Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕГЕР ЧЕКТЕГІ БАҒА ДҮКЕНДЕГІ ТАУАР БАҒАСЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕСЕ?


7 октября 2016, 04:50 | 1 393 просмотра



Миллиондаған адам дүкендер мен сауда орталықтарында күнделікті сауда жасайды. Алатын керек-жарақ жеткілікті, азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, жекебас гигиенасы құралдары және басқалары жетіп артылады. Тауар бағасына көп жағдайда мән беріп жатпаймыз, дәлірек айтсақ, оның чекте көрсетілген құнына қарамаймыз, тек үйге келгенде ғана, чектегі баға, тауар жапсырмасында көрсетілген бағаға сай келмейтінін байқауымыз мүмкін. Айырмашылық айтарлықтай көп болмаған соң, тұтынушылардың көпшілігі өздерінің тұтынушылық құқығын қорғауға тырыспайды да. Бірақ, мәселе бағада емес қой, ешкім де дүкеннен алданып шыққысы келмейтін болар. Мұндай оқиғалар жиі тіркеледі, егер де Сіз, қымбатты оқырман,осындай жағдайға тап болсаңыз, не істеу керектігін білесіз бе? Ендеше, назарыңыз мақалада болсын.

Бұл оқиға Талдықорған қаласындағы супермаркеттердің бірінде орын алды. Азамат К. бұлсупермаркетте жиі сауда жасайды, сауда сөрелеріндегі тауарда жазылған баға мен чекте көрсетілген бағаның сәйкес келмейтінін бірнеше рет байқады. Кассаға келгенде, ондағы айырмашылық бірнеше теңгеден жүздеген теңгеге дейін жеткен еді. Осыны білмек болып, талай рет сұрақ қойғанда, сауда орталығының әкімдігінен естігені мынау еді. «Онда тұрған не бар, жаңатауарлар күнделікті көптеп түседі, ал сатушылар бағаны ауыстырып қоюға үлгермейді», дейді. «Сонда бізді қашанға дейін алдамақ? Менің ойымша, бұл барып тұрған көзбояушылық. Мұндай жағдайда не істеуге болады?». Дәл осындай жағдайға сіз де тап болсаңыз, дүкен әкімшісі бағадағы айырмашылықты былай түсіндіруі мүмкін. «Яғни, бағаны ауыстырып үлгермедік, ал компьютерге жаңа құны енгізіліп қойған, сондықтан біз ештеңе істей алмаймыз». Мұндай жағдай орын алса, қол қусырып қарап отырамыз ба, кімдікі жөн? Сонда қымбатқа ұрынғанымыз дұрыс па? Оқиғаға байланысты кімдікі дұрыс,кімдікі бұрыс екенін талдап беруге тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі білікті заңгер көмектеседі:

– Ең алдымен айтқым келетіні, дауласпаңыз, ұрсыспаңыз, қайткен күнде де ашуға булықпаңыз. Бағадан шатасу – супермаркеттерде жиі кездесетін жағдай. Ондағы бағалар сатып алушыларға түсініксіз орналастырылады, қайсысы қай тауардың бағасы екенін ұқпай дал боласыз. Тек, кассаға барғанда ғана, тұтынушы тауар бағасы жазылған бағадан анағұрлым қымбат екенін түсінеді. Төзімділік пен дәйектілік – бұл жерде сізге ең керегі осы. Мұндайда асықпай Заң бойынша өз құқығыңызды қорғауға тырысыңыз. Егер мұндай жағдай орын алса, кассир алған бетінен қайтпаса, онда бағаны фотоға түсіріңіз, сауда орталығының басшысын шақырыңыз да, оған осы олқылық туралы хабарлаңыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы» Заңның 24-бабының 12-тармағы бойынша сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын жазбаша түрде көрсетуге міндетті екенін түсіндіріңіз. Осылайша, тауарды онда жазылған баға бойынша сатып алуға толық құқығыңыз бар. Өзіңіздің пікіріңізде қалыңыз. Егер тауардағы баға, чекте көрсетілген бағадан төмен болса, Сіз сатушыдан екі аралықтағы айырманы қайтаруды

талап етуге құқылысыз.Сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 447-бабы бойынша тауарды белгілі бірбаға бойынша сатып алу туралы ұсыныс – бұл дүкен тарапынан көпшілікке арналған оферта болып табылады, ал сатушы Сізге тауарды офертада көрсетілген бағамен сатуға міндетті. Чек басылып қойылған жағдайда, Сіз заңды тұрғыда артық төлеген ақшаңызды қайтарып алуға немесе ақшаңызды кері алуға құқылысыз. Бұл жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сілтеме жасауыңызғаболады. Демек, чегіңізді кассадан ұзамай тұрып, тексеріп алыңыз. Тағы бір құжат, бағаны ауыстырып қоюға жол бермейді. Ол – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, атап айтқанда 190-бабы. Осы бапқа сәйкес, тауар бағасы туралы дұрыс ақпарат бермеу – тікелей тұтынушыны ал дау болып табылады, бұл жеке тұлғаға – он,шағын кәсіпкерлік субъектілерге – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілерге – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзышылық және әкімшілік бұзушылық анықталған жағдайда, Сіз осы факті бойынша ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінуге құықылысыз, бұнда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралады және айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Бұзушылықтың дәлелі ретінде шағымда жазылған және куәгерлердің өздері қол қойған куәгерлердің көрсетімдері, тауар бағасының суреті, чектің түпнұсқасы және т.б. пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, Сіз дүкенге талап-шағым түсіре аласыз, егер ол әсер етпесе, азаматтық істі қарау үшін тұтынушының құқығы қорғайтын қоғамдық бірлестіктің көмегіненемесе өздігіңізден сотқа жүгіне аласыз. Жоғарыда айтылғандардың негізінде естеріңізде болсын, дүкенге барған кезде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң Сіздер жақта болады, егер сіздер тауар бағасындағы және чектегі бағалардың сәйкес келмейтінін байқасаңызЗаң бойынша Сіздерге не тиесілі соған қол жеткізуге тырысыңыз.

Автор:
Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті