Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Келер ұрпақтын алдында саясаткерлік жауапкершілік өте үлкен»


28 октября 2016, 03:41 | 1 543 просмотра



Сауд Арабиясына іс сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев CNBC Arabia арнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты өз пікірін білдірді. Араб әлемі елдеріндегі хабар таратушы ірі компанияның бірі болып саналатын CNBC Arabia – қаржы-экономика тақырыбына бейімделген, өңірлік және халықаралық ауқымдағы басты оқиғаларды жариялап-көрсетуге маманданған телеарна.

Ноха Али - CNBC Arabia телеарнасының тілшісі:

- Жоғары мартебелі, Президент мырза! Уақыт бөліп сұхбат бергенініз үшін алғыс білдіремін.

- Рахмет!

- Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бастап, қол жеткізген табыстары және өзіңіздін басшылығыңызбен жасалған реформалар туралы айтып берсеңіз. Және тағы қайталап өтейін, Сізден сұхбат алуы мен үшін үлкен мәртебе.

- Қазір барлық мемлекеттердің алдында үлкен сынақтар тұр. Себебі, саяси ахуал, экономикалық ахуал, дүниеде өте қиын болып тұр. Қазақстан 15 бай елдіңішіне кіреді мұнай мен газдан. Қазіргі бағаның төмендеп тұрғаны сол, ең бірінші сынақ. Бір жағынан бұл қиын жағдай, екінші жағынан біздің елдерімізге басқа экономиканы өркендету үшін қолайлы жағдай туғызады. Біз жас мемлекет болғаннан кейін, мемлекет құруда төңірегіміздің барлығына бейбітшілік орнатуда. Ішкі саясатта әр уақытта сондай алдымызда тұрған міндеттер болады. Оны орындау оңай емес. Сауд Арабиясында «Видение-2030» деген бағдарлама құрылды. Бізде ондай бағдарламаны орындағанбыз 2030-ыншы жылға дейін. Қазіргі біздің бағдарламымыз 2050-інші жылғы дейін. Оның негізгі мақсаты - отыз өркендеген елдің арасына ену.

Әр ел өзінің жағдайына байланысты, мүмкіншілігіне байланысты болашаққа бағдарламаны құрады. Сол міндетке жетудің мақсатында біз индустриялық бағдарлама, мұнай мен газдан, ресурстан басқа экономика құру. Екінші - біздің жағдайымызға қарап отырып коммуникация бөлік жүйесін өркендету. Үшіншіден – біздің адамдардын сапасын арттыру. Үш мәселемен жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанның өркендететін, өсіретін салалары ол жалпы: металлургия, химия, ауыл шаруашылығы және көлік мәселесі. Осы мәселелер жөнінен барлық жағынан жұмыс істеп жатырмыз.

- Мұнай туралы айтып кеттіңіз. Келесі сұрақ мұнайдың бағасына қатысты. Әлемде мұнай бағасының төмендеуі көп мемлекетке, әсіресе мұнай өндіруші елдерге, теріс әсер етіп жатқаны белгілі. Осы орайда мұнайдың өндірісін төмендету туралы Сіздің пікірініз қандай? Және мұнайға тәуелділіктен арылу үшін қандай шаралар қолға алынуда ма?

- Дүниедегі белгілі тарих. Бізде басқа да мұнай елдері бар. Мысалы сіздердің мемлекеттері, мұсылман мемлекеттерінде, батыста да мұнай шығарушы мемлекеттердің әр уақытта осындай дағдырыстағы тап болып отыратыны белгілі. Соңдықтан сол мұнайдан тапқан қаражатымызды, мұнайдан басқа экономиканы, индустрияны, халыққа қызмет істеу экономикасын өндіру жағына аударуымыз керек. Бүкіл дүниеде мұнай мен газдан басқа энергетика көзін іздеп жүріп жатқанын білеміз. Жердің энергиясы, күннің энергиясы, басқалар да бар. Дегенмен мұнай мен газдың адамзатқа керектілігі әлі, кем дегенде, жарты ғасыр керек болады деп ойлаймын. Сондықтан мен мұнаймен газдың бағасын бірде бір түзелетініне сенемін. Және бұл бағаға мұнай шығатын мемлекеттер ОПЕК мүшелері, оның ішінде Қазақстан да бірігіп ойланатын болсақ, ықпалымызды тигізумізге болады. Жақында Стамбулда кездесулер болды. Ол ойды Ресей жағы да қабылдап отыр. Соңдықтан мұнай шығаратын мемлекеттер қосылып, егер де біз мұнайдың көлімін тежейтін болсақ, бағаның да көтеруіне біз себепкер боламыз.

- Қазақстан өз тәуелсіздік алған жылдарында жақсы экономикалық өсім көрсетті. Әсіресе, шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көрсеткіштер жақсы. Қазіргі таңда Қазақстанға шетелдік инвестицияны тартуда іс шараларында қандай да бір өзгерістер бар ма? Сол туралы айтып берсеңіз?

- Біз жас мемлекетпіз. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл болады. Кеңес үкіметі қирағаннан кейін өте қиын жағдайда болдық. Экономиканы көтерудің бірден бір тетігі инвестиция тарту болды. Осы жолда біз көп жұмыс істедік. Бүкіл Орталық Азияда біздің төңірегіміздегі мемлекеттердің арасында Қазақстанға ең көп шетел инвестициясы құйылды. Соның арқасында біз экономиканы жиырма бес жылда 21 есе көтердік. Осы бағытта біз қазір де тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Біздің негізгі бағдарламаларымызға экономикаға келетін инвесторларға өте үлкен жеңілдіктер жасадық.

Бұл дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде бар нәрсе. Дегемен біз он еркін экономикалық ғалым аймақ құрдық. Олардың экономикалық режимі басқа, салығы да жеңіл. Содан кейін біздің бағдарламамыздың ішіндегі басты бағдарлама, жаңа мен айтып кеткен: металлургия, химия, ауыл шаруашылығына келетін инвесторларға өте үлкен жеңілдіктер жасадық. Мәселе: біз жер береміз өндіріс салуға, инфраструктураның қаражатын үкімет өзіне алады. Салық, жеке салық, корпоративтік салық жеңілдетеді. Он жылға дейін салық алынбайды. Сондықтан бұл инвесторларға жасалған үлкен жеңілдік. Президент жанында сыртқы инвесторлардың үлкен кеңесі бар. Барлық мәселелерді бірге шешіп отырамыз.

- Қазақстаң мен араб әлемі елдердің арасында жақсы сауда экономикалық ыңтымақтастық орнағаны белгілі. Және сіздер ол байланысты одан ары стратегиялық қарым - қатыныстарға айландыру жолында әрекет жасап жатырсыздар. Оған қоса Ұлы Жібек жолы қалпына келтіру қолға алынған. Осының барлығы қаншама маңызды?

- Осы жылдардың ішінде барлық мемлекеттермен, мұсылман елдерімен біз жақсы қарым қатынас жасадық. Ислам конференциясына мүше болдық. Оның Саммитін Қазақстанда өткіздік. Ислам елдерінің азық - түлікпен қамтамасыз ету қорын Қазақстанда орнату туралы мен ұсыныс енгіздім. Жалпы мұсылман дүниесімен, араб мемлекеттерімен тығыз қарым қатынас жасауға мүдделіміз. Оны мен жыл сайын айтып келемін. Мысалы, барлық мұсылман әлемімен осы жарты жылдың ішінде біздің сауда саттығымыз 200 млн $ жетіп отыр. Қазіргі жағдайда, мысалы энергетика саласында, әсіресе, ауыл шаруашылық саласында үлкен мүмкіншіліктер бар. Соны пайдалануымыз керек. Біздердің арамыздардың ең қиын ол қатынас көлік. Каспийдің жағасынан Иран арқылы араб шығанағынаБендер-Аббас портына шығатын темір жол салдық. Ол бұрын жоқ болатың. Осы жолмен 10 млн тонна жүк тасуға болады. Оны пайдалансақ, өте көп сауда-саттықты көтеруімізге деп санаймын.

Сіз Жібек жолы жөнінде айтып кеттіңіз. Бұл өте үлкен бағдарлама. Қытай халық республикасы қатты қолдап отыр. Алпыс мемлекетті жанап өтеді. Қытайдың батыс шекарасынан, Каспий теңізіне дейін екі мың киллометр темір жол, автокөлік жолын салдық. Егер де баяғыда Жібек жолы таяу шығыстан біз арқылы өтетін болса, ол жол қазір темір жолымен қосылды. Жаңа мен айтып отырған парсы шығанағынан темір жол шығып, Қазақстан арқылы Қытайға тіпті Тынық мұхитқа дейін шығуға болады. Бұл сіздер үшін өте жақсы қолданылатын көлік жолы болып саналады. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның «Нұрлы жол» деген бағдарламасы, екеуі бір-бірімен сабақтасып жатыр.

- Келесі жылы Қазақстан «EXPO -2017» өз жерінде қабылдайды. Оның тақырыбы өте өзекті проблемалардың бірі - Болашақ энергиясы! Сіздер үшін осы EXPO Халықаралық көрмені өткізудегі ең алдыңғы мақсат қандай?

- Біз бұрыңғы Кеңес Одағының орнында қалған мемлекеттердің ішінде тұнғыш болып EXPO-ны жеңіп алдық. Ол өте қуанышты мәселе. Біз қазір барлық күшті салып жатырмыз. Ендігі жылы маусым айында EXPO-ның ашылуы дайын болады. Мен оны қазіргі Сауд Арабиясына жасайтын сапарында сол EXPO-ға қатынасуға елдің басшыларын шақырғалы отырмын. EXPO- ның тақырыбы - «Жаңа энергетика». Біз өзімізде ғана емес бүкіл дүниедегі осы жаңа энергетиканың ғылыми ашулуын, тәртібін, тәжірибесін жинақтап жатырмыз. Бұл павилиондарда күн энергиясы, жер, жел, су, химия энергиясы барлығы жинақталып көрсетілетін болады.

- Келесі сұрағым ядролық қару туралы. Қазақстан ядролық арсеналы жағынан әлем бойынша 4-ші орында болғаны жаһанға аян. Бірақ соған қарамастан өз еріктеріңізбе бас тарттыңыздар. Басқа елдер болса, қазір керісінше ядролық қаруды алуға ұмытылып жатыр. Осы туралы пікіріңіз қандай?

- Ол бізге Кеңес Одағынаң қалған мұра болатын. Біздің жерімізде, біздің халқымызбен санаспай, Кеңес үкіметі қырық жылдан артық ядролық қаруды сынап, халқымызға үлкен зиян келтірді. Миллионнан артық қазақстандықтар соның сәулесінен зардап шекті. Сондықтан халықтың ішіндегі ядролық қаруға деген наразылық өте күшті болды сол кезде. Біз барлық мемлекеттермен достықтың, бірліктің, сенім жолын іздедік. Сондықтан өзіміз үшін қиын шешім қабылдадық. Қазір Қазақстанның бүкіл шекарасында тұрған үлкен мемлекеттер бар. Бір жағынан Қытай, екіншіжағынан Ресей, үшінші жағынан мұсылман мемлекеттері. Бәріменен Қазақстанның достық қарым-қатынаста. Қазіргі заманда көп мемлекеттердің ондай қаруды жасауға қабілеті бар. Қазақстандада уран кенінің дүниежүзінде екінші орында байлығы бар. Оның барлық структурасы бар. Руданы алу, байыту, содан кейін атом электростанциясына отын дайындау. Бірақ біз одан бас тарттық. Мен ойлаймын дұрыс жасадық деп. Себебі кішігірім мемлекеттер, мысалы 10-20 атом бомбасын жасасын, тіпті 100 жасасын, басқа мемлекеттерде мыңдаған ондай қарулар бар. Сонда сол арқылы қауіпсіздігімізді сақтап қалу дегеніміз болмайды. Ол қауіп, соғыс болған кезде әр мемлекет ең алдымен сол атом қаруы бар елді бүлдіреді. Сондықтан мен барлық ағайынға айтып отырғаным, дүние жүзінде атом қаруынан таза болуы үшін жұмыс істеуіміз керек. Мен былтырғы жылы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзімде: 21–ші ғасырда біз атом қаруынан айрылуымыз керек деген үндеу тастадым. 2045 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 - жылдығы болады.

Сол 100-жылдықта бүкіл әлем атом қарусыз келетін болса, барлығымыздың болашағымыз ашық болар еді. Өкінішке орай, қазір үлкен мемлекеттердің арасында қарым қатынастары шиеленісіп кетті. Бір біріне деген қарсы тұру, қорқыту. Сириядағы лаңкесттік жағдай дүниені шиеленіп барады. Ал барлық мемлекетерді атом қарулары бар. Егер кейбір мемлекет шыдай алмай, «қолы қышып», атом қаруын қолданатын болса, мына біздің бүкіл дүние жоқ болып кету мүмкін. Адамзат құриды, өркениет құриды. Сондықтан келер ұрпақтын алдында саясаткерлік жауапкершілік өте үлкен.

-Сыртқы саясатта сіздер зор жетістікке қол жеткіздіңіздер Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздық Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өттіңіздер. Келесі жылдан бастап қатысасыздар. Мұңдаға жоспарларыңыз қандай?

-Жаңа өзіңіз айтып кеттіңіз, атом қаруына біз қарсы болғандықтан, бүкіл дүние жүзінде атом қаруына қарсы мемлекеттердің біз көш басшысымыз. Сол үшін бүкіл дүниеден бізге деген сенім бар. Өзіміздің ішімізде 130 артық ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратын болғаннан кейін, 17-ден артық діни конфессиялар бар. Солардың бәрі тату-тәтті өмір сүреді. Бізде дүние жүзілік діндердің съездері өтіп тұрады. Бізге деген сенім бар. Өзіңіз білесіз. Соның арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне біз бірінші болып, он бестің біреуі болып дайындалдық. Біз үшін өте үлкен сенім, өте үлкен дәреже. Бұл мәселені осы Орталық Азияның қауіпсіздігі және шешілмеген мәселелерді шешуге жұмсаймыз деп сенемін. Әр елде төңірегімізде мына болып жатқан Сириядағы лаңкестік мәселелерге де, Таяу Шығыс мәселелерге де біз әр уақытта көңіл бөліп отыратын боламыз. Екі арасы келісілмей жүрген көп мемлекеттің арасында Қазақстан ара ағайындық жасап жүр. Ресей мен Туркия арасындағы жағдайды келестіріп, елді достастыруға себімізді тигіздік. Солай Украина мен Ресей арасындағы, Азербайджан мен Армения арасындағы жағдайларды түзеу үшін, Қазақстан әр уақытта жұмыс істеп жүр.

-Өзіңіз атап өткендей Сирия мәселесі өте күрделі. Әлі күнге дейін жалғасуда. Сіздің ойынызша, Сириядағы дағдарыс жақын арада шешімін таба ма, әлде ұзаққа созыла ма?

- Ең бірінші мәселеде, бұл жерде барлық мүдделі мемлекеттердің келісіп, бір жерден сөз шығару қажет. Әсіресе араласып жатқан үлкен мемлекеттер. Өкінішке орай, әрқайсы өз мүддесін қалап әр түрлі жағдайменен кіріседі. Әрқайсының ішінде өз мүддесі бар. Лаңкесте қатынасып жүрген адамдар соны қолданады. Біріне бірі қарсы қояды, сол қайшылықтан өздеріне орын табады. Сондықтан менің ұсынысым, Біріккен Ұлттардың аясында бүкіл дүниежүзілік қоғамдастық бірлесіп лаңкестікке қарсы тұру керек, Сирияның мәселесін шешу керек. Басқа жол жоқ деп санаймын, себебі бұл барлық мемлекеттерге қауіп. Басқа дүние, бізді білмейтін, батыс елдері, бұның барлығын мұсылман шығарып отыр деп ойлайды. Лаңкестік пен мұсылман арасында ешқандай дардан тендік жоқ. Барлық елдер бірігіп қарсы шықса, оны женуге болады.

  • Қазақстандық экономикалық әлеуметтік жағдай туралы айтсаңыз. Біздің білетініміз өзінің халқының әлауқатын көтеру бойынша Қазақстаң ауқымды іс шаралар жүргізді. Елдерінізде жұмысызық деңгейі төмен. Қазіргі қиын жағдайда осы көрсеткіштерді одан әрі ұстау үшін тағы қандай әлеумет бағдарламалар жоспарланып отыр?

- Қазіргі қиыншылыққа қарамай халықтың әлеуметтік жағдайын біз төмендеткен жоқпыз. Біздің экономикамыз да төмендеген жок. Себебі, біз алты жылдан бері қарай басқа экономика орнатып келе жатырмыз. Мыңнан артық жаңа өндіріс орындарын аштық, бірнеше жүз мыңнан артық жұмыс орындарын аштық. Қиын жағдайда біз әлеуметтік жағдайға көңіл бөлдік: жол салдық, үй салдық, мектеп пен аурухана салдық. Осының бәрінде кісілер жұмыс істеді. Экономикалық ахуалдың жақсы кезінде мұнай мен газдың жоғары кезінде біз ұлттық қор жасап, сол қор арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын қолдап келе жатырмыз. Әлде де солай жасай береміз. Біздің халық түгел сауатты. Барлығына заң бойынша орта білім береміз. Біз ауруханалар аштық жаңадан. Сәбилердің, әйелдердің шетінеуін тоқтаттық. Өте қауіпті ауруларға қарсы жұмыс істедік. Соның арқасында халықтың өмір ұзақтығы он жылдың ішінде 64 жастан 73 жасқа ұзарды. Өте маңызды жоғары көрсеткіш деп санаймын. Ең бірінші мәселе елге жұмыс беру. Жұмыс беру, халықты жұмыс істеткізу керек. Сондықтан біз еңбек қоғамы боламыз деп мен ұран тастадым. Жастарға да тәрбие беріп әр адам өз жұмысымен, өз жағдайын түзеуге ұмтылу керек. Сонда ғана мемлекет мықты болады.

- Рұқсат етсеңіз, Еуразиялық Одақ туралы сұрайын деп едім. Ұйымның маңыздылығымен алдағы жоспарлар туралы айтып беріңізші?

- Жалпы қазіргі глобалдық дүниеде интеграция негізгі мәселе болып саналады. Дүниежүзінде ондай одақтар көп. Америка континентінің өзінде НАФТА деген одақ бар. Оңтүстік Америкада олардың өзінің одағы бар, білесіздер. Мына жақта БРИКС деген одақ бар, Тынық мұхит одағы бар, олардың барлығын себебі – сауда керек, ашық кеңістік керек. Әсіресе, көрші мемлекеттердің арасыңда сауда-саттық өте пайдалы. Картаға қарасаныз Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ, материктің ортасында тұр. Соңдықтан еркін көршілерге шығып, сауда-саттық жасау біз үшін өте қажет. Бір жағымызда Қытай, бір жағымызда Ресей және басқа елдер бар. Сондықтан интеграция жаңағы Еуазиялық Экономикалық Одақ біз үшін өңірде қажет. Сондықтан біздің Еуразиялық Одақ араб елдерімен еркін қарым-қатынас жасауға мүдделі. Бұны тек қана экономиқалық одақ деп санау керек. Саяси бұның ешқандай астары жоқ.

-Жоғары мәртебелі Президент мырза! Уақыт бөлгеніңіз үшін көп -көп рахмет! Сізден сұхбат алу мен үшін зор құрмет әрі мәртебе болды!

-Рахмет!

Автор:
Сұқбаттың баспа нұсқасын дайындаған Айгерім Тұрғанбаева