24 февраля 2017, 05:01 | 1 335 просмотров
Алматы облысында АИТВ жұқпасымен диспансерлік есепте тұратындардың 2,1 пайызы балалар мен жасөспірімдер. Олардың 41-і 15 жасқа дейінгі балалар болса, үшеуі 15-тен 18-ге дейінгі жасөспірім. Алайда барлығы да біздің аймақтың тұрғыны емес,республикамыздың басқа өңірінен көшіп келгендер. Өкінішке қарай, жас өскіндеріміз бұл індетті ауру анасынан жұқтырады. Ал ол аналар жүкті кезінде дәрігерге қаралмай, өзімен қоса болашақ сәбиінің де өміріне жауапсыз қараған. Әйтпесе бүгінде АИТВ жұқпасының алдын алудың барлық амалдары қарастырылған. Соның арқасында ауру ата-аналардан сап-сау балалар дүниеге келіп жатыр.
Балалардың індет жұқтыруы жатыр ішінде жүзеге асатындықтан, оны АИТВ жұқтырудың вертикальді жолы деп атайды. Сондай-ақ, емшек сүтімен емізу кезінде де жұқтыру қаупі жоғары. Барлық жүкті әйелдер АИТВ-ға екі рет тексерілуден өтеді. Егер қан құрамынан АИТВ анықталса, дүниеге сау ұрпақ әкелуі үшін алдын алудың барлық шаралары қолға алынады. Алдын алу шараларын қолданбаса індет жұқтыру тәуекелі 40 пайызға жоғарылайды. Ал жасөспірімдер бұл індетті ересектер сияқты:
Ересектер бұл айыбын өздерінің жүгенсіз мінез-қылықтарынан тауып жатса, балалардың бұл тауқымет қамытын жамылатындай еш кінәсі жоқ. Неге мен де өзге балалардай емеспін деген сұраққа еріксіз қамалатын оларға АИТВ-дәрежесін естірту қандай қиын екенін білсеңіз ғой.
Бүгінгі таңда тиімділігі жоғары үш компонентті ретровирусқа қарсы терапия бар, бұл ем барлық АИТВ жұқтырғандарға иммунды жүйесі жасушаларының көрсеткіштеріне орай тағайындалады. Медицинасы дамыған 21-ғасырда ешкім де бұл індеттен өлмейді, егер адам уақытында тексерілуден өтіп, ем қабылдаса, жамандықтың бетін қайтару қиын емес. Өзіміздің де, өзгенің де денсаулығына сақтықпен қарайық, салауатты өмір салтын ұстанайық, достар! Қысқасы, спортпен айналысып, есірткіге жолама, бауырым!