Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мың түрлі дертке ем болған – музыкатерапия


28 июля 2016, 16:14 | 1 340 просмотров



Музыкатерапевт – музыканы емдік мақсатта қолданудың психотерапевтік әдісі. Яғни, науқасқа музыка тыңдата отырып, оның ырғағына сай физикалық қимыл-қозғалысқа түсіру немесе психологиялық тұрғыда адамның жан сарайын жадырату. Қарапайым ғана түсіндірер болсақ, музыкалық терапияның қадір-қасиеті мен қызметі осындай.

Ал бұл – халықтық ем-дом жасау ісін¬де адамзат игілігіне жарап келе жатқан қолданыста бар дүние. Тіпті, тарих қойнауына көз жүгіртсек, ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама бер-ген. Сондай-ақ, ертедегі қытай, үнді дәрігерлері мен емшілері, философ¬тары мен музыканттары музыканы сырқатты емдеуге пайдаланғаны белгілі. Сол сияқты, қазақтың көнеден келе жатқан ауыз әдебиеті жырлары мен аңыз-әф¬саналарында да сиқырлы қобыз, күмбірлеген домбыра мен сызылған сыбызғы үнінен шығатын музыкалық туындылардың адам организміне оң әсер етіп, жалпы психологиялық емдік сипатта шипалық қасиеттері болғандығы белгілі. Ендеше, «музыкатерапевт» деген терминдік атау әр кезеңдерде әр-қалай үлгіде айтылып келгенімен, жалпы адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінде ажырамас құндылықтарға айналған деуге толық негіз бар.

Десек те біз бүгін тәуелсіздік жыл¬дарындағы музыкатерапевтік қызмет турасында ой өрбітпекпіз. Ендеше, ендігі сөзіміз осы саладағы озық технологияларды қолданысқа енгізе отырып, жаһандық дең¬гей¬дегі жаңашылдыққа бет бұрған елі¬міздің музыкамен емдеу ісінің жай-күйі жайында өрбімек. Ашы¬ғын айтсақ, музыкамен емдеу ісінің мамандары Қазақстанда «му¬зыкатерапевт» деген ресми атауға 1995 жылдан кейін иелене бас¬тады десек, қателесе қоймаспыз. Өйткені, тұңғыш рет Алматы қаласында республикалық «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы ашылып, ол жерде церебралды сал сыр¬қатына ұшыраған балаларды ем¬дейтін орталыққа «музыкатерапевт» мамандығы керек-ақ болатын. Осы¬лайша, бұл салада көш ілгері кеткен әлемнің озық тәжірибелерін осы орталықта кеңінен қолданысқа енгізу көзделді. Кейіннен, 2007 жылы Елбасы Жарлығымен Астанада Ұлт¬тық медициналық холдинг құ¬ры¬лып, бүгінде ол «UMC» кор-поративтік қо¬ры «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» ретінде қыз¬мет көрсетіп келеді.

Бұл орталықтың негізгі қыз¬ме¬ті – жүйке, тірек-қозғалысы жү¬йе¬сі¬нің патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерге оңалту кө¬мегін көр¬сету болып табылады. Сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы оңалту қызметіне заманауи жаңа техно¬логиялардың трансфертін енгізу басымдыққа алынған. Ерекше атап өтерлігі, орталық екі жыл бұрын JCI (Joint Commission International) Бір¬лескен халықаралық комиссияның ак¬кредиттеуінен табысты өтті. Осы¬лайша, біз сөз еткелі отыр¬ған о𬬬тବлық медициналық ұйым¬да𬬬дағы қыз-меттің сапасы мен қауіп¬сіздігінің әлемдегі ең беделді және объективті мойындал¬ған «Ал-тын стандарт» деген атауға ие болған. Мұндай оқиға ме¬дициналық қызмет көрсетудің халықаралық на¬ры¬ғында Қазақстан медицинаның ға¬ламдық шы¬ңына ұмтылуы ретінде бағаланады. Себебі, орталық оңалту ісінде ме¬дициналық, педагогикалық және әлеуметтік сала¬дағы үш бағытта қыз¬мет көрсетудің тоқайласқан, не¬гізгі жиынтық нүктесі. Яғни, мұн¬-да келген әрбір мүмкіндігі шек¬теулі бала емделумен қатар, білім ала отырып, қоғамға бейім¬де¬лу үдерісін бойына сіңіреді деген сөз.

– Соның ішінде ерекше атап айт¬қым келетіні, Қазақстанда мүлде жоқ мамандық түрі – музыкатерапия аясында еңбек терапиясы мен вокалдық терапия және логоритмика сынды мамандық иелері қызмет көрсетеді. Ал ен¬ді біздің «Алтын стандарт¬ты» ие¬ленуіміз, орталықтың ғана емес, тұтас Қазақстан халқының жетістігі және Елбасымыз атап өт¬кен дамыған 30 ел¬дің қатарына кіру мақсатына жетудегі негізгі қадамдардың бірі болып саналады, – деді «Балаларды оңалтудың ұлт¬тық орталығы» филиалындағы Әлеуметтік-педагогикалық оңалту ор¬талығының басшысы Гүлшат Сұлтанова.

Ал музыкатерапевтік қыз¬мет¬¬тің қыр-сырымен етене танысу мақсатында осы мекеменің маманы Мақсат Ис¬мағұловпен әңгімелесу арқылы мұндай маман иесі атануға музыкалық білім жеткіліксіз болатындығын ұқ¬тық. «Ар¬қалықтағы Н.Құлжанова атын¬дағы Торғай гуманитарлық колледжінде му¬зыкалық бағытта алған біліміммен музыкатерапевт атануым мүмкін болмады, – деді ол ә дегеннен-ақ. – Бұл жерге му¬зы¬¬ка¬терапевт ретінде қызметке тұруым үшін бірқатар шетелдік мамандардың семинар-курстарынан өтіп, сертификат алуыма тура келді. Себебі, біздің елімізде арнайы «музыкатерапевт» деген дәрежемен маман даярланбайды. Музыкалық біліміңді белгілі бір салалармен, соның ішінде медицина, физиология-анатомия, психология ғылым¬дарымен тәжірибелік тұрғыда шебер ұш¬тастырғаннан кейін ғана осы жұ¬мысқа орналасуға мүмкіндігің бар. Өйткені, біз әрбір баланың диагнозына қанық бола отырып, оның мүмкіндігін ескеріп, музыка пәнін өтеміз. Дұрысы, баланы белгілі бір деңгейде ән, әуен ырғағына икем¬деп, қимыл-қозғалысқа тү¬сіру арқылы емдейміз. Атап айт¬сақ, дене мүшелері мен тыныс алу жолдары, ет-жақ сүйектері мен бұлшық еттерінің жұмыс істеу қабілетін жақсартуда осы му-зыкатерапевтердің еңбегі ұшан-теңіз.

Жаңашыл бағыттағы жас ма¬ман¬¬¬ның түсіндіруінен түй¬геніміз, музы¬ка¬терапевтік қыз¬мет¬тің ар жа¬ғында біз білмейтін, нәзік иі¬рімге толы оның түрлері де аз емес көрінеді. Рефлективтік терапия (баланың есту, тыңдау, сезіну қабілетін дамыту), аспаптық терапия (қол, саусақтың қимылындағы моториканы дамыту), данс-терапия (тепе-теңдік қимыл-қозғалысты да¬мытуға бағытталған), дыбыстық терапия (тілінің мүкісі бар бала¬лар үшін), вокалды терапия (ба¬лалардың аспаппен үндесе ән айтуда дыбыс шығару мен ты¬ныс алу тәртібін үйретуге арналған) сынды мүгедек жанның мүмкіндігін ашу¬ға және оны барынша дамытуға н嬬гіз¬делгенін біреу білсе, біреу білмес.

Негізінен ән айту дыбыс¬тау мүше¬леріне ғана емес, есту мү¬шелерінің жұ¬мысына да тәуелді. Сондықтан да ән айту ке¬зінде есту мүшелерінің дұрыс қалпын сақтау, ән шырқаудың дағдысын игеру мен дыбыстау жүйесін оңалтуға тиімді көмек береді. Ал ол үшін алдымен дұрыс тыныс алып үйрену қажет. Егер бала тиімді тыныс алып үйренсе, онда ән айтумен қатар дұрыс сөй¬леу мүмкіндігі де қалыптасады.

Бүгінде бұл салада «музыкатера¬певт-реабилитолог» термині кеңінен қолданысқа ене бастады. Ал латынның «реабилитация» сөзі «rehabilitas» – ада쬬ның за¬қым¬далған қабілетін қал¬пына келтіру дегенді білдіреді. Осы сөз¬дің медициналық-педа¬го¬гикалық тұрғыдағы қазіргі мә¬ні – мүмкіндіктері шектелген ба¬ла¬ларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, олардың психо-фи¬зио¬логиялық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғам¬дық өмірге, еңбекке аралас¬тыру арқылы кемтарлық салдарын жеңілдету. Мұндай балалардың музыканы есту деңгейі мен есте сақтауы және музыка ырғағын сезіну қабілеті төмен болатындығын ескеріп, олармен музыкалық тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы қам¬та¬масыз етілуі қажет. Сондай-ақ, дәріс жүйелі және мақсатты түр¬де өткізіліп, әрбір баланың мүм¬кіншіліктері мен даму ерек¬шеліктері терең зерттеліп, зер¬де¬ленуі керек. Мәселен, вокалдық терапияда балалар алғаш ән айтып үй¬ренеді немесе жақсы көретін әндердің қайырмасын айтады. Міне, осы орайда логопедтермен жұмыс жүргізілсе, құба-құп. Өйт¬кені, бала тек ән айтуды үйреніп қана қоймайды, осыған ұмтылу арқылы өкпенің, қан айналымының жұмысын жақ¬сартып, дене-бітімінің түзелуіне оң септігін тигізеді.

Орталықта ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан тә¬жірибелі му¬зыкатерапевтердің бірі Жанар Садықова ән айтқанда дыбыстау мүше¬лерінің бұлшық еттері шымыр да серпінді бол¬уы керектігін ескертеді. Себебі, тү¬зету жұмыстарында жаттығуды сауат¬ты әрі сапалы атқарудың маңызы зор.

– Көп ретте ата-аналар баланы музыка терапиясына алып келіп тұ¬рып «Менің баламның дауысы, есту түйсігі жоқ» деп жатады. Ол мүл¬дем дұрыс емес. Барлық адамда дауыс пен есту түйсігі болады. Бірақ, ондай қабілет біреуде жақсы дамыса, енді біреуде әлсіз. Бұларды дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі, сол кезде біз оң нәтижеге жете аламыз,– дейді ол.

Жалпы, ән айту – өте күрделі үде¬ріс екені белгілі. Десек те оның дағдысын дұрыс игеру оңалтуға тиімді көмек береді. Өйткені, дәріс барысында баланың сөйлеу тілін жетілдіруге, әндік дем алуға, дауыс диапазонын кеңейтуге, интонациясын жетілдіруге, ырғақты сезіну қабілеттеріне арналған жаттығулар жүргізіледі. Музыка тера¬пиясын¬да ем-шара қабылдайтын балалардың диагнозына байланысты жиі қол¬да¬нылатын тәсілдерді жетік мең¬¬герген мамандардың бірі – «Ана мен бала ұлттық ғылыми ор¬талығы» филиалында тәрбиеші болып қызмет ететін Ләйлә Өте¬генова. Ол осы салада ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі маман.

– «Қалыпты жағдайдағы мектеп, балабақшалармен салыстырғанда емдеу ісімен қатар, білім, тәрбие беру үдерісі мұндай орталықтарда психологиялық тұрғыдан күрделі жағдайда жүргізілетіні айтпаса да түсінікті болар, – дейді ол.

Ал енді осылайша салаланған жұ¬мыс¬тарды жұмылған жұдырық¬тай етер бір мамандық – музыка¬тера¬пев¬тік қызметке қоғам тарапынан сұ¬раныс қаншалықты деген мәселеге кел¬сек, нәтижесін тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандар мен олардың ет жақындары ғана таратып айта алса керек. Мәселен, тұңғышы туабітті цере¬бралды сал ауруына ұшыраған Гүлжанар Иманбердиеваның (аты-жөні өзгертіліп алынды – авт.) осы орталыққа келіп ем қабылдағаннан кейін ертеңге деген сенімі нығайған. «Мүгедек болса да ол – менің пер-зентім. Шынымды айтсам, өле-өлгенше ұлымды арқалап бағармын-ау, бірақ қатарына қоса алмаспын деген тоқтамға келгенмін. Кейде мұндай бала менен басқа кімге керек деп іштен тынатынмын. Соған табандылықпен төзіп, өмір сүруге бел байлаған едім. Өс¬тіп жүргенде ойламаған жер¬ден осы орталыққа келдік. Үмі¬тім қайта жан¬ғандай. Баламның белсенді қимыл-қозғалысына қарап, оның өмір сүруге деген құлшынысы оянғанын байқадым. Әсіресе, музыкатерапевт сынды мамандар мені және ұлымның өміріне орасан зор өзгеріс енгізіп, күш-қуат, жігер сыйлады», – дей¬ді өзі жайлы мәліметтің құпия сақталуын қалаған жас ана.

Біз қазіргі қоғамда мұндай мысал¬дарды көптеп кездестіреміз. Оның бәрін айту шарт емес те шығар. Бірақ, тақырыпқа тұздық болсын деп біреуіне тоқталған едік. Соның өзінен түйгеніміз, заманауи бағыттағы жаңашыл мамандық – музыка терапия кә¬сібін нәсіп еткендер бізге сөзсіз керек-ақ. Олай деуімізге мұндай дерт соңғы жылдары Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша белең алып келеді. «Балалар¬ды оңалтудың ұлттық орта-лығының» менед¬жер-кеңесшісі Мейрамгүл Сай¬полдамен болған әңгіме осындай ой түюге жетелейді.

– Жалпы, кеңес заманында мұндай дертке (балалардың це¬ребралды сал ауруы, ДЦП)» ұшыраған балалар болса да, көп жағдайда ол туралы ашық ай¬тылмаған шығар деп ойлаймын. Бұл мәселеге қатысты нақ¬ты статистикалық дерек пен оның себебін дөп басып айту қиын¬ның қиыны. Ақиқаты сол – дерт меңдеп, сырқат балалар саны жыл өткен сайын еселенуде. Оған экологиялық жағдай мен климаттың өзгеруі, адамзат баласының қорек етер азық-тү¬лік өнімдері сапасының төмендеуі, адамдардың денсаулықты күтіп ұстауға атүсті қарауы секілді мәселелер әлемдік тәжірибеде көп айтылады, – дейді маман.

Автор:
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»