Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Арқалаған жүгі – асқаралы таудай


22 июля 2016, 06:54 | 769 просмотров



Жоғары оқу орындарында ғылым мен білімді ұштастыру қай кезде де басты мәселе болып саналған десек, бұл ретте «Астана медицина университеті» АҚ-ның биохимия кафедрасы ғалымдары мен оқытушыларының отандық ғылымды дамытуға сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған химия ғылымдарының докторы, профессор Аманкүл Сейтембетова есімі Қазақстандағы отандық дәрі-дәрмектер мен препараттар өндірісін өркендетуге айтарлықтай үлес қосқан сондай танымал ғалымдар қатарында.

Еліміздің солтүстік өңірі мен Орталық Қазақстан қойнауы қа¬шаннан емдік қасиеті мол шөп¬тер мен өсімдіктерге бай құ¬нар¬лы мекен саналады. Мысалы, ға¬лым-мамандардың Қарағанды «Фитохимия» халықаралық ғы¬лыми-өндірістік холдингі (директоры ҰҒА академигі Серғазы Әдекенов) жетекшілігімен бірлесіп шығарған дәрі-дәрмектерінің дені осы аймақтардағы өсімдіктер сы¬ғындыларынан алынған. Атап айтқанда, Астана медици-на уни¬верситеті ғалымдары қа¬тысуымен қатерлі ісікке қарсы «Арглабин», «Салсоколлин», «Сау¬салин», сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына қолданылатын «Ате¬ролид», «Экдифит» препараттары өндіріске енгізілді. Отандық өнім-дердің аттары қазірдің өзінде алысқа ұзап, шетелдік әріптестері тарапынан жоғары бағалануда. «Арглабиннің» шипалық қасиеті Германиядағы «Леонардис Кл謬ник», АҚШ-тың Хьюстон шта¬тындағы «Нью Онколоджи Лабз», Мәскеудегі Н.Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми ор¬та¬лықтарында дә¬лелденгені – Қа¬зақстан фармацевтикасы үшін үл¬кен жетістік.

«Бүгінге дейін оның көмегі¬мен 2500-ден астам адам емделіп, клиникалық қолданыста 76 па¬йызда оң тиімділік берді. Қазір ты¬қыр жусан өсімдігінен алынған сесквитерпенді лактон субстанциясы негізінде тамыр жүйесі арқылы жіберуге арналған лиофилденген түрі де шығарылуда» дейді ақпарат деректері. Мұны айтып отырғанымыз, көбіне өнім өндірушілер туралы көп мағ¬¬лұмат берілгенмен, есесіне, ғалымдар еңбегі тасада қалып қойып жататыны өкінішті. Себебі, сығындылар «Фитохимия» өнім¬деріне айналғанға дейінгі аралықта атқарылатын басқа жұмыстар толып жатыр. Мысал үшін айта¬тын болсақ, бір препаратты жасап шығаруға көптеген мамандар қатыстырылады. Алғашқы кезеңде ботаник ғалымдар та¬қыр жусан, түймедақ, т.с.с дала өсім¬діктерін жинап, сығын-дыла¬рын әзірлейді. Екінші кезекте биохимия кафедрасының ғалым¬дары лабораториялық зерттеу жұ¬мыстарымен, яғни олардың құрамындағы антиоксиданттық қасиетті анықтаумен айналысады. Ғалыммен әңгімелескенімізде, мұндай аса ауқымды ізденістер үшін университетте арнайы био¬химиялық зертхана ашыл¬ғанын, алдағы уақытта мұны аккредита¬циядан өткізуге дайындық жұ¬мыстары қолға алынғанын айтты. Өйткені, бұл келешекте халықпен тығыз жұмыс істеу үшін, тапсырысты мүдіріссіз қабылдауға, нәтижелерді жақсартуға және ғылыми жетістіктерді халық¬аралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретіні тілге тиек етілді. Бүгінгі таңда зертханада спектрофотометр, фотоэлектрокалориметр құрылғылары мүлтіксіз қызмет етумен қатар, мұнан кейін де тех-никалық жабдықтар заманауи та¬лапқа сай жаңғыртыла беретінін жеткізді.

Аманкүл Жақайқызын алаң¬дататын тағы бір түйткілді мәселе – кейбір дерек көздері бойынша қазіргі таңда Қазақстанда он¬кологиялық аурудың әртүрлі этилогиясымен науқастанған 250 мыңнан астам сырқат тіркелген екен. Осы ретте кафедра мамандары адам ағзасындағы қартаю, күйік шалу процестерін, қатерлі ісік ауруларын тоқтататын препараттарды ойлап табумен үздіксіз айналыса беретінін алға тартты. Мәселен, «Арглабинге» сұраныс жылына 5 миллион ампуланы құрауы отандық өнімнің сапалық деңгейі өсе түскенін көрсетеді. Бұл дәрі әлемнің 11 елінде патенттелген екен. Демек, Қазақстан ғалымдарының жетістігі әлемдік бәсекеде жоғары бағаға ие деген сөз. Бұл орайда ғылыми ізденістер ауқымының жылдан жылға ұл¬ғаюы қуантады.

Бүгінде 225-тен астам ғылыми еңбектер мен монографияның авторы туралы сөз қозғағанда, медициналық ЖОО студенттері үшін 1994 жылы қазақ тілінде жарық көрген «Биохимия» оқу құралына айрықша тоқталудың жөні бар. Кейін 2007 жылы бұл еңбек толықтырылып қайта басылып шықты. Бір айта кететін жайт, 2006 жылы мемлекеттік стандарт қабылданған кезде оқу құралы типтік бағдарламада қବзақ тіліндегі негізгі оқулық болып табылды. Мұнан бөлек «Биохимия сұрақтары мен жауаптары» оқу құралы мен он шақты оқу-әдістемелік материалдарын шығарған ғалымның мәскеулік әріптесі Е.С.Севериннің ЖОО студенттеріне арналған «Биохимия» кітабын қазақшаға аударуы айтарлықтай үлкен жұ¬мыс болып табылады. А.Жа¬қа鬬¬қызының орыс ғалымы А.Киш¬¬¬-кунның «Клиникалық ла¬бора¬ториялық диагностика» атты ең¬бегін тәржімалауы да қазақ тілді жас мамандардың игілігі үшін баға жетпес құндылық саналады. Әдетте, медицина қызметкері үшін адамға дұрыс диагноз қоя білу ең бірінші орында тұрады. Өйткені, еңбектің нәтижесі тікелей осыған тәуелді. Ғалым сондықтан бұл кітап тек ЖОО студенттері үшін ғана емес, сондай-ақ жас мамандар мен медицина қызметкерлеріне өте пайдалы еңбек деп бағалайды.

Орта мектепті күміс медальмен бітіргеннен кейін Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атын¬дағы мемлекеттік педагогикалық инс¬титутының жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, «Химия және биология пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан Сыр майталманының одан кейінгі бүкіл саналы ғұмыры Қазақстан ғылымын дамытумен ұш¬тасып жатыр. Атап айтсақ, 1971жылы Мәскеу қаласындағы КСРО ҒА элементорганикалық қо¬сы¬¬лыс¬тар институтының реакциялар механизмдері лаборатория-сына стажер-ізденуші ретінде оқуға жіберілсе, ал 1973 жылдан бас¬тап институттың «эле-мен¬т¬органикалық қосы¬лыс¬тар химиясы» маман¬дығы бйынша аспирантурада білім алды. 1979 жы¬¬¬лы Аманкүл Жақайқызы «ѴI в топтың өтпелі металдар¬ы¬ның цик-лопентадиенилидтік және пентафульвендік лигандтарымен П – комплекстерін синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеу» та¬қырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын КСРО ҒА эле¬мен¬торганикалық қосылыстар институтының диссертациялық қорғау ғылыми кеңесінде табыс¬ты қорғап шықты. Ғалымның бірқатар еңбектері халықаралық басылымдарда жарық көрді. 2003 жылы докторлық диссертациясын қорғаған білікті маманның жетек¬шілік етуімен 4 кандидаттық диссертация (Құлмағамбетова Э.А., Зейнулдина А.С., Яковенко Г.И., Ахмедьярова Э.А.), ондаған диплом жұмыстары қорғалды. Ғалым еңбегі еленіп, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрметті ұстаз» төсбелгілерімен марапатталды, А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалінің ие¬гері атанды. Сонымен қатар, уни¬верситеттің «Үздік дәріскері», «Үздік тәлімгер-2012» дипломда¬рын иеленіп, 2011-2012 оқу жыл¬дарындағы кәсіби қыз¬меттерінің қорытындысы бо¬йынша Аманкүл Жақайқызы Астана медициналық университе¬ті¬нің теоретикалық кафедралары арବсында «Үздік тәлімгер» ата¬лымының жеңімпазы атанды. Қазіргі кезде профессор А. Сей¬тембетова 40 жылға жуық ғы¬лыми-педагогикалық қызметін уни-верситеттің жалпы және био¬логиялық химия кафедрасында жалғастыруда. Өмірлік жары Талғат Сейтембетов те – химия ғы¬лымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі. От¬басы шаттығына бөленген аяулы ананың гүлдей құлпыртып өсірген қыздары да бір-бір саланың білікті маманы. Әлия – экономист, ал Айнагүл Астана медициналық университетінде клиникалық бөлімнің басшысы. Олар да отбасын құрып, өмірден өз орындарын тапқан. Былайша айтқанда, ғылым мен білімді ұштастырып жүрген жандар көп, ал енді ғы¬лым, білім және соған қоса отбасы құндылықтарын, қасиетті үш арбаны қатар сүйреу өте сирек кездесетін құбылыс. Қазақ әйелінің бойынан осы үш қасиеттің бірдей табылуы қандай ғанибет десеңші!

Автор:
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан» Суретте: ғалым Аманкүл Сейтембетова