Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Вирусты гепатит «А»


23 сентября 2016, 03:55 | 3 238 просмотров



Талдықорған қаласы бойынша 2016 жылдың 7 айда  8 жағдай   вирустық гепатит «А»  тіркелді .Ал  2015жылы дәл осы уақытта 8 жағдай  болған. Яғни тепе-теңдігін көрсетеді. Тіркелген вирустық «А»   гепатиттің 5 жағдайы мектеп оқушылары арасынан кездесіп отыр. Ал қалған 3 жағдайы ересектер арасынан кездесті.

Вирустық гепатиттер — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған жұқпа болып табылады,   ең алдымен адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді.

Жұқпаның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезеңі 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты құрайды. Вирусты гепатит «А» жұқпасының негізгі таралу жолы тұрмыстық қатынас жолы болып табылады. Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның зәрі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады.

Вирус жұғуына барынша тән жолы – адамдар арасындағы барынша тығыз тұрмыстық қарым-қатынас және тамаққа ауру жұқтырылған азық-түлікті немесе суды пайдалану болып табылады. Ауру жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда лас қолдан, таза емес ыдыстан, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Вирусты гепатит «А» жұқпаның алдын – алу үшін ең алдымен жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтай отырып, яғни тамақ ішер алдында , дәретханадан, даладан келгенде қолды сабындап жуу керек. Вирусты«А» гепатитінің негізгі алдын алу жолдары – бұл гигиеналық нормаларды сақтау. Вирусты гепатит «А» жұқпасынан сақтанудың тиімді жолы – бұл вакцинация, яғни 2 жасқа толған балаларға аталған жұқпаға қарсы егілу ұсынылады.

Автор:
Е.Асимкулов, Талдықорған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.