Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Басты міндет –сапалы медициналық көмек


23 сентября 2016, 04:19 | 1 863 просмотра



Құрметті, «Жәрдем » газетінің оқырмандары, әрқашан сіздреге медицина саласындағы ақпараттарды толыққанды беру мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрінің ресми баяндамаларын ұсынып отырамыз. Сондай-ақ, министрдің түрлі телеарналарда берген сұхбатының телевизиялық нұсқасын газет бетіне түсіріп, сіздерге оқуға ыңлайластырған тәжірибеміз де болған. Бұл тәжірибені әріқарай жалғастырмақпыз. Жақында ғана «Қазақстан» ұлттық телеарнасында эфирге шыққан «Сұхбат» бағдарламасының алғашқы қонағы Тамара Қасымқызы Дүйсенова болған еді. Бұл бағдарламада қарапайым халық өздерін алаңдатқан, толғандырған сан түрлі сұрақтарды тікелей министрлерге қоя алады. Бір сарындағы сұрақтар емес, қызықты фото, бейнесауалдар, әлеуметтік желіні пайдалану арқылы сұрақтар қойылмақ. Ол үшін арнайы call-орталық та жұмыс істейді. Бағдарлама жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы. Алғашқы хабарда Тамар Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмек, педиатрия, екпе мәселесі және жаңа еңбек кодексі, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді. Міне, осы бағдарламаның баспа нұсқасының бірінші бөлімін өткен санда берген едік. Бүгін сол сұхбаттың жалғасын ұсынамыз. Ал бағдарламаның видео жазбасын ұлттық арнасының сайтынан http://kaztv.kaztrk.kz/kz/projects/sukhbat/ сілтемесі арқылы көре аласыздар.

Екінші бөлім

-Айтбай есімді көрермен Жамбыл облысы Қордай ауданынан сұрақ жолдады. Жамбыл облысында омыртқа жарақатынан кейінгі оңалту орталығы ашылады. Қызылорда облысында емделу құны 270 мың теңге тұрады екен. Ал бізде ашылса болса құны қанша болады? Жалақымыз 30 мың болғандықтан құны төмен бола ма?

-Жалпы омыртқа жарақатынан бізде оңалту орталықтары өте көп. Біз бұған денсаулық сақтау саласынан да, екінші әлеуметткі саладан да көңіл бөліп жатырмыз. Қазір Алматы қаласында, Алматы облысында, Қызылорда облысында осындай реабилитациялық орталықтар бар. Сондықтан мен бірінші осы көрерменнен сұрап алайын, ол кісі сөйлесіп, қай реабилитациялық орталыққа емделуге мүмкіндігі барын қарастырайық. Әлеуметтік салада бұндай сауықтыру мемлекет тарапынан тегін беріліп жатыр.

-Айтбай есімді көрермен Жамбыл облысы Қордай ауданынан бізді тыңдап отырсаңыз, хабар біткенен кейін хабарласып, телефон номеріңізді қалдырсаңыз. Тамара Қасымқызы, негізінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы жүйеге қатысушыларға ғана медициналық көмек көрсетеді. Сонда өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтардың жағдай қандай болады?

-Жаңа жоғарыда мемлекет кімге төлейтінін айтып кеттім. Бізде 17 миллион халық болса, оның 10 миллионы азаматтар экономикалық активті емес азаматтар болып есептеледі. 5,6 миллион азаматтар жұмыс жасайтын азаматтар өздері төлейді. Ал енді 1 миллионға жуық аазаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін салықта тіркелген кәсіпкерлер бар, олар өз еңбек ақысы есебінен төлейді. Ал егер өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтар жұмыста, салық органында тіркелмеген болса жаңа заңда көрсетілгендей алғашқы әлеуметтік көмек, жедел жәрдем, әлеуметтік маңызды аурулар болса, санавиация мәселелері толық мемлекет тарапынан 2020 жылға дейін алатын болады. Тек жоспарлы стационарлық көмек ақылы болып қалады. Біз өзін-өзі қамтитын азаматтарға мынадай мүмкіндік беріп отырмыз, егер де ол жұмыс істемейтін болса онда тұрғылықты жерінде аудан орталығындағы жұмыспен қамту орталығына барып , жұмыссыз деп тіркелуі керек. Сонда ол үшін мемлекет төлейді. Ал егер салық инспекциясына барып, табысы аз деп қаралса күнкөріс деңгейінің ең төменгі мөлшерінің көлемінде төленуі мүмкін. Бүгінгі күнде ол 22 мың теңге. Соның 2 пайызы 428 теңгені сақтандыру қорына төлейді. Егер де азамат ауыр халде ауруханаға түсетін болса одан бірнеше есе көп қаржыға бағаланған медициалық көмек алуына болады. Сондықтан да әрбір азамат сақтандыру жүйесіне өзінің үлесін қосқаны дұрыс деп есептеймін.

-Тамара Қасымқызы, тағыда бір бейнесұрақ бар екен. Тыңдасақ.

Көрермен:Поликлиникаларда жетіспейтін мамандықтар бар. Аллергологтар, нефрологтар, эндокринологтар. Оларға қабылдауға бір ай бұрын, бір-екі апта бұрын жазылу керек. Оларды күтіп жүргенше небір жағдайлар болады. Сол үшін менің сұрағым мынадай. Қашан сол мамандықтар көбейеді?

-Біріншіден, біз жыл сайын 3 мыңға жуық азаматтарды ЖОО-на қабылдаймыз, жыл сайын 2500-2700 жас дәрігерлерді шығарып жатырмыз. Бірақ сол дәрігерлі даярлаған кезде бір жағдайға мән бермегенбіз. Қайсы мамандықтағы дәрігерлерді біз даярлауымыз қажет? Мысалға, қазір біз педиатрлар жоқ деп айтамыз. Педиатрлардың көпшілігі ауруханаларда, немесе акушер гинекологтар жоқ дейміз, олардың көпшілігі ауруханаларда кең ставкада жұмыс істеп жатыр. Ал емханаларға бармайды. Сондықтан да биылғы жылы біз барлық өтініштерді қараған кезде жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары мен бірге қандай мамандықтар қажет соны қарастырдық, әсіресе жаңағы бес ауру бойынша. Сондай-ақ, қай уақытта осы сала мамандары зейнет жасына келеді, оларды қай уақытта ауыстыруымыз қажет және біздің стратегиялық басымдықтарға байланысты биылғы жылы 2900 азаматтарды қабылдадық.

-Сіз бір сөзіңізде, министр ханым, «Бала-аман» бағдарламасының дайындалғанын, онда балалардың тамақтануы мен денсаулығын қадағалайтын жаңа жүйе әзірленгенін айтып қалдыңыз. Бұл не бағдарлама және қашан іске асырылады?

-Қазір білім беру жүйесінде өте үлкен өзгерістер болып жатыр, соның бірі барлық мектептерді интернетке қосу. Біз осы интернетке қосуды пайдалана отырып, «Бала -аман» программалық жүйесін іске қоспақпыз. Бұрын жұмыс орындарында өндірістік гимнастика деген болушы еді, сол сияқты бұл да2-3 минуттық балалар гимнастикасын қарастырады. «Бала-аман» - балаларды партаға дұрыс отыруын үйрету, шаршатып алмай гимнастика жасату, көз гинастикасы, одан кейін балалар асхана барғанда тамақты дұрыс таңдау мәселелерін көрсететін програмалық жүйе. Біз оны жасап бітіріп қалдық, қазір Астанада 2 мектепте, Алматыда екі мектепте апробация өткіздік, соның нәтижесіне қарай 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық мектептерде бастауға мүмкіндік болады.

-Рахмет. Тағы бір бейне сұрақ бар екен. Тыңдайық.

Көрермен, Астана тұрғыны: -Менің немерем 20 сәуірде туған. Содан бері міне, 4 ай ауруханадан шықпай жатыр. Алдында 2-қалалық ауруханаға жатқызып еді, ол жерде нақты диагноз қоя алмады. Инфекционныйға осы сенбі күні түсті , вирусный отделениясында 215-палатада жатыр Махметова Айзере Жарасқызы. Бала тұншығады, жөтел басылмайды. Сол кезде бала көгеріп кетеді. Шетелге бармай-ақ, Қазақстанның дәрігерлері нақты диагнозын қойып берсе деймін.

-Бұл мәселені қалалалық денсаулық сақтау басқармасымен бақылауға алайын, содан кейін азаматшаның өзіне жауап берейін.

-Көрермен хабарласқан екен, сұрағына назар салсақ.

Сәлеметіз бе. Ақтөбе облысынан есімім Көмекбай. Менің балам Қаунтаева Әйгерім 2010 жылдан бері балаларды шетелде тегін емдеуде кезекте тұр еді. Комиссияның оң шешімі қабылданды. Бұл туралы министр ханым, мен сізге де хат жолдағанмын. Былтыр шетелге жіберіледі , биыл жіберіледі, оң шешімі қабылданған деді. Осы уақытқа дейін хабар жоқ, соның хабарын білейін деп едім.

-Бізде өзіңізге белгілі министрліктің жанында балаларды емдеуге шетелге жіберетін космисся бар. Ол комиссия дәрігерлердің тұжырымдамасына қарап шешім қабылдайды. Егерде шешім қабылданып, біақар жіберілмеуі мүмкін емес. Мен бірінші шешімін қарайын, неге жіберілмей жатқаны жайлы сізге толық анықтаманы сізге осы аптаның ішінде бергіземін.

-Тамара Қысымқызы, енді сұхбатты сіздің жаныңызға жақын әлеуметтік салаға бұрсақ. Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде әлеуметтік мемлекет құруды мақсат етті. Әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін, әлеуметтік қорғалуын көздеді. Сан рет реформаланды. Нәтижесінде Қазақстан әлеуметтік мемлекет құра алды ма?

- Әлеуметтік мемлекет құра алды деп есептеуге болады. Бір нәрсе айтайын. Биылғы жылы үкіметте республикалық бюджеттің 2017-2019 жылдарға арналған жаңа проэктісін көрдік. Сонда мемлекеттік қаражаттың 40%-дан артық әлеуметтік салаға жоладынып отыр. Бұл біріншіден. Екіншіден, қаншалықты қиын болмасын, дағдарыс жылдарының өзінде мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындап келеді. Мәселен, 2008-2009-2010 жылдары дағдарыстың қайнап тұрған кезінде біз зейнетақыны 25-30%-ға көтердік. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге көтерілді. Еңбекақыны да дәл солай. Мен 2010 жылы Вашингтонда үлкен конференцияда болдым. Сонда бірде-бір мемлекет біз сияқты әлеуметтік салада осындай көтермелер жасамаған екен. Көп мемлекеттер сол күйінде қалдырып, немесе прибалтика елдері зейнетақы, жәрдемақыларын бірнеше пайызға түсірулеріне тура келді. Сондықтан да мен ойлаймын, сол кезде біз 3 деңгейлі зейнетақы жұмысын құрдық. Мемлекет толық кепілдендірілген зейнетақы төлеп отыр бүгінгі таңда 2 миллион халыққа. Жинақтаушы қорына азаматтар қанша жинақтаса соны алып отыр. Енді үшінші, 2018 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына тағы да бір элемент қосылғалы отыр. Ол жұмысберушілер тарапынан қосымша әрбір жұмыс істеуші азаматқа төленетін жарна. Соның есебінен зейнетақы тағы көтерілуі қажет деп отырмыз. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға келетін болсақ , дәл сондай 3 деңгейді жүйе жұмыс істеп жатр. Бүгін азамат мемлекеттік бюджет тарапынан базалық жәрдемақыларын алады, әлеуметтік сақтандыру қорынан алады және егерде жұмыс істесе жұмыс берушінің сақтандыру компанияларға төлеген қаражат есебінен алып отыр.

-Түсінікті. Ал қазір көрермен хабарласып отыр. Сәлеметсіз бе?

-Салеметсіз бе! Менің атым Мәншүк. Мен Ақтөбе облысанан хабарласып тұрған едім. Екінші топтағы мүгедекпін, бір балам бар. Өзім жұмыс істегім келеді. Негізі қаулы бойынша әрбір мекеме 3%-ға дейін мүгедекті жұмысқа лау керек. Алайда бұл талап толық орындалмай жатқан сияқты. Көптеген мекемелер мүгедектерді жұмысқа алмайды. Маған жауап беріңізші жұмысқа қалай орналассам болады?

- Қазір әрбір мекемелер аудандағы жұмыспен қамту орталықтарымен бірге жұмыс істеп жатыр. Жіберілетін пайыздың қаншалықты болатынын да сол жұмыспен қамту орталықтары белгілейді. Сондықтан да сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңізде жұмыспен қамту орталыққа барып, егерде балаңыздың да денсаулығына қарай жұмыс істеуге мүмкіндігі болса екеуіңізге де баруға болады. Қазір республикалық базада қай жерде, қандай вакансия бар екенін көрсетеді. Сіздің мүмкіндігіңізге қарай сол вакансиялар беріледі, я болмаса сізді оқытып кейін жібереді, дайын болсаңыз жұмысқа бірден орналасуға мүмкіндк бар.

-Жезқазғаннан Жанар деген қыз хат жазып үлерді: Бірінші топтағы мүгедекпін, бесінші қабатта тұрамын, далаға шықпағаныма бірнеше жыл болды дейді. Мендей жандарға аптасына бір-екі рет шығарып тұруына мүмкіндік болмас па екен? Деп сұрақ қояды.

-Біріншіден, Жанар біз 2005 жылы мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік заңды қабылдаған болатынбыз. Соған сәйкес, сіз 5-қабатта тұратын болсаңыз сіздің түсуіңізге жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет есебінен мүмкіндік жасау қажет. Екінші, сізге өзіңіздің тұрғылықты жеріңізде қамсыздандыру бөліміңізде әлеуметтік көмекші, әлеуметтік қызметкер немесе жеке көмекші берілуі тиіс. Ол мәселені де қарастырару қажет. Сіздің түсіп-шығуыңызға жағдай жасайтын осы азаматтар.

-Қазір Шымкенттен бейне сұраққа назар салсақ.

Көремен: Аты-жөнім Бәйменов Қалтөре. Шымкент қаласында тұрамын. Жасым отызда. Үйленгенмін. Үш балам бар. Жұмыс іздеп жүрмін. Егер мен жұмыспен бағдарламасы бойынша солтүстікке барсам, маған мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылған?Оңтүстік Қазақстан облысымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында өте тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылып жатыр. Солтүстік Қазақстан әкімшілігі Оңтүстік Қазақстан обылысы біраз аудандарында болып, қай елді мекендерге қандай азаматтар, қандай мамандықтар керек екенін жөнінде айтып, қазір Солтүстік Қазақстанға 100-ден аса отбасы көшіп барды. Егер де сіз сол жерге көшіп баратын болсаңыз, мамандық бойынша жұмыс табылса бірінші, жатақхана беріледі. Екіншіден, жұмыс орныңызға жәрдемдеседі. Үшіншіден, қосымша көтерме ақылар беріледі. Отбасының басшысына, яғни сізге 35 айлық есептік көрсеткіште, отбасыңыздағы басқа азаматтарға 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде беріледі. Егер 5 адам болса шамамен 385 мың теңге көлемінде қаражат алуға болады.

Тамара Қасымқызы, қазір жұмыссыздық мәселесі біздің елде өткір тұр. Әсіресе, жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуы, баспанамен қамтылуы, әлеуметтік қорғалуы, тізе берсек көп. Бұл ахуалдың негізгі себебі мен реттелу жолдарын көрсетіп айта аласыз ба?

Біз 2011-жылдан бастап жұмыспен қамту бағдарламасын іске асырып жатырмыз. Бұл бағдарлама негізінен жұмыссыз азаматтарға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға соның ішінде ауыл жастарына бағытталған. Осы жылдардың ішінде 600 мыңнан астам азаматтарды бізді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысқа тұрғыздық, кредит бердік. Биылғы жылдың өзінде 1-тамызға дейін 94 мың адам жұмысқа орналасты. Соның 48%-ы жастар. Қандай көмек көрсетеміз? Егерде азаматтардың мамандығы болса, жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес бірден оларды ағымдағы ремонт жүргізіліп жатқан, күрделі ремонт жүргізіліп жатқан, вакнсиялар бар кәсіпорындарға жібере аламыз. Екінші кредит бере аламыз, ауыл жастарының көпшілігі кредит алып, өздерінің кәсібін ашып жатыр. Бұрын бизнеспен шұғылданбаса, өз кәсібін қалай бастауын білмесе бір ай тегін оқытылады. Бизнес-жоспар қалай жасау керек, банкте шот қалай ашу керек, салық инспекциясымен қалай жұмыс керек. Соның барлығынын үйретіліп, кейін кредит беріледі. Үшіншісі, жастарға ең қажет нәрсе – оқытып, содан кейін жұмысқа орналстыру. Жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындарының барлығы жастарға қаратылған. Оңтүстіктен солтүстікке көшіп бару мәселесі, егер де мамандықтары болса мемлекет тарапынан қаражат қаралып отыр. Биылғы жылдың өзінде біздің бағдарламамызға 126 млиллард теңге қаралған. Сондықтан біз жастарға осы бағдарламада қарастырылған бағыттарын пайдалаңыздар, жұмыспен қамту орталығына барып жұмыс іздеңіздер деп айтқым келеді.

Жұмыссыздыққа байланысты мынадай сұрақ келіп түсті. Мейрамбек Айдаров, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданынан хабарласқан. Жұмыссыздық бойынша тіркелдім, 2020 –қамту оқу бойынша, оқи алмай отырмын. Жұмыс берушіні тауып бер дейді. Жұмыспен қамту орталығында 2013 жылдан бері жұмыссыз болып тіркелгенмін дейді.

Алдыңғы жылдары оқытып шығаратын едік, бірақ оның жұмыс орны жоқ. сондықтан қазір азамат келсе біз оған 2 нәрсе айтамыз. Бірінші, бізге жұмыс берушілер осындай вакансия айтып отыр, осы мамандық керек. Біз сізді оқытамыз, жұмыс берушіге сол мамандық бойынша жұмысқа барыңыз. Егер ол қаламаса айтуы мүмкін « міне, мен жұмыс берушіні таптым, осы мамандықты қалаймын, мына жұмыс беруші маған жұмыс беруге даяр» деп. Сондықтан біз жұмыс беруші сұраған мамандықтарды ғана даярлаймыз. Мейрамбектің сұрағын мен қарайын, мүмкіндік болса басқа облыстарға да барып, сол мамандықты оқып жұмысқа тұруына болады.

Ал қазір Call-орталыққа қосылайық.

Гүлназ Ауданбаева: Көп сұрақтар келіп түсіп жатыр. Әрине, оның барлығына тікелей эфирде жауап беру мүмкін емес. Министр ханым бұл мәселелерді өз құзырына алады деген сенімдеміз. Дегенмен 2 сұраққа тоқталып өтейік. Бірі Қарағанды облысы Егінді ауылынан, Ерғазы Тоғысбаев 1940 жылы туылған азамат екен. Ерғазы ағамыз 1958 жылы яғни, 18 жасынан бастап түрлі қызметтерде істеген. Тракторшы, жүргізуші болған. 1997 жылы Егінді ауылының әкімі болып жұмысын бастайды. 2003 жылы зейнетке шығады. Сұрақ: Зейнетақымды алуға келсем, менің зейнетақым 10 мың теңге болып белгіленіпті. Бұл мәселені зерделеп шықсам, менің еңбек өтілімді 1998 жылдан бастап есептепті. Неліктен бұған дейін жасаған жұмыстарды есепке алмаған?

Екінші сұрақ, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан Айдар есімді жігіт былай сұрақ қояды. «Мен мүмкндігі шектеулі азаматпын, банкке барып несие алайын десем, сен мүгедексің деп несие бермейді. Бұл қаншалықты заңды? Мүмкіндігі шектеулі адамдар салықтан босатыла ма?» дейді.

-Алдымен алғашқы сұраққа жауап берейік.

- Ерғазы ағамыздың сұрағына жауап берейін. Зейнетақыны тағайындаған кезде 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз тағайындалады. Сондықтан егер сіз 1958 жылдан бастап жұмыс істесеңіз, 40 жылдық еңбек өтіліңіздің еңбек кітапшаңызда жазуы болуы керек. Егерде ауыл әкімі болып жұмыс істесе, еңбек кітапшаңызда барлық еңбек өтіліңіз туралы ақпарат болса, сізге 10 мың теңге төленбеуі керек. Бүгін бізде базалық зейнетақының өзі 11 мың теңгеден артады. Сондықтан мында бір шикіліктер болуы мүмкін. Оны біз қарастырайық. Ал енді Айдар жөнінде айтайын дегенім, біздің Ата заңымызға сәйкес бірде-бір азамат өзінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан құқығы шектелмеуі керек. Егер банкке барып, кредит алған кезде олар сізден залог сұрап жатқан шығар. Сізде залог берер мүмкіндігіңіз жоқ болар. Сондықтан мен сізге мынадай мәселе айтар едім. Сіз жұмыспен қамту орталығына барып, өзіңіздің шамаңыз келетіндей жұмысыңызды ашатын болсаңыз микро кредит алуыңызға болады. 500 мың теңгеге немесе 3 миллион теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар. Онда 500 мың теңге кредиттің залогы өте аз, ал 3 миллион теңгеде залог бар, бірақ ол сіздің мүмкіндігіңізге қарай береліетін залогтың түрі. Сондықтан 3 миллионға дейін қаражат қажет болатын болса, сол жерге барып кредит алуға болады.

-Жаңа зейнетақы туралы айтып қалдық. Жалпы зейнтеақы жүйесіне енгізілген жаңа талаптарды көпшілік әлі жете түсіне бермейді. Бұл ретте түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі? Жалпы жаңа жүйенің тиімді тұстарын айтып береңізші.

- Зейнетақы жүйесіндегі жаңа реформалар 1998 жылдан басталды. Осы жылдар аралығында біз жаңа 3 деңгейлі жүйені енгіздік. Қазір азаматтардың барлығы 3 деңгейлі жүйенің бар екенін зейнетақы алатын азаматтар жақсы біледі. Ал енді зейнеақға әлі жетпеген азаматтар әрине, ол жүйе туралы ойлана бермейді. Сондықтан біз қазір барлық облыстарда мобильді группалар құрдық. Ол мобильді группаларды ЦОН-дарда, халыққа қызмет ететін орталықтар, біздің зейнетақы орталықтары, біздің зейнетқыны тағайындайтын облыстарымызда департаменттер бар, сонымен бірге ауылды елді мекендерге барып бірінші зейнетақы жүйесін түсіндіріп, екіншіден зейнетақы алу жөнінде қандай документтер қажет екенін айту, содан кейін сол азаматтарды аудан орталығында шақырып зейнетақы төлеу мәселелерін қарастырамыз. Бұны біз өткен жылдан бастадық. Биылғы жылдың ішінде 30 мыңға жуық азаматтар осы мобильды кеңселеріміздің көмегіне жүгініп, қажетті зейнетақыларын, жәрдемақыларын, басқа да әлеуметтік қызметтерін алып жатыр.

-Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Қарасу селосы нан Гүлсана есімді көрермен ауыл тұрғындары атынан хабарласып тұр. Ауылдық жерде медициналық қызмет көрсету өте төмен. Мамандар тапшы. Тіркеуден шешілген авто көліктер жедел жәрдемге беріледі. Алайда олар жолы жоқ ауылдарға жете алмай, жолда қалып аналар жолда босанып, жағдай нашар адамдар ауылдан әр адамға 1500 теңгеден көлікке жалданып жатады. Денсаулықтары бойынша тіркеуде тұрған ауыл тұрғындары мен жаңа туған нәрестелердің де тегін дәрі-дәрмектер ала алмайды. Аудан орталығына барып немесе Қостанайдан сатып алуға тура келеді.

-Жаңа дәрі-дәрмектер жайлы айтып өттік, сақтандыру жүйесінде қалай екенін. Бірінші, жедел жәрдем мәселесі бар. Бұл мәселені біз жақында ғана үкіметте қарадық. Егерде ауыл шетте болса, өзіңізге белгілі өткен жылдан бастап біз медициналық көмек көрсететін поездарды көбейттік. Үш бағытта жүрдек поездар жүріп жатыр. «Жәрдем», «Денсаулық», «Саламатты Қазақстан» деген. Қазір Қазақстан Теміржолы бізге өте үлкен қолдау көрсетіп жатыр, шалғай елді мекендерге барып поездар көмектесіп жатыр. Екінші, сол шалғай мекендерге ПМК дейді, «передвижной медицинский комплекс» деген қазір аудан орталығынан шығу мәселесін қарастырдық, бірақ транспорттар әлі жетіспейді. Бұл мәселені біз бағдарламаның аясына қойдық. Үшінші, жедел жәрдем бойынша. Қазір барлық жедел жәрдемдерді ауруханаларға қарасты бір жерге топтастырып жатырмыз. Облыстық жедел жәрдемдер облысқа, қалаға қарайды. Ал аудандық жедел жәрдем ауданға қарайды. Аудан мен облыстық жедел жәрдем арасында байланыс жоқ. Енді қазір барлығын бір мекеме ретінде қарастырып, GPS бағдарламасын қойып, ондағы жедел жәрдемге берілетін машина дұрыс істеліп жатыр ма? Жеткілікті ме? Деген мәселелерді қарастырудамыз. Ол да қазір Қызылорда облысы мен Павлодар облысында пилотты түрде жүріп жатыр. Соның нәтижесінен кейін басқа облыстарда бұл мәселені қарастырамыз. Ал енді жергілікті жерде жедел жәрдемнің мәселесін шешу ауыл әкімдеріне жүктелген, сондықтан мен қазір бұл Гүлсананың сұрағын Қостанай облысының әкімшілігімен , ауыл әкімшілігімен де қазірше транспорттық мәселені шешуді қарастырамыз. Ал кейін кешенді түрде шеші керек.

-Тамара Қасымқызы, мен көп сұрақты сүзгіден өткізіп отырмын. Көпшілігі балалар уруына қатысты екен. Бұның ішінде педиатр мамандығына қатысты. Өзіңіз білесіз, балалар хирургы Камал Ормантаевтың өзі талай айтқан еді кезінде педиатр мамандығын көбейтуіміз керек деп. Қазір көп мамандар балаларға дұрыс диагноз қоя алмайды дейді. Осы жерден бұл ата-аналардың ұсынысы деп қабылдаған жөн шығар. Педиатрия институтын қайтарсақ болмас па еді деген сұрақ бар. Көбі педиатрияға қатысты.

- Біз педиатрлардың санын көбейтуіміздің қажеті жоқ. Білікті педиатрмамандарды шығаруымыз керек. Қазір біз 3 мыңдай педиатр маманын шығарайық, бірақ олардың бәрі диагноз қоя алмаса оның бізге қажеті не? Сондықтан кадрларды даярлаған кезде оқу стандарттарын жөндеуіміз қажет. Содан кейін кімді қабылдап жатырмыз, соған басты назар аударуымыз қажет. Үшіншіден, қай жерге керек сол педиатрлар, сол облысқа, сол аудандарға жіберуіміз керек. Осы үші мәселені шешуіміз керек.

-Соңғы сұрақ. Биылдан бастап азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа үлгісі енгізілді. Оларға еңбекақы қалай төленеді?

-Бұрын бізде 14 категория болса, қазір 5 функционалды блокқа бөлдік. Бұрын G4 деген категория болатын, сол жерде республикалық мекеменің де басшысы, облыстық мекеменің басшысы, аудандық мекеменің басшысы бірдей еңбекақы алатын. Олардың атқаратын функциясына да, жауапкершілігіне де көп көңіл бөлінбеді. Сондықтан да біз бірінші функционалды блокқа басқарушы азаматтарды қойдық, ол республика, облыс, аудан көлемінде әрқайсында өз коэфиценттер болады. Екінші үлкен функционалды блог - негізгі мамандар. Онда барлық жоғарғы білімді мамандар отыр, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер. Үшінші , әкімшілк блок . Бұл жерде бір мекемедегі бухгалтер, юристтер, экономисттер, яғни негізгі мамандарға жағдай жасайтын азаматтар. Төртінші блокта техникалық қызметкерлер деп бөлдік. Әрбір блоктың өзіне сай берілетін коэфиценттері бар. Соған сәйкес , жаңа модель енгізілгендіктен білім саласында қызметкерлердің еңбекақысын осы жүйенің негізінде 29%-ға көтердік. Денсаулық сақтау саласында 28%-ға көтердік, ал әлеуметтік сала 40%-ға дейін көтерілді.

-Тамара Қасымқызы, сұрақ-сауал өте көп.Бірақ тікелей эфирдің уақыты шектеулі. Естеріңізге сала кетейік, құрметті көрермендер, бүгінгі қойылған сұрақтар мен барлық жауаптер www.kaztrk.kz сайтында орналастырылады. Сол жерден қарап, жауаптарыңызды, сұрақтарыңызды көруіңізге болады. Тамара Қасымқызы, бүгін студияға келіп, уақытыңызды бөліп, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап бердіңіз деп есептеймін. Сізге ризашылығымыз шексіз. Рахмет сізге!

-Сізге де рахмет! Бүгінде келіп түскен сұрақтарды бізге жіберуіңізді өтінемін. Көпшілігіне жауап беріп үлгергеніміз жоқ, біз соған жауап беруге даяр екенімізді көрермендерге жеткізгім келеді.