Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Министр МӘМС жүйесінің негізгі артықшылықтарын түсіндірді


24 февраля 2017, 05:16 | 1 581 просмотр



Ақпанның 17-де ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыстың медициналық қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы хабарлады.

Ол 125 мың тұрғыны бар Мұнайлы ауданындағы емханаға барды, мұнда 100 мың тұрғын амбулаторлық-емханалық қызметтер алып келеді. Соңғы бес жылда аталған ауданда туу көрсеткіші жоғарғы деңгейде. Мәселен. Өткен жылы 4978 нәресте дүниеге келген. Толыққанды педиатриялық көмек көрсету мен кішкене тұрғындарды қамту мақсатында учаскелерде консультанттар қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, емханада алғаш рет нәрестелері бар аналарға баланы дұрыс тамақтандыру, балалар ауруларының алдын алу, шынықтыруға үйрететін ресурстық орталық ашылған.

«Ауданның барлық тұрғындары барлық санат бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне кіруі маңызды. Халыққа сақтандырылған азамат статусын қалай алу керектігі жөнінде дұрыс түсіндіріп, әрбір отбасына аталған ақпараттың жетуін қамтамасыз ету керек», - деді Министрлік басшысы айдандық емхана қызметкерлерімен болған кездесуде. Әрі қарай сапар барысында министр облыс әкімі Алик Айдарбаевтың халық алдындағы есебіне қатысып, «СофиМед» ірі коммерциялық емханасында жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен саладағы жұргізіліп отырған реформалардың негізгі бағыттары туралы пікір алмасты. Содан соң Маңғыстау көпсалалы облыстық ауруханасында медициналық активпен кездесті,

Жеке медициналық бизнес өкілдеріне министр медициналық сақтандыру жүйесінде меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарға экономикалық тиімді әрі тең жағдай жасалатынын баса айтты.

Ол министрлікте қазіргі таңда бизнестегі кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ, жеке сектордың ұсынымдары қабылданып, министрліктің тікелей диалог құруға мүдделі екенін атап айтты.

«Біз медициналық қызмет көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің үлесі саны жағынан да, қаржы жағынан да артуын күтіп отырмыз. Біз тариф саясатын қарастыруға дайынбыз. Ол сіздердің инвестицияларыңызды ескере отырып, нарық тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Сонымен бірге, біз ақпараттық жүйелер арқылы тиімділікті бақылайтын боламыз. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі бәсекелестіктің артуын ескере отырып, бағаның өздігінен реттелетінін ұмытпау керек. Аурухана экономикасы мен қызмет сапасын бақылап отыру үщін орташа баланс болуы қажет», - деді Елжан Біртанов.

Ол жыл соңында Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісішарттар арқылы халыққа қызмет көрсетудегі жеке емханалардың үлесі анықталып, қазіргі таңдағы кедергілер жойылатындығын айтты.

Өз кезегінде жеке аурухана мен зертхана басшылары министрліктің барша бастамаларына қолдау білдіріп, медициналық техника мен лизинг алу, тарифтерді енгізу мен бірқатар шектеулердің жол бермеу туралы мәселелерді талқылауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Облыс медициналық активтерімен кездесу барысында ведомство басшысы медициналық сақтандыруды енгізу бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, МӘМС жүйесіндегі негізгі артықшылықтарға тоқталды.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады. Бұл жүйеснің тиімділігін халықаралық тәжірибе дәлелдеген. Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің ауқымды көлемі ұсынылады. Халықтың әлеуметтік тұрғыдақ қорғалмаған санатын мемлекет қолдайтын болады. Үкімет денсаулық сақтау саласын тиісті ақпараттандыру жүйесімен қамтамасыз етуі шарт. Бәсекелестікті арттыру мақсатында медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға теңдей мүмкіндік берілуі тиіс. Үкімет пен әкімдіктерге ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында.

Ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді медициналық қауымдастық арасында, жұмыс берушілер мен тұрғындарға кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының (АТЖ) үшінші кезеңі басталды. АТЖ өткізу мақсатында әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында бүгінгі таңда әкімдер мен олардың орынбасарлары бастаған аймақтық штабтары жұмыс істейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық штаб құрамына беделді дәрігерлер, қоғамдық қайраткерлер, медициналық |ЖОО оқытушылары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері шақырылды. АТЖ-ның алдыңғы екі кезеңінің нәтижесі бойынша 2016 жылдың 6 айында 180 мыңнан астам адам қамтылды.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту бойынша, сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу тетіктері көрсетілген заң жобасын дайындады.Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыстың медициналық қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы хабарлады.

Ол 125 мың тұрғыны бар Мұнайлы ауданындағы емханаға барды, мұнда 100 мың тұрғын амбулаторлық-емханалық қызметтер алып келеді. Соңғы бес жылда аталған ауданда туу көрсеткіші жоғарғы деңгейде. Мәселен. Өткен жылы 4978 нәресте дүниеге келген. Толыққанды педиатриялық көмек көрсету мен кішкене тұрғындарды қамту мақсатында учаскелерде консультанттар қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, емханада алғаш рет нәрестелері бар аналарға баланы дұрыс тамақтандыру, балалар ауруларының алдын алу, шынықтыруға үйрететін ресурстық орталық ашылған.

«Ауданның барлық тұрғындары барлық санат бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне кіруі маңызды. Халыққа сақтандырылған азамат статусын қалай алу керектігі жөнінде дұрыс түсіндіріп, әрбір отбасына аталған ақпараттың жетуін қамтамасыз ету керек», - деді Министрлік басшысы айдандық емхана қызметкерлерімен болған кездесуде. Әрі қарай сапар барысында министр облыс әкімі Алик Айдарбаевтың халық алдындағы есебіне қатысып, «СофиМед» ірі коммерциялық емханасында жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен саладағы жұргізіліп отырған реформалардың негізгі бағыттары туралы пікір алмасты. Содан соң Маңғыстау көпсалалы облыстық ауруханасында медициналық активпен кездесті,

Жеке медициналық бизнес өкілдеріне министр медициналық сақтандыру жүйесінде меншік түріне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарға экономикалық тиімді әрі тең жағдай жасалатынын баса айтты.

Ол министрлікте қазіргі таңда бизнестегі кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ, жеке сектордың ұсынымдары қабылданып, министрліктің тікелей диалог құруға мүдделі екенін атап айтты.

«Біз медициналық қызмет көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің үлесі саны жағынан да, қаржы жағынан да артуын күтіп отырмыз. Біз тариф саясатын қарастыруға дайынбыз. Ол сіздердің инвестицияларыңызды ескере отырып, нарық тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Сонымен бірге, біз ақпараттық жүйелер арқылы тиімділікті бақылайтын боламыз. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі бәсекелестіктің артуын ескере отырып, бағаның өздігінен реттелетінін ұмытпау керек. Аурухана экономикасы мен қызмет сапасын бақылап отыру үщін орташа баланс болуы қажет», - деді Елжан Біртанов.

Ол жыл соңында Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісішарттар арқылы халыққа қызмет көрсетудегі жеке емханалардың үлесі анықталып, қазіргі таңдағы кедергілер жойылатындығын айтты.

Өз кезегінде жеке аурухана мен зертхана басшылары министрліктің барша бастамаларына қолдау білдіріп, медициналық техника мен лизинг алу, тарифтерді енгізу мен бірқатар шектеулердің жол бермеу туралы мәселелерді талқылауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Облыс медициналық активтерімен кездесу барысында ведомство басшысы медициналық сақтандыруды енгізу бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, МӘМС жүйесіндегі негізгі артықшылықтарға тоқталды.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады. Бұл жүйеснің тиімділігін халықаралық тәжірибе дәлелдеген. Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің ауқымды көлемі ұсынылады. Халықтың әлеуметтік тұрғыдақ қорғалмаған санатын мемлекет қолдайтын болады. Үкімет денсаулық сақтау саласын тиісті ақпараттандыру жүйесімен қамтамасыз етуі шарт. Бәсекелестікті арттыру мақсатында медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға теңдей мүмкіндік берілуі тиіс. Үкімет пен әкімдіктерге ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында.

Ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді медициналық қауымдастық арасында, жұмыс берушілер мен тұрғындарға кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының (АТЖ) үшінші кезеңі басталды. АТЖ өткізу мақсатында әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында бүгінгі таңда әкімдер мен олардың орынбасарлары бастаған аймақтық штабтары жұмыс істейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық штаб құрамына беделді дәрігерлер, қоғамдық қайраткерлер, медициналық |ЖОО оқытушылары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері шақырылды. АТЖ-ның алдыңғы екі кезеңінің нәтижесі бойынша 2016 жылдың 6 айында 180 мыңнан астам адам қамтылды.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту бойынша, сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу тетіктері көрсетілген заң жобасын дайындады.

Сол күні С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗММУ-да ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Басқарма басшысы Елена Бахмутова және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиля Тауфикованың қатысуымен әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (МӘМС) мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша Елбасының тапсырмалары жөнінде отырыс өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтық комитет басшылары, МӘМС-ті енгізудің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша қалалық штаб мүшелері, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы коллегиясының мүшелері, денсаулық сақтау басқармасы басшылары, Алматы қаласы медициналық ұйымдардың өкілдері, салалық бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын тиімді басқару мен қаржыландыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу – аталған мәселелерді шешуге негізделіп, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Министрлік халықтың денсаулығын нығайтуды қолға алуымыз керек. Сондай-ақ. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурулардың алдын алу, ең алдымен, Қазақстанда қоғамдық денсаулық қызметін құру бойынша біріктірілген үлгі негізінде халықтың денсаулығын нығайту бойынша жаңа саясатты енгізу мақсаты құрылды», - деді Елжан Біртанов.

ҚР Денсаулық сақтау басшысы медициналық сақтандыру саласындағы заң жобаларына енгізілетін жаңалықтар туралы да айтты. Онда жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту бойынша, сонымен қатар, ӘМСҚ-ның кіріс-шығыс есептері мен ұйымдастыру шаралары да қарастырылған.

Ол МӘМС жүйесіне белсенді емес тұрғындардың (өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтар) қатысу тетіктерін, олар төлейтін жарналардың көлемін 1 АЖК-дан 5%-ға дейін төмендету ұсынылып отырғаны туралы толыққанды ақпарат берді. Осылайша, ресми кірісі жоқ адамдар салыстырмалы түрде Қорға аз жарна төлеу арқылы МӘМС аясында медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізе алатыны туралы атап айтты.

Министр халық арасында сапалы ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізудің маңыздылығын айта келе, қала активтеріне, аймақтық штаб мүшелеріне әлеуметтік медициналық сақтандырудың барлық ерекшеліктерін азаматтарға дұрыс әрі толыққанды түсіндіру керектігін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы тапсырма берді.

Қазақстан Республикасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігі алғаш рет «Институттық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»» жоспары мен Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында анықталған болатын.

2015 жылғы қарашада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды.

2016 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мұнда МӘМС-ті енгізу мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Аталған құжатқа сәйкес Медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналар мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалардың Қорға төлейтін жарналары 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстырылды. Жалдамалы жұмысшылардың жарна төлеу мерзімі бұрынғыдай – 2019 жылдан басталады.

МӘМС жүйесіндегі жеке тұлғалардың медициналық көмек алу, денсаулық сақтау ұйымын таңдау мен медициналық көмектің көлемін анықтау құқығы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.

Медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің мақсаты мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген медициналық көмек көрсету міндеттемелері мен кепілдік берудің тұрақты әрі үйлестірілген жүйесін құру болып табылады.

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіндегі әрбір азаматтың қатысу деңгейі мен жауапкершілігі нақты анықталатын болады.

Қазіргі таңда жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту бойынша, сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу тетіктері көрсетілген заң жобасы дайындалуда.

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу төмендегі артықшылықтарды қарастырады:

  • денсаулықты нығайту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру;
  • сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;
  • денсаулық сақтау жүйесін халық сұранысына сай құру;
  • амбулаторлық деңгейде халықты дәрілермен қамсыздардыру аясын кеңейту;
  • денсаулық сақтау жүйесіндегі бейресми төлемдерді азайту.

Анықтама үшін: Қазақстанда «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес (парламентке енгізу жоспарланып отыр), МӘМС-ті енгізуге қатысты төмендегі жарна мен төлем мөлшерлемесі қарастырылған:

- жұмыс берушілердің жарналары: 2017 жылдың шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %; 2018 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы - 3%;

- жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар – кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 АЖК-дан 5% кем емес;

- жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы -2017 жылғы шілдеден бастап 1 АЖК-дан 5%;

- халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдың қаңтарынан - 3,75%, 2019 жылдан бастап - 4%, 2022 жылдан - 4,5 %, 2025 жылдан - 5% болады.

Автор:
ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.