23 сентября 2016, 03:56 | 1 219 просмотров
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы
4-тарау. САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)міндеттері
Сатушы (дайындаушы, орындаушы):
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;
8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;
9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің) болуын және оның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтауын қамтамасыз етуге;
10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге;
11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
Дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге міндетті. Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.
ЗаконО защите прав потребителей Республики Казахстан от 4 мая 2010 года № 274-IV
Глава 4. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ ПРОДАВЦА (ИЗГОТОВИТЕЛЯ, ИСПОЛНИТЕЛЯ)
Статья 24. Обязанности продавца (изготовителя,исполнителя)
Продавец (изготовитель, исполнитель) обязан:
Продавец (изготовитель) обязан указывать стоимость товара, оформленного ярлыком цен, выставленного во внутренних и внешних витринах торгового объекта, а также обеспечить условия хранения товара.
Изготовитель (исполнитель) обязан указывать стоимость работ и услуг в письменном виде.
Изготовитель обязан устанавливать срок годности, срок хранения товара. Продавец (изготовитель) обязан продать, а потребитель вправе купить товар согласно указанной стоимости, оформленной ярлыком цен, выставленным во внутренних и (или) внешних витринах торгового объекта.
Запрещается продавцу (изготовителю, исполнителю), за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, ограничивать права потребителей в отношении применения фото, видеосъемки.
«Талдықорған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» Басқарма басшысы: Е.Асимкулов. Байланыс телефоны: 41-14-08.