоқ па? Барлық аналар қазір осы туралы ойлайды.

Имунитет арттыру, яғни екпе жасау қауіпті аурулардың алдын алудың бірден бір шарты. Бұл бүгінгі күндері тәжірибеге енген тәсіл емес. Мұны ертеректе сонау 18 ғасырда пайдаланған. Қазір осы екпенің арқасында балар арасындағы бұрын қауіпті ауру болып есептелетін қызылша, сүзек сияқты аурулардың әсері азайған. Дегенмен аналар әлі күнге екі топқа бөлінуде. Бірі екпені мақұлдаса, бірі қарсы.  Балаларына екпе салдырған ана, қазір менің көңілім жайланған дейді. Бір жақты болмасын деп біз екпеге қарсы екінші тараптың да пікірін тыңдадық. Украиналық балалар дәрігері Евгений Олегұлы Комаровский «бұрындары қазақ балаларының жоқ дегенде бір пайызы қызылшадан көз жұматын болса, қазір бұндай жағдай тіркелмей отыр. Ол осы екпенің арқасы. Сондықтан екпеге қарсы емес, қандай екпе салатындығын және оны сапасын білуге ұмтылу керек» деді. Міне, қазір біздің халық қалаулыларымыз осы мәселемен де айналысуда. Баланың өз  гешелігін екпені қабылдаудағы қабілетін зерттеп болмай міндетті екпе жасауға қарсылықтарын блідіруде.

Болашақ аналарға екпе мәселесі бойынша өз баласына жүкті кезінде ойланған маңызды, өйткені бұл дилемма бала дүниеге келгеннен бастап болашақ ата-аналардың алдында міндетті түрде туындауы мүмкін. Екпе жасау немесе жасамау — барлық ата-аналар белсенді түрде талқыға салатын өте өзекті тақырып. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу халық үшін міндетті болып табылады, өйткені екпелер егілетін адамның мүддесі үшін ғана емес, бүкіл қоғамда қоздырғыштардың айналымын тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Акушер-гинекологтар баланы босанғаннан кейінгі кезеңде вакцинацияның маңыздылығы туралы айтып түсіндірді. Соңғы уақытта болашақ ата-аналар үшін жаңа туған нәрестелеріне перзентханада екпе жасату өте көп мәселелерді тудыруда. Кейбір ерлі-зайыптылар балаларына екпе жасаудан түбегейлі бас тартып жатады. Алайда, дәрігерлер екпе егудің қажеттілігін талап етуде. Перзентханада нәрестені шығарар алдында екі: туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы екпе жасайды.

Туберкулезге қарсы екпе. Туберкулез – микобактериялардың көптеген түрлерімен қозатын, кең тараған жұқпалы ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әр секунд сайын туберкулезді бір адам жұқтырады және жыл сайын осы аурудан әлемде 2 миллион адам көз жұмады. Туберкулез адамның қандай жағдайда өмір сүретініне қарамастан, барлығын зақымдайды. Бұл өте жұқпалы ауру, негізінен ол ауа-тамшы жолымен жұғады, одан кейін әр түрлі органдарды зақымдайды, сондай-ақ адам терісі арқылы да беріледі. Өкінішке орай, микобактерияны жұқтыру үшін жұқтырылған адаммен тікелей қарым-қатынаста болу талап етілмейді. Сондықтан, перзентханадан шығарғаннан кейін жұқтырудың алдын алу үшін дәрігерлер балаға вакцинацияны перзентханада алуға болатынын қатаң ескертуде. Микобактерияға иммунитетті жоқ бала тәуекел аймағында болады. Сол үшін БЦЖ-дан бас тартар бұрын бірнеше рет ойланған жөн. Жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін үшінші күні вакцинациялау жүргізіледі. Вакцинаны сол жақ иық бетінің тері ішіне енгізеді. Вакцинадан кейін бірден бұл жерде ақ түсті іріңсіз бөртпе (папула) пайда болады, ол шамамен 20 минуттан соң көрінбей кетеді. Вакцинация жасалған жерде екі-үш ай көлемінде диаметрі 1 мм-ден аспайтын кішкене тығыздық пайда болады, ол бала жасына толғанға дейін тыртық болып түпкілікті жазылып кетеді.

Болашақ аналарды екпеге дайындау болып табылады, бұл халықтың денсаулығын сақтау тиімділігіне, халықтың профилактикалық бағдары арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Барлығын қалай дұрыс істеу керек? Баланың денсаулығына қалай зиян келтірмеу және оны қорғауы керек? Балаларға қандай екпе жасату керек және олар не үшін керек?

Балаларға екпе (вакцинация) жасау – ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс.  Қазiргi кезде алдын ала егу нәтижесiнде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, қара шешек) жойылды. Сондықтан, түрлi жұқпалы ауруларға қарсы егудiң маңызы зор екенiне ешбiр күмән келтiрiлмейдi. Екпенiң не екенiн қазiргi ата-аналардың бәрі дерлiк бiлсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбiнде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткенi, қазiргi таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе-бет келген адамдар кемде-кем. Ал, туберкулезбен және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелi кез келген аулада естiлiп жататын. Ата-аналар баласының таңертең қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазiргi уақытта мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арасында кезiнде полиомиелитпен ауырған адамдарды кездестiруге болады.   Жыл сайын дүние жүзiнде жұқпалы аурулардан мыңдаған адам көз жұмады және көбiсi өмiр бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан, халықты және балаларды вакцинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсiнiп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерiн жүргiзудiң нәтижесінде балаларымызды инфекциялардың қауiп-қатерiнен аман сақтауға қол жеткiземіз.   Вакцинациялау тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне (ТМККК) енгiзiлген. Қазақстанда халықты иммундауға байланысты барлық қаржы мәселесiн шешудi мемлекет 1995 жылдан бастап өзiне жүктеген. Жыл сайын вакциналар республикалық бюджет қаржысына сатып алынады. Елiмiзде екпе жасау сәттi жүргiзiлiп келедi және ол аяғы ауыр түрде асқынулармен өтетiн немесе аяқталатын, ең алдымен балаларды ауыр зақымдайтын ауруларға қарсы бағытталған.

Қазiргi уақытта вакцинациялау - егу арқылы балалар мен халықты салға (полиомиелитке), қызылшаға, қызамыққа, туа бiтті қызамыққа, құрөзекке, көкжөтелге, туберкулезге, эпидемиялық паротитке (шошқа мойынға), гемофильдi инфекцияға, «В» және «А» гепатитi мен тұмауға (гриппке) және тағы басқа жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенiмдi әдiсiн қолдану барысында вакцинация - екпелер жасалуда. Жыл сайын әлемде барған сайын жаңарып, жаңадан пайда болған жұқпалы ауруларға қарсы жаңа және сапасы жақсартылған вакцина түрлерi ашылуда.

Вакцинациялаудың негiзгi мақсаты - ол адам ағзасында иммунитет пайда болу арқылы жұқпалы ауруларды қабылдауға қарсы тұру болса және соның нәтижесінде ауруға шалдығу мен өлiм-жiтiм санын азайтуда өте маңызы зор. Екпе жасаудың маңыздылығын бағалауда әрбiр ата-ана мен жалпы қоғамда толық түсiнiк болуы өте қажет. Жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жаппай түсінуі маңызды.

Автор:
Шалқар Оразбаев


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто