24 февраля 2017, 05:02 | 1 873 просмотра
Бруцеллез адам мен жануардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Бруцеллез жалпы атауымен біріккен микробтар топтарынан туындайды.
Бруцеллез ауылшаруашылық және үй жануарлардың барлық түрлері шалдығады. Бірақ бруцеллездің таралуының негізгі рөлі ірі және кіші қара малда.
Талдықорған қаласы бойынша адамдар арасында бруцеллез ауруы кең таралуда. Соңғы 3 жылда 64 науқас сырқаттанып, оның ішінде балалар арасында – 5 жағдай тіркелді. Балалар мен жасөспірім арасындағы аурушандық алаңдатады, 5 бала мүгедектікке ұшырады деуге болады.
Бруцелла бактериясы суда және мұз болып қатқан етте 5 ай, сүтте 45 күн, топырақта 3 ай, брынзада 60 күн, сары май мен қаймақта өнімнің өзі бұзылғанша, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 3-4 ай сақталады. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүтінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек.
Адамға жұғу сәттері:
Адамның жұғу оқиғалары көбінесе жұқпалы жануарлардан жүзеге асады. Адамнан адамға жұқпа таралмайды. Адамның науқасы жұққан жұқпадан кейін 1-4 апта өткеннен соң біліне бастайды. Жалпы белгілері: түнгі тердің шығуы, қалтырау, ұйқышылдық, бұлшық еттің ауруы-әсіресі белде, бас ауруы, тону.
Бруцеллез жіті аурудың түрінде өтеді. Балаларда бруцеллез ауруы ауыр, асқынуы да болуы мүмкін. Емделмеген бруцеллез әдетте созылмалы формаға ауысады. Мұқият болыңдар және стихиялық базарларда азық – түлік сатып алмаңдар, үнемі сапасы мен қауіпсіздікті растайтын құжаттарды талаптану қажет.
Мал иелері жыл сайын көктемде және күзде бруцеллезге зертханалық тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін ветеринариялық жұмыскерлерге бар малын көрсету қажет.
Бруцеллез – ауыр ауру. Науқасқа ұшыраған әр адам уақытында дәрігерге қаралып, дәрігердің кеңестері мен жазып берген дәрісін қабылдап, аурудан жазылуын қамтамасыз ететінін ұмытпау қажет.