Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда 9 айда инфляция деңгейі 5,6 пайызды құрады


28 октября 2016, 03:39 | 1 326 просмотров


Қазақстанда инфляция деңгейі жоспарланған 6% және 8 пайыз дәлізінде тұр, 9 ай бойынша 5,6 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ЖД ақпарат strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Қазақстанда инфляциялық үрдістердің бәсеңдеуі байқалды.  Тамыз айында сияқты  қыркүйекте де инфляция бәсеңдеп,  0,2 пайызды құрады.  2016 жылдың басынан бері  инфляция  5,6 пайызды құрады, ал 2015 жылдың  қаңтар-қыркүйек айында ол 2,9 пайызды құрады. Инфляцияға құйылған кіріс азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу болды», - деді министр.

Азық-түліктің бағасы  4,9 пайызға, ақылы қызметтер 5,3 пайызға, реттеу қызметтері  7,6 пайызға өсті.

Ведомство басшысы айтып өткендей, өңірлік деңгейде инфляция 7 өңірде   орташа республикалық көрсеткіштен асқан.

«Ең жоғарғы инфляция Маңғыстау облысында байқалды, оның деңгейі 7,2 пайызды құрады. Астанада – 6,6 пайыз, ОҚО – 6,4 пайыз. Ең төменгі деңгей  4,5 пайызды құрап Ақмола облысында байқалды, 4,9 пайыз – Алматы,  Қызылорда және СҚО-да байқалды», - деді ол.

Жалпы, 2016 жылдың әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы  әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. ИИДМБ, «Нұрлы жол», БЖК, ЖҚЖК, Агробизнес-2020 бағдарламалары сәтті жүзеге асқаны аталып өтті.

«Қазан айының басында өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы қаралды.  Елбасының тапсырмасын ескере отырып,  Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Бизнестің жол картасы мен жұмыспен қамту картасына  өзгертулер енгізілді. Сондай-ақ, Елбасының «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы  аясында АӨК мемлекеттік даму бағдарламасы әзірленді», - деді ол.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша  2016 жылға берілген тапсырмалардың бірі Инфляцияның орташа келешегін 3-4% азайту бойынша кешенді шараларды құрастыру еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде (№ 37 хаттама) 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданған. Бұл болжамда жоғарыдағы сұраққа нақты жауапты табуға болады.

 «Елдің 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеген кезде экономика салаларының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы даму қорытындылары, мемлекеттік органдардың 2015 – 2019 жылдарға арналған өндірістің негізгі өнім түрлерінен күтілетін көлемдер бойынша деректері және әлемдiк экономиканың өсуi мен негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағалар бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ескерілді», - деп ҰЭМ хабарлады.

ЖІӨ-нің нақты өсуi 2015 жылы 5,0%-ды, ал 2016 жылы 5,6%-ды, 2017 жылы 6,8%-ды, 2018 жылы 5,8%-ды және 2019 жылы 6,5%-ды деңгейде болады деп күтіліп отыр.

Номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн. теңгеден 2019 жылы 72,8 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 13,9 мыңнан аса АҚШ долларын құрайды және 2019 жылға қарай 21,4 мың АҚШ долларына дейін өседі.

Ұлттық Банк инфляция деңгейін  кейін орта мерзімді кезеңде 5-7% денгейіне дейін төмендеуімен 6,0-8,0% шегінде жоспарлап отыр.

Макроэкономикалық болжам мен экономикалық саясат басымдықтарының негізінде 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленді.

ЖІӨ-нің болжанып отырған өсуі мен импорттың көлемін ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2015 жылы 4 338,4 млрд. теңге, 2016 жылы 4 753,5 млрд. теңге, 2017 жылы    5 147,7 млрд. теңге деңгейінде болжанады.

Автор:
ЖД ақпарат Алматы облысы «Ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша