22 апреля 2010, 22:35 | 2 286 просмотров
Алматыда М.Айқымбаев атындағы Қазақ ғылыми карантиндік және зооноздық инфекциялар орталығы базасында болашақта салынатын әлемдік стандартқа сай орталық референс-зертхана (ОРЗ) құрылысы басталады. Бұл жаңа зертхана Қазақстанның ерекше қауіпті патогендерінің қауіпсіздігін күшейтіп, Қазақстан және Орталық Азия ғалымдарының ғылыми ізденістерін арттырмақ.Мамандардың айтуынша, ОРЗ – адамдар мен жан-жануарлардағы инфекциялық аурулардың диагностикасы жөніндегі еліміздің бас зертханасы, әрі Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің ғылыми практикалық кадрлар даярлайтын, сондай-ақ ғылыми-зерттеудің халықаралық орталығы да болып табылмақ.Салынатын орталық референс-зертхананың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден, бұл зертхана тек қана қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы қандай да бір инфекция, соның ішінде вирус, бактерия бола ма, оларды өзімізде анықтауға, оның құрамын зерттеуге, сондай-ақ керекті вакцина, басқа қарсы тұратын дәрі-дәрмектерді шығаруға мүмкіндік тудырмақ. Негізінен зертхана екі түрлі басты қызмет атқарады. Біріншісі, ғылыми-зерттеу, оқыту болса, екіншісі, Қазақстанда бүкіл инфекциялық, биологиялық қатерлі аурулар осы жерде зерттеліп, қорғалып, сақталады. Зертханада үш салалық министрліктің 250-дей қызметкері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болады.