Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

300 мың адамға қызмет көрсетті


28 июля 2016, 16:21 | 806 просмотров



«Саламатты Қазақстан» пойызы екі ай ішінде жиырма мыңға жуық адамға қызмет көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

2010 жылдан бері тұрақты түрде ел аралап, шалғайдағы елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін Төтенше жағ¬дайлар комитетінің қолдауымен қызмет көрсетіп келеді.

– «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойызы 10 мамыр мен 11 шілде аралығында17634 тұрғынға, оның ішінде 2539 баланы тексеріп үлгерді. Жалпы, бұл пойызға келушілердің саны 118 656 адамды құрады. 95 912 адамға диагнос¬тикалық ем-шара жүргізіліп, 409 амбулаториялық ота жасалды. 3434 әйел мамологқа қаралса, 5149 тұрғынның тісінде ақау болып шықты, деді Р.Иманқұлов.

Медициналық пойыздың әрбір қаралушысына қажетті көмек, кәсіби кеңес және жақын маңдағы дәрігерлік орталыққа одан әрі емделуге жолдамалар беріліп отыр.

Алты жыл ішінде медициналық пойыздар үш жүз мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен.

«Маманда 295 148 тұрғынды тексеріп, 71 304 балаға ем-дом жасады. Жалпы, бұл аралықта келіп қаралушылар саны 1 968 383 адамды құрады. 1 2241 148 тұрғынға диагностикалық емшара көр¬сетілді», дейді Руслан Иманқұлов.

Оның сөзінше, медициналық пойыздарға келіп қаралушылар арасында гинекология мен сто¬матологияға келіп қаралушылар өте көп.

Медициналық пойыздардың жұмысының сапасына жоғары болып, қалыптасқан жүйесі тұрғын¬дардың өздері біле бер¬мей¬тін сырқаттарының анықталуына септігін тигізіп отыр.

Бұл жоба алғаш рет 2004 жылы «Қазақстан Темір жолы» АҚ ұйым¬дастыруымен «Менің Қа¬зақстаным», «Отан», «Түрксіб» деген атпен ел аралап, қызмет көрсеткен болатын. 2010 жылдан беру атауын өзгерткен пойыздар бүгінде үшке бөлініп, «Жәрдем» батыс», «Денсаулық» шығыс пен оңтүстік аймақты қамтыса, «Саламатты Қазақстан» орталық пен солтүстік аймақты жылда дәстүрлі түрде аралап келеді.

Автор:
Айқын-ақпарат.