Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ауылдық жердегі медицина қаншалықты даму үстінде?


3 февраля 2017, 04:08 | 1 236 просмотров



   Қалалардан шеткері орналасқан ауыл аймақ  жағдайы, оның халқының денсаулығы – бізді ойландыратын мәселелердің бірі.  Ауылдардағы шешілмей жатқан мәселелер көп-ақ. Олардың шешімін табу атқа мінерлердің жұмысы болса, ескертіп отыру –біздің міндет. Жарайды, сөзді көп созбай тоқ етеріне көшсек.

      Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылының шешілмеген мәселесінің бірі -аймақтың көп тұрғынын жұмыспен  қамтамасыз етіп отырған Құс Фабрикасынан шығатын жағымсыз иіс. Қолаңсаны жаратын бұл иіс қаншама аурудың себепшісі болып отыр. Осы жайлы ауылдық медициналық пунктің фельдшер дәрігері Сейдахмет Жазира Нүсіпжанқызы баяндады.  1000 –нан астам тұрғыны бар ауылдың қазіргі жағдайы басқалармен салыстырғанда жақсы. Білім алатын ордасы, балабақшасымен қатар мәдениет үйі анда –санда жұмыс жасайтын кітапханасы бар. Және орнатылғанына 3 жылдың көлеміндей болған көше жарық шамдарымен қатар ескі болсада халықтың көңілінен шығып жүрген почта қызметі мен медпункт орналасқан. Бұлардың барлығында жұмыс жасайтын адамдар саны шамалы. Қаладан келіп жұмыс жасайтын қызметкерлерді есептесең, халықтың көбі жұмыссыз. Ал, сол  халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жоғарыда айтқан фабрика болғандықтан, оларға қарсы шара қолдана алмай отыр»,- дейді фельдшер. Бұдан бөлек Жазира Нүсіпжанқызы ауылдық медициналық бөлімшенің қазіргі жағдайына да тоқталып өтті.

  • Ауылда тұратын тұрғындардың санына байланысты негізгі қызметкер 2 дәрігер болуы шарт. Бірақ қазір жұмыс жасап отырған 1 фелдьшер ғана.Бұған не себеп ? Маман тапшылығы ма? Әлде, 1 дәрігер жеткілікті дейма?
  • Негізгі медициналық бөлімшенің мақсаты – алғашқы жедел көмек көрсету. Сонымен қатар, адамдардың ауруларын тексере отырып, дерт түрлерімен таныстырып, алдын алу шараларын жасау.  Алғашқы жәрдем көрсетуге арналған құрылғылармен қатар, дәрі дәрмек барлығы Талдықорған қаласындағы Қалалық емханадан бөлінеді- деп, жалғастырды сөзін. Сондай-ақ, қарт адамдар мен өздігімен қозғала алмайтын адамдарға, жаңа туылған жас сәбилердің үйлеріне барып қызмет  көрсетеді. Алғашқы жәрдемді бір уақытта 2 жерге көрсету керек болған жағдайда, шұғыл делінген шақыртуға барамыз,- дейді. Бұндай жағдай көптеп кездесетіндіктен маманның отығы білініп тұрады.

Айта кетер бір жайт, қазақ болған соң халық медицинасын назарда ұстайтынымыз бар. Сол себепті де, кейбір ауыл адамдары, өз беттерімен емделгенді жөн көрсе, тіпті кейбірі жеке дәрігерлеріне барамыз дейтін көрінеді. Әрине, әр адамның  құқығы өзінде.  Алайда, айына немесе жылына толық медициналық тексеруден өту артық етпес. Бұл сіздің және отбасыңыздың денсаулығы үшін маңызды.

Ауыл тұрғындарының тағы бір зардап шегіп отырған мәселесінің тағы бірі  жан-жақта шашылып жатқан қоқыстар. Қыста ақ ұлпаның астында жатып байқалмағанымен, көктем келіп, жер бетіне көк түскеннен бастап жағымсыз иістен мұрның бітелсе, ағараңдаған бала жөктері мен бтелкелерден көзің шағылысады. Мұндай істерге әр отбасы жауапты. Ауласымен қатар қорасының сырт жағында таза ұстаса бұны алдын алуға болар еді.

   Қандай жағдайды айтсақта сөздің шыны керек... Бұл мақалалардың жалғасы яғни басқа ауыл жайларынан да алдағы нөмірлерде хабардар ететін боламыз.

Автор:
Аймарал ДАУЛЕТБЕКҚЫЗЫ