Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Маңғыстауда сармат мәдениетінің ізі табылды


2 сентября 2016, 04:51 | 1 109 просмотров



Сарматтар - ежелгі темір ғасырының көшпенді мәдениетінің өкілдері. Бұдан бұрын Доннан Оралға дейінгі аумақты мекендеген (Ресей, Украина, Қазақстан). Енді Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасының аясында тарихшылар олардың өмірінің географиялық аясын Каспийге дейін кеңейтті. «Сарматтар көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген. ҚР аумағында қыстаған. Бізде табылған керамикалық ыдыстар сіздерде кездесіп жатқаны үлкен жаңалық болды. Тұтастай, сармат мәдениетінің ескерткіштері, оның ішінде Маңғыстау облысында табылған керамика Оңтүстік Орал сармат ескерткіштері мен мәдениетімен бірдей. Бұл ақпараттың барлығы менің Батыс Қазақстанның керамикасы бойынша ежелгі темір ғасырының сармат мәдениеті монографиямда жазылған. Кітаптарда сарматтар Доннан Оралға дейін мекен еткен деп жазылған. Жаңа зерттеудің арқасында олар Доннан Каспийге дейін тұрғанын да білуге болады. Бұл ақпаратпен Қазақстан оқулықтарын кеңейтуге болады», - деп қорытындылады жұмысын тарих ғылымдарының кандидаты, Орынбор педагогикалық университетінің археология мұражайының меңгерушісі Людмила Краева.Екі елдің бірлескен жобасы, - оның айтуынша, 4 жылға арналған. Керамиканы ол ерекше әдіспен зерделеуде. Оның негізін қалаушы т.ғ.д Александр Бобринской. Оның әдістемесі керамиканы микроскоппен алынған деректер арқылы зерделеуге негізделген. Сондай-ақ этнографиялық еңбектер, археологиялық деректер тартылуда.Ыдыстар Шебір (Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы), Сарықамыс (Бейнеу ауданы) елді мекендерінен табылған. Олар  өңірдің тарихи-өлкетану мұражайында және тарихи-мәдени қорығында зерттелді.

Автор:
Қазақпарат