28 июля 2016, 10:19 | 1 355 просмотров
Әділет іздеген, қолдау күткен халық ізгі істерді ілгерілетуші, жұртшылықты жақтаушы партия ретінде «Нұр Отанға» үздіксіз келіп жатады.
Билеуші партия бұл ретте қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, билік пен халық арасындағы дәнекер болып келеді. Кеше Астанадағы «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз саласы бойынша азаматтарды қабылдап, өтініш-шағымдарын тыңдады.
Министр Т.Дүйсенова 27 адаммен кез¬десіп, оларды мазалаған сан алуан мәсе¬ле¬лердің шешімін ұсынды. Мы¬салы, меди¬ци¬на саласындағы ком¬па¬нияның бас дирек¬торы, алматылық Айгүл Әбдуалиеваны жас ұрпақ ара¬сында сал және басқа да зардабы ауыр аурулардың көбейіп бара жатқаны алаң¬датады екен. Сондықтан ол дү¬-ниеге келгеннен 15 жасқа дейінгі ара¬лықтағы жасөскіндерге білікті әрі бейін¬ді дәрігерлік көмек көрсететін балалардың реабилитациялық невро¬логиялық орталы¬ғын ашу жобасын ұсын¬ды. Бұл үшін невро¬лог дәрігер¬лерден команда жасақталыпты.
Министр сауықтыру орталық¬тары¬ның әлі жеткіліксіздігін растады және бұл жо¬ба¬ға қандай көмек қажеттігін сұрастырды. А.Әбдуалиева ғимарат не орынжай керек¬тігін және перзентха¬на, перинаталды ор¬талықтар жанында жұмыс істегісі келетін¬дерін жеткізді. Өйткені гидроцефалия се¬кілді бірқа¬тар неврологиялық ауруларды сәби туа салысымен емдеу қолға алынса, бөбек тез сауығып кетеді екен. Тамара Қа¬сым¬қызы бұл мәселені шешуге болатынын нықтады және басқа да көмек ұсынды:
– Сауықтыру бағытында мемле¬кеттің арнайы бағдарламасы бар, оған жыл сайын 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді және ол осындай орта¬лықтарда тапсырыс түрінде орналас¬ты¬рылады. Егер сіздерде менеджмент жақ¬сы болса, медициналық-диагнос¬тикалық құрылғыларыңыз, білікті ма¬мандарыңыз жеткілікті, сай болса, онда біз ертең-ақ сіздерге осындай тап¬сы¬рыс¬ты орналастыруға дайынбыз. Егер олай бол¬ма¬са, оны құру үшін бірге жұ¬мыс жасайық, – деген Т.Дүйсенова министрліктің жауапты тұлғаларына «Ана мен бала ұлттық орта¬лығын» және перинаталды орталықтарды тарта оты¬рып, осы мәселені қарауды жүк¬теді. Ал 20 тамызда жоба иесі А.Әбдуалиева сол лауазым иелерімен бірге Денсаулық сақ¬тау және әлеуметтік даму министрі¬нің қабылдауына қайта кіретін болды. «Егер сіздердің бағдарламаларыңыз дайын және оңды болса, біз оны бала¬лар невроло¬гия-сының бір бөліміне де айнал¬дыруымыз ық¬тимал» деді ми¬нистр.
Сала басшысының қабылдауына кірген ана Сая Тоқышева 2014 жылдың қыркүйе¬гінде дүниеге келген сәбиі Қуа¬ныш Оң¬ғар¬ды емдету мәселесін кө¬тер¬ді. «Респуб¬ли¬ка¬лық сауықтыру орта¬лы¬ғы жалғыз, кезек үл¬кен, сондықтан Қବра¬ғандыда өз қаржы¬мызға емделуге тура келуде» дейді шағым¬данушы. Бұл түйткілдің де түйіні бірден тар¬қағанын айта кеткен жөн. Министр Т.Дүйсе¬нова 2016 жылдың қарашасында елордадағы «Балалардың республикалық сауық¬ты¬ру орталығы» Саяны баласымен бірге күтетінін жеткізді. Және мұнымен шек¬телмей, ол келесі қадамдарды да көр¬се¬тіп берді: Тамара Қасымқызының ай¬туын¬ша, бұл ана өз бүлдіршінін кор¬реꬬциялық-емдеумен айналысатын «ар¬найы әлеуметтік қызметтер көрсетуші күндізгі орталыққа» беріп, өзі жұмысқа шыға алады. «Егер сіз өтініш берсеңіз, балаңыз бала¬бақшаға барғандай, осы орталықта күндіз болады. Ал сіз еш уайымсыз, жұмыс жасай аласыз. Елор¬дада ондай күндізгі орталықтар жеткі¬лікті, біз қазір олардың арасында әлеу¬меттік тапсырыс орналастырудамыз» деді министр.
Тағы бір арызданушы Ольга Сазо¬нова бейнебайланыс көмегімен Павло¬дардан қосылды. Ол былтырғы тамызда өзінің қызы Т.Варварюкке жергілікті №2 емхана дәрігерінің уақытында ме¬дициналық кө¬мек көрсетпеуі кесірінен айы-күні толып, туылғалы тұрған іштегі сәбидің шетінеп кеткенін әңгімеледі. «Қазір қылмыстық іс қозғалған. Соның барысында тәуелсіз сараптама жүргі¬зілді және дәрігердің кінәлі екенін көр¬сетті. Бірақ дәрігер әлі күнге өз қызметін атқаруда» дейді шағымданушы. Ми¬нистр Т.Дүйсенова істің байыбына ба¬ратынына, кінәлілер тиісті жазасын ала¬ты¬нына сендірді.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жа¬ңаталап елді мекенінен қабылдауға жа¬зылған Н.Бегулиева екінші топтағы мүге¬дек, «Чернобыль» апатының сал¬дарын жою¬ға қатысушы жұбайы Т.Алдамжаровты денсаулығына байла¬нысты тегін дәрі-дәр¬мекпен қамтама¬сыз етуді сұрап, жүгінбек болыпты. Бірақ бұл мәселесі қоғамдық қа¬был¬дауға дейін шешілгенін хабарлап, алғы¬сын жолдады.
Бұл күні «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауында көтерілген мәселелер сан-салалы болды. Оралман ағайын¬дардың проблемалары, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» аясында кәсіп ашу, құқық қорғау органдары қыз¬меткерлерін зей¬нетақымен қам-сыздандыру саласындағы өз¬герістер, емделуге көмек, әлеуметтік «сұ¬лу¬лық салонын» ашу және басқа да мәсе¬лелер қаузалып, шешімі табылды.
– Қазақстандықтар партиямызға жеке бастарына қатысты мәселелер¬дің шешімін іздеп, жүгінеді, сондай-ақ жақсы жобалар да ұсынады. Жыл басы¬нан бері «Нұр Отан¬ның» қоғамдық қабылдауына бүкіл рес¬пуб¬ликадан 88 мыңнан астам өтініштер келіп түсті. Мұның сыртында 11 мыңнан астам азаматтарды қабылдау ұйымдасты¬рылды. Тек Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ғана орталық мем¬лекеттік ор¬ган¬дар басшылары 27 қа¬былдау өткізді. Жақын арада, тамыз айының басында бізде Ішкі істер ми-нистрі Қ.Қасымовтың қоғам¬дық қа¬былдауы болады деп күтілуде, – деді «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңге¬ру¬шісінің орынбасары Арыстанғали Сан¬сызбаев.