Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛІМІЗДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?


23 апреля 2010, 04:37 | 1 620 просмотров



Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, көрсетіліп келе жатқанындай, елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілуде.Үкімет бекіткен бірден-бір дәрі тасымалдаушы медициналық мекеме препараттармен толыққанды қамтамасыз ете алмай отыр.

«СК – Фармация» әкімшілігі сәуір айының басында 10 күн ішінде барлық ауруханаларды аса қажет деген дәрілермен қамтамасыз етеміз деп уәде еткені де белгілі. Бір ғана мысал келтіре кетер болсақ, Солтүстік Қазақстандағы емдеу мекемелері өздеріндегі қордағы дәрі-дәрмекпен әріптестерімен бөлісуде көрінеді. Тіпті, қарызға да алып жатқан сыңайлы. Ал, тегін берілетін препараттар мүлде жоқ деп айтса да болады.

Солтүстік қазақстандық барлық ауруханалар Денсаулық сақтау министрлігіне өткен жылдың қазанында қажетті деген дәрілерге тапсырыс берген екен. Аталмыш тапсырыс үстіміздегі жылғы ақпанда толық орындалмақ-ты. Өкінішке орай, сұраныс іс жүзінде орындалмай қалды.

-Аурухананы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бізге өте қымбатқа түсті,-дейді Солтүстік Қазақстан облыстық периноталды орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова. - Тірнектеп жинаған қаражатты жаңа қондырғылар, басқа да керекті материалдар аламыз деп жоспарлаған едік. Енді не істемекпіз,- дейді бас дәрігер.

Ел дәрігерлері сәуір айының бас кезінен препараттар жеткізіле бастады дегенді айтады. Бірақ, бұл тапсырыста көрсетілген препараттардың үштен бір бөлігі ғана.Тіпті, көптеген емдеу мекемелерінде ем-дом алып жатқан пациенттер кепілді, тегін берілетін дәрілерді өз қаражатына сатып алуда.

ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫН БАРЛЫҚ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ТАРТУДА

Дәрілер Республикамыздың барлық дерлік периноталды орталықтарына, жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларына тіпті алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету стансаларына жеткізілмей жатыр деген ақпарат бар.

Өскемендік дәрігерлер «СК – Фармациядан» толыққанды дәрі-дәрмек жөнелту жөнінде дабыл қағуда. Мұндай жағдай Ақмола облысының емдеу мекемелерінде де орын алған. Павлодарда анестезияға қолданылатын «Миорелаксант» мүлдем жетіспейді. Шымкенттегі хирургиялық мекемелерде наркоз тапшы.

ҚҰЗЫРЛЫ КОМПАНИЯ НЕ АЙТАДЫ?

«СК-Фармация» ЖШС – нің басшысы Парламент депутаттары алдында дәрі-дәрмек жеткізудегі орын алған кемшіліктер турасында есеп берді. Аталған құзырлы кәсіпорынның басшысы тіпті препараттардың жетіспей қалуына тікелей дәрігерлер кінәлі деген уәж айтады. Кампанияның бас директоры Вадим Зверьков дәрілердің не себепті жеткізілмей жатқандығын айта келіп, таяу күндері еліміздің барлақ ауруханалары қажетті препараттармен қамтамасыз етіледі деп сендірді халық қалаулыларын. Ол сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС наурыз айынан бастап ел емдеу мекемелерін дәрілермен қамту басталды дегенді айта келіп, бүгінде оның 97 пайызы жеткізілді. Қалғаны жуырда тасымалданады деді.

Тағы бір айта кетерлігі, дәрілер жолда және «СК-Фармацияның»

қоймасында жатыр. Бұларды жедел қаптап, қажетінше жөнелту шарасы бастау алмақ көрінеді. Еліміздің барлық өңірлеріндегі туберкулезге қарсы диспансерілеріне қажетті вакциналар жіберілген. Бірақ, ол дәрігерлердің қолына қашан тиер екен?..

Қазақстандықтар препараттардың жетіспеушілігін қолдан жасалған дүние деп те айтады. Бүгінде дәрі – дәрмек ауруханалар-

ға жеткенше оның бағасы бірнеше есе шарықтайтын көрінеді. Мұндай жағдай Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орын алып отыр дегенді «КТК» телеарнасының «Портрет недели» бағдарламасы нақты деректерді келтіре отырып жеткізді.

Республикамыздағы жағдай біздің Алматы облысында да орын алып отыр. Деседе, денсаулық басқармасындағы, емдеу мекемелеріндегі басшылар қарап отырған жоқ. Мүмкіндігінше тығырықтан шығудың жолын қарастыруда.

Автор:
Ырыс АҚАДЫҚ К.Р.А.