Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ АЛАҢДАТАДЫ


23 апреля 2010, 04:36 | 1 657 просмотров



Бүгінде республикада 7590 жалпы білім беру мекемесі болса, олар да 2495898 оқушы оқиды. Соңғы жылдары мектептердің материалдық-техникалық базасы біртіндеп жақсарып келеді. Тек былтырдың өзінде еліміз бойынша 82 мектеп пайдалануға берілсе, «Жол картасы» бойынша мыңнан аса білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілген. Соған байланысты типтік ғимараттарда орналасқан мектептер саны 57 пайыздан 64-ке, оқушыларды ыстық тамақпен қамту көрсеткіші 57-ден 65 пайызға артқан. Солай десек те бір­қатар облыстарда мектептерді орталықтандырылған сумен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері жете шешілен жоқ. Сыныптағы оқушылардың тығыздығы да нормадан артық. Бұл өзекті мәселе, әрине, оқушылардың жұқпалы және паразитарлық аурулармен ауруына өз әсерін тигізуде. Әсіресе, эпид маусым ағымында оқушылар арасында ЖРВИ және тұмау мен сырқаттанушылардың үлес салмағы республикадағы барлық сырқаттанушылықтың 65 пайызын құрайды.

Бүгінде балалардың денсаулығы соншалықты жақсы деп айтуға келмейді. Неге десеңіз, балалардың 5 пайызының бойы, 5 пайызының салмағы стандарттан төмен. Ал 10 пайызының артық салмағы бар. Бұл жақсы емес. Республика бойынша мектептерде тамақтану мәселесі дұрыс шешімін таппаған. Соның салдарынан темір тапшылығы–анемия жиі кездеседі. Көктемгі кезде өте жиі кездесетін витамин жетіспеушілігінен түрлі аурулар асқынуда.

Автор:
Әзірлеген Тау ШҰБАР