28 июля 2016, 10:20 | 1 442 просмотра
Алматы облысының орталығында кезекті жаңалық – жаңа көпсалалы қалалық аурухана алғашқы емделушілерін қабылдады.
Облыс әкімі медициналық мекеменің бірінші жұмыс күніне арнайы барып, емдеу орнының мүмкіндіктерімен танысып, хирургия және травматология бөлімдерінде жатқан науқастармен әңгімелесті.
Хирургия бөлімінде жатқан Владимир Ни өңір басшысына білікті кадрлармен жасақ-талған, жаңа жабдықтармен жабдықталған заманауи медициналық мекеме үшін қа-лалықтар атынан алғысын жеткізіп қалуға асықты. «Біз шын көңілден разымыз. Барлық қажеттіліктер ойластырылып, жағдайлар қарастырылған мұндай аурухана халыққа аса қажет екені айтпаса да түсінікті. Соны тап басып, жұрт қалауын жүзеге асырғандарыңыз үшін рақмет!» деді емделуші.
Жаңа ауруханада барлық жұмыс компьютерлендірілген. Тіркеу бөлімінде «Ақылды қала» атты арнайы жабдық орнатылған. Мұнда талдықорғандықтар планшеттерінің көмегімен өз беттерінше тіркеле алады және бұл өз кезегінде оларға уақыт үнемдеуге жағдай туғызады.
Амандық Ғаббасұлы аурухана жұмысымен танысу барысында ота жасалып жатқан операциялық залды да аттап өткен жоқ. УЗИ бөлмелерінің, зертханалардың, асхана және кір жуатын орынның жұмысына да назар аударып, сол жерде денсаулық сақтау саласы жетекшілеріне бірқатар сұрақтар қойып, тиісті мамандардың жауабын тыңдады. Қасында жүрген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен жаңа аурухананың директоры Сәуле Құсмолдановаға асханалық бөлім мен кір жуатын орынды қажетті мамандармен қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
– Аурухана үш жүз төсекке есептелген. Мұнда он бөлім жұмыс істейтін болады. Барлық бөлімде заманауи құрал-жабдықтар қойылған. Мамандардың барлығы жаңа технологияларға оқытылған. Функционалдық диагностика аппараттары, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтар орнатылған. Бұлардан басқа, автомат-тандырылған орталық зарарзыдандыру жабдығы жұмыс істейді. Бұл жабдықтар құралдарды аса жоғары деңгейде зарар¬сыздандыруға болады.
Кадрлармен қамтамасыз етуде ма¬мандарды өз облысымызбен бірге, респуб¬ликадан да шақырдық. Ең бастысы, біздің заманауи аурухана сапалы әрі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсете алады, – дейді көпсалалы қалалық аурухананың директоры Сәуле Құсмолданова.
Аурухананы мұқият аралап шыққан, әр бөлімнің жабдықталуына, жұмысына назар салған Амандық Ғаббасұлы жекелеген кемшіліктерді тез арада реттеу туралы нақты тапсырмалар жүктеп, аурухананың ресми ашылуын алдағы күндердің еншісіне қалдырды.
Клиника ғимаратының алаңы 34 мың шаршы метрді алып жатыр. Жаңа медициналық мекемедегі нейрохирургия, терапия, неврология, травматология, офтальмология, эндокринология, лазерлік-сәулелік диагностика бөлімдерінде түрлі бағыттар бойынша сексенге жуық дәрігер және төрт жүзден астам медицина мамандары халыққа қызмет көрсететін болады.